Тарбие сағаты: Тәуелсіздік - ел тұғыры

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: "Тәуелсіздік - ел тұғыры"

Мақсаты:

1 Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы

ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.

2 Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.

3 Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.

Кіріспе

-Қазақстан Республикасының гимні. Хор.

(Боран, дауысы).

1-жүргізуші

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда ,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

-Тәуелсіздік-ел тұгыры атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Асау аттай өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге төрледі.

Мұғалім сөзі

1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды.

Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.

Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

1-оқушы Зален

Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.

Тәуелсіздік күресі енді басталды.

2-оқушы Назерке

Қатыгездік жұдырығы түйіліп,

Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып,

Желтоқсанда шықты үлкен алаңға

Ата-баба аруағына сыйынып.

3-оқушы Сафия

«Нашақор»-деп, «ұлтшыл»-деп,

Қазаққа күйе жаққан күн,

Базары кетіп, бір түнде

Қайғыға халық батқан күн.

4-оқушы Қазбек

Намыс үшін күрессең мазақтар кім?

Құлға айналу азабы азаптардың.

Қаны төгілді желтоқсан алаңында,

Бодандыққа көнбеген қазақтардың.

Көрініс

-Қайрат пен тергеуші

Тергеуші:

-Сен 13-желтоқсан күні, сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат

-Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде

Тергеуші

-Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.

Қайрат

-Мен оны көргенім жоқ

Тергеуші

-Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.

Қайрат

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген затым бар.

Қазақ деген атым бар.

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар... (сүйреп әкетеді).

Интербелсенді тақтадан "Желтоқсан желі"әнін тыңдау

5-оқушы Аяулым

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты ұшқан күн.

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Мұғалім сөзі

-Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы , бостандығы егемендігі үшін күресті.

-Мың рет естігенше бір рет көр демекші назарымызды интнрбелсенді тақтаға бұрайық.

6-оқушы Гаухар

Өктем билік қаралады, даттады,

Бірақ Алла ақиқатты жақтады.

Назарбаев атамды жұрт қалады.

Түсті амалсыз Колбин деген атақты.

7-оқушы Ұлан

Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,

Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.

Содан барып, тоңды еріді кеңестің

Содан кейін еркіндікті бастадым,

8-оқушы Нұрлы

Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.

9-оқушы Ердаулет Салауат

Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,

Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.

Отан үшін отқа түссең күймейсің,

Ізбасары болмай елге жақпаймыз.

10-оқушы Даяна

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.

Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1-минут үнсіздік)

11-оқушы Зарина

Астана біздің сәніміз,

Білім біздің нәріміз

Азат елдің тірегі

Болайықшы бәріміз.

Нұр атаның жолдауы

Халықтың оны қолдауы

Бақыты үшін елінің,

Болмайды еш сөз дауы!

Хор"Менің Отаным"

Тәуелсіздіктің шыңы интнрбелсенді тақтадан қарау

1. 1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.

2. 1992ж. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.

3. 1993ж. 15-қарашада -Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі.

4. 1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.

5. 1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының жарыққа шығуы.

6. 1998ж. Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы.

7. 1999ж. Ұлттық тұрғындар санағы.

8. 2000ж. Мәдениет жылы.

9. 2002ж. Денсаулық жылы.

10.2003ж. Ауылды дамыту жылы.

11.2004ж. Парламент мәжілісінің кезекті сайлауы.

12.2005ж. 4-желтоқсанда Бүкіл халықтық Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы.

13.2006ж. «Қазақ елі» монументінің ашылуы.

14.2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі туралы шешім қабылданды.

15. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.

16. 2009ж. 25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.

17. 2011ж. Қаңтар -ақпан айларында ҚР. Халықаралық Азияда ойындары өтті.

18. 2012ж. 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.

Хормен Қазақстан Туымен тұғырлы,

Елтаңбасы мен Еңселі.

12-оқушы Ілияс

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О тәңірім бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр.

13-оқушы Әнел

Желдей еркін, түздей кең қандай азат,

Мен қазақпын деген де қандай ғажап.

Мақтан етсін халықтар халықтығын

Жетер сан жыл шеккені азап.

14-оқушы Іңкәр

16-желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Жасай берсін ұлы күн,

Үміті боп елінің.

15-оқушы Алуа

Жарқырап атар таңы бар,

Жарқылдап айтар әні бар.

Әні бар, теңіз дәні бар,

Айналдым сенен Отаным!

16-оқушы Сагындык

Жүрегі толы отпенен

Арманмен өсіп көктеген

Ертеңге нұрлы беттеген

Айналдым сенен Отаным!

17-оқушы Думан

Қуанбас ем күлмес ем,

Отан сені сүймесем

Сенің арқаң гүлденсем

Анам да сен, үй де сен.

18-оқушы Нұрай

О, Отаным сен маған,

Өмір бердің шуақты,

Білек бердің талмаған

Жүрек бердің қуатты.

Сол қуатпен от қоссам,
Өзіңнің бір шоғың боп,

Керек етіп оқтасаң

Атылам бір оғың боп.

Хор "Білуге құштармыз"

19-оқушы Мадина

Біздің қазақ мықты ғой,

Тәуелсіз ел атанған.

Желтоқсан деген көтеріліс

Жан аямау Отаннан.

Сескенді бүкіл өктемдік,

Жеңіске сол ғой жеткендік.

Орыс боп кете жаздаған

Кеңестік кезді жек көрдік.

20-оқушы Жанбота

Елім барда еңсем биік менің де,

Өйткені мен жүрмін туған жерімде.

Тілім, дінім досым, барлық бауырым

Бәрі менің жүрегімнің төрінде.

21-оқушы Ердаулет

Елім барда, мен де бармын өмірде,

Жұлдызың боп жарқырармын көгінде

Отан үшін, елім үшін от кешем,

Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.

22-оқушы Ұлболсын

Елім бар да мен бақытты ұланмын.

Елім сүйсе, сенімінен шығармын.

Елім менің көтермесе елдігін

Намысымның биігінен құлармын.

Мұғалім сөзі

Халқымыздың егемендік жолында құрбан болғандарын дәлелдеп желтоқсан қаһармандарын ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа Ахмет сынды ағаларымыз көп еңбек етті.

23-оқушы Нұрхан

Әділдікті қолдаймыз

Жазықсызды қорғаймыз

Құрбандарды ақтауға

Жаратылған жандаймыз.

24-оқушы Ақжол

Ашылмаған шындықтың,

Іздеп жүрсіз жауабын,

Неше түрлі сұмдықтың

Біліп обал сауабын.

25-оқушы Саяна

Қайратты жан екенсіз

Ақтатқан батыр Қайратты

Желтоқсанда қазақ та,

Сіздей ермен ардақты.


Көрініс

«Даянаның хаты»

- Даяна сен не жазып отырсың?

-Мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атама хат жазып отырмын.

-М-м-м.







Құрметті Нұрсұлтан ата!

Сізді бүкіл еліміз жақсы көреді. Елге сіңірген еңбегіңізді

ата-аналарымыз ауыздарынан тастамай үлгі етіп айтып отырады.

Біз онсыз да сіздің ерлік істеріңізді жақсы білеміз. Сіздің өміріңіз қашанда бізге үлгі. Өскен соң біз де сіз сияқты «Халықтың ұлы болғымыз келеді». Сіздің ел алдындағы беделіңіз, дүние жүзіндегі абыройыңыз біз үшін мақтаныш. Өміріңіз ұзақ болсын, ата! «Бала

болашағымыз» деп өзіңіз айтқандай, жыл сайын бізге жақсылық жасап ортамызда жүре беріңіз. Сіз ортамызда жүрсеңіз, біз де сондай бақыттымыз. Келешекке сеніміміз мол. «Тәуелсіздігіміздің 24жылы құтты болсын»!

Мұғалім сөзі

-Иә төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде «Тәуелсіздік таңы» атты. Ендеше Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, деп тілейік.

.

"Қазақ биі"орындайтын Жиенғали Зарина

Мектеп әкімшілігіне сөз беріледі.

© 2010-2022