1 сынып К дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалімнің

аты -жөні

Пән аты

Өтілген күні

Қайырбаева Ғ

Сауат ашу

28.10.15





Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Дауыссыз К дыбысы мен әрпін таныту, жаңа сөздерді оқи, жаза білуге үйрету.

Міндеттері:

1 Дауыссыз К дыбысы мен әрпін таныту, жаңа сөздерді оқи, жаза білуге үйрету.

2 Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

3 Кітап оқуға, кітапты құрметтеуге, табиғатты қорғауға баулу.

Көрнекілік: К-дыбысына байланысты заттардың макеті,

Сабақтың түрі:пысықтау сабақ

Әдіс-тәсілдері:ойын,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.

Біз біргеміз

Сөгілмесн іргеміз

Ізденсек бірге бәріміз

Жетерміз білім шыңына

ІІ.Өткен сабақты еске түсіру.

- Өткен сабақта кандай дыбыспен, әріппен таныс болдық?

- Кк дыбысымен, әрпімен.

- Оқулықты оқыту. Тез әрі сауатты оқиық.Е дыбысына қатысты тақпағымызды еске түсірейік.

Жарға шығып ойнайды,

Ойынға бір тоймайды.

Болса-дағы сақалы

Секеңдеуді қоймайды

(ешкі)

Жаңылтпаш жаттау. Тіл ұстарту жаттығуы.

Шеше,шеше неше кесе сынды кеше.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Ой қозғау. (жұмбақтың жауабын шешу)

Буынға бөлу:Көбелек. Көбелек сөзі қай әріптен басталып қай әріпке аяқталып тұр? (К)

Бүгін к дыбысымен танысамыз.

  1. К- баспа әрпі көрсетіледі.

К - дауыссыз дыбыс.

3. Мынау не? -

Мынау киіз үй. Сендер киіз үй туралы не білесіңдер ме? (Ол таулы жерлерде құруға ыңғайлы). Жаз мезгілінде тауда шопандар киіз үйде тұрады.

  • Мынау не? -мынау- кесе

  • Мынау не? - мынау- кәмпит

  • Мынау не? - мынау- күріш

  • Мынау не? - мынау- кебеже. Кебежеге тағамдар, ыдыстар салынады.

(кесе, киіз үй, күріш, кәмпит) сөздері қай әріптен басталып тұр? К-ден басталады.

К сөздің басында келеді.

  • Мынау не? - мынау- мектеп. Мектепте білім аламыз.

  • Мынау не? - мынау- сөмке.

  • Ал, мынау қай сан? - екі. Екі қандай баға?

К сөздің қай жерінде кездеседі? (ортасында).

  • Мынау не? - мынау- шелек.

  • Мынау не? - мынау- шәйнек.

  • Мынау не? - мынау- әйнек.

К әрпі сөздің қай жерінде кездеседі? К- сөздің соңында кездеседі.

Өте жақсы. К дыбысы сөздің барлық буынында кездеседі.

5. Енді бағандағы сөздерді оқиық.

Кеме - кеме суда жүзеді. Ол ағаштан жасалады.

Кесе - ыдыс.

Терек - ағаш.

Шелек - ыдыс.

Мереке - мейрам.

Береке - ырыс

Кебеже - ыдыс, тамақ салады.

Текемет - еденге жаяды. Ол киізден жасалған.

«Орным қайда?» ойыны.

Тақтадағы буындардан сөз құрайық.

Ке ме - к дыбысы қай буында кездескен? (к 1 буында)

Те рек - (2- буында, сөз соңында)

Ше лек - (к- сөздің екінші буынында тұр)

Ке се - (к- сөздің басында, 1- буында тұр)

6. Сергіту сәті.

Қызыл, сары, қоңыр, көк

Алуан-алуан көбелек.

Торға түсіп қалмашы

Торғайға жем болмашы.

7: Дәптермен жұмыс.

- К әрпін жазып үйренейік. К - балалар қаламды қолға алып, к әрпін ауада жазайық. Енді дәптерге жазыңдар!

Тақтаға сөздік диктант жазу. Кесе, кеме, кебеже, шелек.

8. Оқулықпен жұмыс.

«Кеме» мәтінін оқу. Мынау- кеме. Кеме- ағаштан жасалады. Кеме- суда жүзеді. Кемені балықтарға қарап жасаған.

9. Мәтін мазмұнын сұрау.

Қорытынды:

Көбелектерді гүлдерге қондыру арқылы оқушылар сұраққа жауап береді.
-Бүгін қандай дыбыспен таныстық? (К)
-Қай әріпті жазып үйрендік? (К)
-К қандай дыбыс? (дауыссыз)

-К дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? (басында, ортасында, соңында)
Бағалау (мадақтау)
Үйге тапсырма. К дыбысы. Кеме мәтінін оқу.
Тосын сый (кітап)



© 2010-2022