Открытый урок по Ана тілі на тему Қайсар

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Садвакасова Кульшай Аримбековна

ҚР Білім беру ісінің үздігі,

Бөдене орта мектебінің мұғалімі,

Бөдене ауылы,

Бесқарағай ауданы,

Шығыс Қазақстан облысы


Ана тілі

2-сынып


Сабақтың тақырыбы: «Қайсар» Мақсаты: 1) Білімділік: Мәтін талдауға, шығармашылық жұмыс жасауға машықтандыру. Аймақтық компонентті пайдалану. 2) Тәрбиелік: Өнерге баулу. Ұжымдық жұмыс арқылы өзара татулыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. 3) Дамытушылық: Оқу, сөйлеу дағдыларын, ой-қиялдарын дамыта түсу. Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, т.б. Әдіс - тәсілдер: оқу, талдау, «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы стратегияларын пайдалану, сурет салу және мүсіндеу, аймақтық компонентті қолдану. Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, информатика. Түрі: шығармашылық сабақ. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық тренинг. Шеңберге тұрып, сәлемдесу:

  • Амансың ба, алтын Күн!
  • Амансың ба, көк Аспан!
  • Амансың ба, Жер - ана!
  • Амансың ба, достарым!
Бір -біріне жүрек ұсынып, тілек білдіру. ІІ. Жаңа сабақ. Тақырыпты хабарлау. («Қайсар») «Ой қозғау».
  • Қане, кім қайсар деген сөзге мағынасы жуық сөздерді айтып жібереді?
  • Өжет, төзімді, шыдамды, батыл, тайсалмас, т.б.
Ұстамды, тайсалмайтын батыл, өжет болсын деп кісіге де Қайсар деген есім береді. (Кітап суретін слайдтан көрсете отыра мәтінді оқу - 191 бет). Енді талдау жұмысына кірісейік:
  • Осы әңгімеде қандай ағаш туралы айтылып отыр?
  • Қарағай ағашы туралы.
(Слайдтан көрсету) Мынау - қарағай ағашы мен оның бүршігі. Қарағай - қылқан жапырақты ағаш, яғни жапырақтары тікенді, ине тәрізді, жасыл ағаш, ол биікке бойлай, тігінен өседі. Көктемде гүлдейді, бүршігімен аң - құс қоректенеді. Қарағайлы орманда түрлі құстар, тиін, боршатышқандар көп болады. Қарағай - құрылыс материалы.
  • Қарағай ағашы біздің өлкемізде өсе ме?
  • Өседі. Бұл ауданымыздың Бесқарағай деп аталуынан-ақ белгілі. Онда қарағайлы орман бар. Біз оны мақтан етеміз. Орманды өрттен, бүлдіруден сақтауға тырысамыз.
  • Қарағайдан басқа тағы қандай ағаштар кездеседі?
  • Қайың, терек, тал ,шырша, т.б.
  • Осы мәтінде қысқы аязды қалай суреттеген? (оқу)
  • Әңгімеде аяздан ықпаған қарағай туралы не айтылған?
Қарағай аязға мыңқ етпейді, иілікпейді, ықпайды. Ол өзінің қауқарына, күш-қуатына сенеді. Қайсарлығы жебейді. Төзімділігіне айналасындағылар қызыға қарайды. Табанды қылығымен маңындағыларға дем береді. Өзіне қызығушыларды асқақ кескінмен қайсарлыққа шақырады. Қарағай - ағаштардың өнеге тұтар, тәлім алар, қайсарлыққа үйретер үлгісі. - Сол асқақ қарағайдан қайсарлықты үйренетін ағаштың бірі - қайың екен. (Слайд көрсету арқылы қайыңның қасиетін айту) Қайың - сымбатты да сұлу, қабығы аппақ, жапырақты, гүлі сырға тәрізді ағаш. Одан - үй жиһазы, қабығынан - ыдыстар жасалып, себет тоқылады. Сыпыртқыш, дәрі - дәрмек, шырын, фанер жасайды. Енді осы екі ағаштың ортақ белгілерін Венн диаграммасына түсірейік:

Ағаш, тірі табиғат, өсімдік; мүшелері бар; ауаны тазартады; көлеңке, сая; әдемі; отын.

Қайың Қайың

ааапаҚҚайың

Қарағай








-Балалар, өз туыстарыңның, достарыңның қайсарлығы жөнінде шағын эссе құрастырып көріңдерші. Оны «Автор орындағанда» оқу. Еркежан: Менің әкем сабырлы, салмақты адам. Бізге әрқашан қамқоршы, әкем ауырып қалған кезінде шыдамдылық, төзімділік, қайсарлық көрсетеді. Мен әкемді мақтан етемін. Алдияр: Менің әжем өте қарапайым кісі. Балаларын, енді бізді -немерелерін қарап, өсіріп отыр. Мінезі табанды, ақылды. Біздің еркелігімізді көтеріп, ақыл айтады. Мен әжемді жақсы көремін. Сыйлаймын. Нұрболат: Менің әжем іскер кісі. Ою ояды, киім тігеді. Жасы 70-ке келсе де, шаршамайды, ерінбей - жалықпай құрақ құрайды, әдемі көрпе жасайды. Бұл да қайсарлық мінезден шығар... Топтық жұмыс: (2 топқа бөлу). Тапсырмалар: 1-топ: «Сурет» орталығында Бесқарағай орманының ағаштарын салып, бояу. 2 - топ: «Мүсіндеу» орталығында қайсар қарағайды ермексаздан жасау, әр топ лидері белгіленіп, жұмыстарын қорғап шығу. Қорытынды: Рахмет, балалар! Талаптарыңа нұр жаусын! Табиғатты қорғаңдар. Ағаштар мен гүлдерді сындырмаңдар, көкті жұлмаңдар. Оларды көбейтіп, егіп, өсіріңдер. Қамқор болыңдар. Бойларыңа қайсарлық қасиетті дарыта біліңдер. «Өзіңді бағалау» парақшасын толтыр. Үйге тапсырма беру.



© 2010-2022