- Преподавателю
- Начальные классы
- Ю ю дыбысы мен әрпі
Ю ю дыбысы мен әрпі
Раздел | Начальные классы |
Класс | 1 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Орал А.Б. |
Дата | 28.11.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
1 сынып Әліппе Сабақ № Күні: Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Ю ю дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ю ю дыбысы мен әрпін таныту. Ю ю дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру.
Дамытушылық: Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттырып, достық қарым−қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер, қималар, заттар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Жаңа сабақ. Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Оқушыларға Ю ю дыбысы мен әрпін таныту.
Тақтаға ілінген суреттермен жұмыс. Суреттегі заттарды атау. Сол сөздер ішінен Ю ю дыбысынан бас талатын сөздерді тапқызу. Аю сөзіне дыбыстық талдау жасау. Осы сөздерге сөйлемдер құрау. Ю ю дыбысына анықтама беру.
- Ю ю − дауысты, қосарлы дыбыс.
- Ю ю дыбысы бар сөздер (сурет бойынша)
- Сөздерді буынға бөліп, буын санын анықтау.
- Дыбыстың сөз басында, ортасында, аяғында келетініне мысалдар келтіру.
Оқушыларға «Таңқурай мен қорбаңбай» өлеңін оқып беру. (тыңдай отырып ішінен ю дыбысы бар сөзді табу.)
Қызарып пісті таңқурай, Теріп жүр аю қалдырмай. Жапырып бәрін қоғадай, Қос қолдап келіп соғады-ай.
- Көшетін өзім егіп ем, -
- Деп қойып, аю ербеңдеп
- Жидекті соқты телмеңдеп.
Оқулықпен жұмыс. Мәтінмен жұмыс. «Ою», «Жақсы көрем» Мәтінді буындап оқу. Мәтінді мәнерлеп оқу. Мазмұнын айту. Жылдамдыққа оқуды жетілдіру.
Жазу үлгісімен жұмыс. Ю ю дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Байланыстыра жазу. Ауада жазу.
Ю әжем сырмақ оюлады. Ю аю ою қою тою.
Шығармашылық жұмыс. Сурет бойынша әңгіме құрастыру Рефлексия Бүгінгі сабақта мен ... үйрендім. Маған ... қызық болды. Маған ... қиын болды. Мен ... түсіндім
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.