Математика Тақырыбы: Қосу және азайту

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тақырыбы: Қосу және азайту Мақсаты:
  1. Оқушылардың есептер шығару, теңдіктер құрастыру, өрнектерді салыстыру,
сандар құрамын анықтай білу дағдыларын бекіту;
  1. Логикалық ой - өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру;
  2. Оқушыларды ұйымшылдыққа,, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, ойын. Сабақтың көрнекілігі: суреттер,карточкалар, фигуралар,интерактивті тақта. Сабақтың типі: пысықтау Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Психолгиялық дайындық Қайырлы таң достым Қайырлы күн болсын. Аптаның әр күні Сәттілікке толсын! ІІ. Қызығушылықты ояту «Өз орныңды тап» ойыны. -Бұл сандар қалай аталады? (натурал сандар) -Тақ сандар, жұп сандар қатарын көрсету. Жаңа сабақ -Балалар тақтада қандай геометриялық пішіндерді көріп тұрсыңдар? -Ұшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, шеңбер, шаршы. Сол пішіндерде жазылған өрнектердің мәнін ауызша табайық. (слайд) - Ал балалар, мына суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? - Қыс мезгілі. Дұрыс. Суретте нелерді көріп тұрсыңдар? - Күн, бұлт,аққала, шырша, қоян,құстар, үй. Осы суреттердің әрқайсысының артында сендерге арналған тапсырмалар бар. Тапсырмаларды орындауға дайынсыңдарма? Күннің тапсырмасы: (слайд) Математикалық диктант
  1. Азайғыш 5 азайтқыш 3 айырманың мәні нешеге тең?
  2. Қосылғыш 2, қосылғыш 4 қосындының мәні нешеге тең?
  3. Ең үлкен бір таңбалы сан.
  4. Айдоста 7 шар, Шыңғыста одан 2 шар кем. Шыңғыста неше шар бар?
5.7санынан кейін тұратын сан. (слайд) Бұлттың тапсырмасы: Бұлттарда жазылған сандар: 2, 6, 1, 9, 4, 7, 0 9, 4, 2, 10, 5, 3, 1 1-қатардағы сандарды өсу ретімен, ал 2-қатардағы сандарды кему ретімен жазады. Сергіту сәті (слайд) Шыршаның тапсырмасы: (слайд) Сандар құрамын анықтау.
  • қатар - 8 саны
  • қатар - 9 саны
  • қатар - 10 саны

Қоян тапсырмасы: (слайд) Сәбіздерді « жинауға көмектесейік» ойыны 10 - 0 7 - 2 8 + 2 6 + 1 3 - 1 8 - 3 Аққаланың тапсырмасы: сурет бойынша ауызша есеп құрастыру. Оқулықта берілген суреттер бойынша есептер құрастыру Теңдіктер, теңсіздіктер құрастыру 4 + 2 = 6 6 - 2 = 4 2 + 4 = 6 6 - 4 = 2 Құстардың тапсырмасы: кестені толтыру Қосу мен азайтуға берілген кестені әр оқушы жеке орындайды. (слайд) ІІІ. Қорытынды - Балалар біз есептер шығарып отырып, қай жыл мезгілі туралы айттық? - Қыс. - Қыс мезгілі сендерге ұнай ма? - Қыс туралы қандай өлеңдер білесіңдер? Қатысқан балаларды мадақтау


© 2010-2022