Классный час «Әкем, анам және мен»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қ. Әбдіғұлов атындағы жалпы білім беретін №34 орта мектеп-гимназиясы

Классный час «Әкем, анам және мен»

Жоғарғы санаттағы бастауыш сынып мұғалімі

Есхожаева Бақытгүл Берікбайқызы

№34 орта мектеп гимназиясы

Талдыбұлақ ауылы


Тақырыбы: Әкем, анам және мен


Тақырыбы: «Әкем,анам және мен»
Мақсаты: а) Балалардың дене қимылын дамыту, ұлттық ойындарға деген қызығу шылығын арттыру;
ә) шапшаңдылық, ептілікке үйрету, жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс
Қажетті құралдар: қап, ракетка, арқан, доп, скакалка, кубиктар, сыйлықтар;
Барысы: (Әуен ойнап тұрады)
Жүргізуші: Армысыздар, ата-аналар, ұстазар! Армысыздар, болашақтың бастауы, балғын шақты балалар!
Болашақ үшін қиындыққа қол созған соң,
Үміт күткен ел арманы қолдасын!
Бүлдіршіннің жүрегіне жол тартқан,
Ізгі ниет жақсы өнеге тозбасын,-дегендей бүгінгі «Әкем,анам және мен » атты спорттық отбасы сайысына қош келдіңіздер!
Береке де осында!
Мереке де осында!
Болып жатыр той-думан!
Қырандардың қосында!
Көңіл қойып қараңыз!
Жалындап тұр ғой баламыз!
Жарыссын кәне сайыскер.
Қол соғып қарсы аламыз!
Ортаға «Қырандар» тобын шақырамыз.
«Жүйріктер» командасын қарсы алайық.
«Достар» командасын қарсы алайық.
«Барыс» командасын қарсы аалйық.
(Әр команданы команда капитаны бастап спорт залға жүгіріп кіріп,өз орындарына тұрады).
Жүргізуші:
Ал,құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер!
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Жүргізуші:
Олай болса сайысымыздың бірінші кезеңі таныстыру. Әр команда өздерін және төс белгілерін таныстырады.
Жүргізуші:
Қазылар алқасы таныстырудың бағалары.
(Қазылар алқасы бағалары оқылады)
Жүргізуші:
Елімізге бақыт құсы қонсын кеп,
Тіршіліктің бар қызығын көрсін кеп.
Тілеп жүрміз кім-кімге де осы жыл,
Денсаулығын сәйгүліктің берсін деп!-сайысымыздың 2-ші кезеңі «Доп эстафетасына» кезек береміз. Ойынның шарты: барлық команда құрамы допты алып аяқтарының ортасынан беріп, қайтарғанда жоғарыдан береміз. Алдыңғы оқушылар артқа кетіп, орын ауыстыра береді.
Жүргізуші: Рахмет, қазылар алқасы сіздердің бағаларыңыз. (Бағалар оқылып,жалпы ұпай саны айтылады)
Жүргізуші:
Спорт-адамзаттың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық ерікті қасиетін дамытатын дене тәрбиесінің саласы. Олай болса бойымызға ерік-жігер беріп, 3-кезеңіміз «Кім жүйрік» жарысын тамашалайық.
Ойынның шарты: картон үстінен шықпай, жүріп өтіп, қайтарда жүгіріп келіп, орнымызға тұрамыз.
Жүргізуші: Қазылар алқасы бағаларыңыз. (Бағалар оқылып, жалпы ұпай саны айтылады)
Жүргізуші:
Салауатты өмір салтын сақтаймыз.
Жас құрбылар ерініп бос жатпаймыз.
Болашақтың биік тұрып төріне,
Нұрлы жолмен биік рухпен бастаймыз!-деп өлеңдете келе 4-кезеңіміз «Қаппен секіруді» тамашалайық. Шарты: команда құрамы кезектесіп қапты киіп кедергілер арасымен өту арқылы секіреді.
Жүргізуші:
Тамаша,қазылар алқасы бағаларыңыз. (Баға беріліп, жалпы ұпай саны айтылады)
Денсаулық-басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі,-деп сайысымыздың 5 кезеңі «Арқан тартысу. Ойынның шарты: Әр команда бір-бірімен арқан тартысады. Қай команда орта сызықтан асырып тартып әкетсе, сол жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Қазылар алқасы 5-кезең бойынша бағаларыңыз. (Баға беріліп, жалпы ұпай саны айтылады)

Жүргізуші:
Уақыт, уақыт, куәсің сен бәріне,
Нұр төгеді сиқырлы кітап біздерге.
Денсаулықтың әліппесі әрқашан,
Жыр шашады қуана мына еліне,-деген жолдармен сайысымыздың 6-ші кезеңі «Доппен жүгіру». Шарты: Допты аяқтың ортасына қойып кедергілер арасымен секіріп өтіп, артқа солай қайтып келу керек.
Жүргізуші: Қазылар алқасы 6 -кезең бойынша бағаларыңыз. (Баға беріліп,жалпы ұпай саны айтылады)
Жүргізуші:
Спорт-денсаулық кепілі десек, тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған спорттық шарамыз, біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден, сайысқа қатысқан әр оқушыға рухани және мәдени мереке сыйлайды. Сол мерекенің 7-кезеңі «Скакалкамен секіру». Шарты: Әр команда құрамы кезектесіп скакалка секіреді.Тоқтап қалған адам ойыннан шығып отырады.
Жүргізуші:
Қазылар алқасы 7-кезең бойынша бағаларыңыз. (Баға беріліп, жалпы ұпай саны айтылады)
Жүргізуші:
«Спорт-игілікті іс. Спортта мінез-құлық қалыптасады. Спортпен айналысқан адам ар-ұятқа тиетін іс жасамайды. Жастайынан спортпен айналысқан адам бүкіл ғұмыр бойы табысқа жетуге талпынады. Мен мұны өз тәжірбиемнен білемін»-деген екен елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.
Жүргізуші:
Салауат бағы баулиды бізді жақсылыққа,
Жетелейді елдің сәні ынтымаққа.
Денсаулықтың түсіндіріп әліппесін,
Жол салады айдын шалқар болашаққа.
Ендеше, осы денсаулықтың әліппесін әрқашан жадында ұстанатын белсенді де білгір, денсаулығы мықты, спорт десе, ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын, спортты сүйетін отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшелік.
(Қазылар алқасы марапаттап, сыйлықтар ұсынады)
Жүргізуші:
Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік! Спорттық сайысымыз осымен тәмамдалды. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көптен-көп рахмет! Келесі кездескенше аман болайық!



© 2010-2022