Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Джексембинов Серижан Беркутбаевич Мұғалім портфолиосы А есебі «Өрлеу» БАҰО »АҚ Филиалы III деңгей «АОБПҚБАИ » 16.04. 2014 ж

Алматы қаласы 1-топ

Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрену Сыни тұрғыдан ойлау « ойлау туралы ойлану » деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Базалық деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі:

  • релеванттық ақпараттар жинауды;
  • дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды;
  • кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;
  • ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.
Оқыту мен білім беруді сыни тұрғыдан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, қарастырылмаған болжамдар мен құндылықтарды, мәселелерді мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, басымдылықтарды бекітудің маңыздылығы мен міндеттерді шешудегі артықшылығын түсінуді қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлау мен мәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлаудың дағдылары төмендегідей сипатталады:
  • бақылау;
  • талдау;
  • қорытынды;
  • интерпретация.
Қазіргі уақытты барлық ғылымдардың зерттеулерінде ана тілі сабағында диалогтік әдісті қолдану өте тиімді. Ана тілі сабағында тартымды, қызықты жаттығулар орындау барысында, ойды дамытып тартымды әрекетке айналдыру мұғалімнің бүгінгі күнгі басты міндеті болуы керек. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы негізінде өткен сабақтар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға жұптық және ұжымдық бірлесіп жұмыс жасауға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Ең бастысы оқушы білімінің тереңдігі мен тиянақтылығын арттырады. Сыни тұрғыдан ойлау - бұл саналы мағынаны іздеу өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да объективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор. Сыни ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.

Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есепТізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп

Өзін-өзі реттеу Қашықтықтан оқыту мерзімі басталғанда 3 оқушыны бақылауға алдым. Алғашқы бақылау кезінде оқушылардан сауалнамалар алынды. Сауалнама сұрақтарына жауап бере отырып, өздері жайлы қысқаша мәлімет беріп өтті. Бақылауға алынған оқушылар мен мектеп психологы және өзім бірлесе отырып жұмыстар жүргіздік. Оқушылардың ата-аналарымен пікір алмаса отырып, ата-аналар өздерінің балалары жайлы мағлұмат берді. Күнделікті үш оқушы менің бақылауымда болды. Алғашқы күндерден бастап оқшыларға түрлі-түсті қағаздар бере отырып, олар өз - өздерін реттей бастады. Осындай атмосфералық әрекеттер күнделікті сабақ барысында жалғасын тапты. Сабақта оқушылар бірлесе отырып жұмыс істеді. Оқушылардың ынтасын, эмоциялық және әлеуметтік ынтымақтастығын қолдау мақсатында оқушылармен қарым-қатынасын құру әрекетінде белсенділік таныта алды, оқушылар арасында ынтымақтастықта болды. Оқушыларды үйренуші ретінде бағаланды, оқушының мазасыздығын байқап отырып, жағдайдан шығуына ықпал жасай алды. Сабақ соңында табыс өлшемдері арқылы оқушылар бағаланды. Зерттеу тақырыбым: Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту. Зерттеу мақсаты: Оқушыларға сабақ беру барысында диалогтың сыни тұрғыдан қарастыра отырып, меңгерту. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлау оқушының шығармашылық ізденістерін, өз ойларын дәлелдей білу, топпен жұмыс істеу, өз ойын ашық айту, дербес жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Бала оқытудағы бұл тәсілді қолданудың қажеттілігі, бала болмысының білмекке құштарлығымен, оның қоршаған ортаны зерделеуге деген қызығушылығы мен түсіндіріледі. Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығуды ояту, мағынаны тану, ой толғаныс негіздерінен түзіледі. Мен осы тақырыпты ала отырып, өзімнің зерттеуімді сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнатуды бастадым. Алдымен өзім сабақ беріп жүрген бір сыныпты таңдап алдым. Оларға «Мектепте нені өзгерткілері келеді?» деген сауалнама бердім. Бұл сауалнаманы беру себебім оқушыларға не көбірек ұнайды, нені білгілері келетінін білу. Оқушылар топпен отыруды, сабақта еркіндіктің болғанын қалайды екен. Одан кейін оқушыларды үш топқа бөліп, әр топқа өздерінің аттарын, ұрандарын, топ ережелерін жасап, қорғауды ұсындым. Тапсырма соңында оқушылардың берген жауаптары мені таң қалдырды. Олардың ойлары менікімен тұспа-тұс келді. Олар өздерінің берген жауаптарында топпен отыруды, топ мүшелерінің ауысып тұруын, топта бір-бірін сыйлауды, пікірлерін есепке алуды ұсыныпты. Осы жауапты алған соң мен өз зерттеу тақырыбымның дұрыс бағытты екеніне көз жеткіздім. Мектептегі алғаш сабағымның тақырыбы: «Таңның атуы» болды. Бұл сабақтың ұйымдастыру бөлімін сыныптағы психологиялық ахуалды реттеуден бастадым. Сабағымды бастамас бұрын. Сыныпты екі топқа бөлген соң, жаңа сабақты бастамас бұрын оларға тақырыпқа сай әр түрлі суреттер таратып бердім. Оны беруім оқушылар суреттерді топта талдай отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын өздері табулары қажет. Бұл оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытудың алғы шарты. Оқушылар суреттерді талдай отырып, өздерінің алған білімдерін тағы да еске түсіреді және өзінің не білетінін, нені білгісі келетініне іштей саралау жасайды. Жаңа тақырыпқа сай тапсырмаларды оқушылар төмендегі кластерлерді толтырудан бастады. Мұнда оқушылар таңның атуы мен оның кереметі жайлы не білетіндерін жазып, қорғап шықты. Мұндай кластерлер мен жұмыстар оқушылардың есте сақтау, ойындағысын жинақтап, дұрыс жеткізе білуге жетелейді деп санаймын. Келесі тапсырма бойынша екі оқушы алдын-ала берілген тапсырма бойынша осы тақырыпта баяндамалар оқыды, оқушылар бір-біріне сұрақтар қойды. Сұрақтар қойғызу арқылы оқушылардың диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Оқушылар диалог арқылы сұрақты дұрыс, нақты қойып үйренеді және сұраққа ғылыми тілде жауап беруге жаттығады. Оқулықпен жұмыс кезінде инсерт әдісін қолдандым. Ү- маған белгілі +- білемін - естігенім бар ?- мен үшін жаңа Бұл жерде оқушылар оқулықпен жұмыс істей отырып, өздерінің белгілеулеріне сәйкес белгілерді қойып отырады. Оқушыларға бірден оқи отырып, талдау жасауға мүмкіндік береді. Осы тәсіл аналитикалық ойды дамытады, материалды түсінгенін қадағалаудың құралы болып табылады. Рефлексия кезеңін оқушыларға «Сабақ ұнады ма?» - деген сұраққа жауап беру арқылы аяқтадым. Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп

Ұнады Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп

Ұнамады
Оқушылар өздерінің алған әсерлерін стикерлерге жазып, жапсырады. Бұл әдіс оқушылардың сабақтан алғандарына тағы бір мәрте есеп беру үшін керек. Мұндай әдістер арқылы оқушының не білгенін, нені білгісі келетінін білу үшін ұстазға көмек болады. Осы арқылы мұғалімдер келесі сабақта жіберген қателерін қайталамауға, немесе келесі сабақты жоспарлауға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Сабақ соңында кері байланыс жазу арқылы аяқталады. Мұнда оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын жолдады, мен сұрақтарына жауап бердім. Мұндай сұрақ-жауап әдісі оқушының ойлау, есте сақтау, мәліметтерді талдау, сөйлеу мәдениеті қабілеттерін дамытады. Сабақты бағалауды оқушылар өздері жүргізді. Алдын-ала әр топ өздеріне консультант тағайындады. Сол консультанттар өздеріне баға беріп, сабақтың қорытындысын шығарады. Мұндай бағалау оқушылардың шынайы білімін білуге, бір-бірінің пікірімен санасуға, шындылыққа, адалдыққа тәрбиелейді. Үйге тапсырма ретінде қосымша «Менің отбасым» тақырыбында эссе жазу тапсырылды. Оқушылар эссе жазуда аз ғана сөйлем қолданса да, өз ойларын сол сөйлемдерге сыйғыза білді. Мұндай эсселер жазғызу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытумен қатар, олардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін тудыра отырып, табиғатты қорғауға, оны баптап күтуге тәрбиелейміз. Бұл сабақтан түйгенім: Сыни тұрғыдан ойлау модулінің әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушы бойындағы еркіндікке, өз ойларын анық жеткізуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, өзгелердің пікірімен санасып, әділ баға бере білу қабілеттерін дамытуға қол жеткізуге болады деп есептеймін. Қашықтықтан оқыту кезіндегі жүргізген екінші сабағымның тақырыбы: «Дала». Сабақты бір-бірімізге тілектер айтудан бастадық. Оқушыларды түрлі-түсті асықтар тарату арқылы екі топқа бөлдім. Асықтың түстерін таратып беруім, оқушыларды араласып отыруға баулу. Топқа бөліп алған соң, үй тапсырмасын «Ыстық орындық» әдісі бойынша сұрадым. Оқушыларға сұрақ қойдым, оқушылар жауап берді. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар топ арасында топқа бөлініп жұмыс істеді. Оқушылар топта өзара пікірлесе отырып, тапсырманы постерлерге сызып, қорғады. Жаңа сабаққа деген қызығушылықты ояту мақсатында оқушыларға кілт сөздер ұсындым. Осы кілт сөздерді қолдана отырып, тақтада Верн диаграммасын толтырды. Сыни тұрғыдан ойлаудың бір әдісі - Верн диаграммасын қолдану оқушылардың ойлау, салыстыру қабілеттерін дамытады. Сабақтың ой қозғау бөлімінде оқушыларға топтық жұмыс берілді. Әр топқа фломастер, постер таратып бердім. Тапсырма: «Дала». Осы тапсырма бойынша оқушылар презентация жасап, қорғады. Мұндай топтық жұмыстар оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас орнатуға, пікір алмасуға, ойларын ортаға салуға жетелейді. Осы топтық жұмыстары арқылы оқушылар үрей, қорқыныштан ажырап, өз ойын еркін жеткізуге, сөйлеу мәдениетіне мән беруге ұмтылады. Рефлексия кезінде оқушылар «Б-Б-Б» кестесін толтырды. Білемін Білдім Білгім келеді


Бұл әдіс оқушылардың мәтінмен таныспай тұрып, не білетіндерін еске түсіру, мәтінмен танысу барысында немесе оқығанда нені білгенін, сабақ соңында қорытынды, бағандардың мазмұнын салыстыру үшін қолданылады. Кестені толтыру арқылы оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдеріне талдау жасауға болады. Әр оқушы өз білімін өзі бағалап, саралайды. Бұл әдіс оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға көмектеседі. Бұл әдісті жиі қолдану арқылы оқушының әдебиетке, жазушылыққа деген қабілеттерін ашуға болады деп есептеймін. Сабақтың соңында үш топ бір-бірін бағалады. Оқушылар өздеріне бағаның шынайы, әділ беріліп жатқанына үйрене бастады. Бұл сабақтан түйгенім: Оқушыларды бір-біріне бағалату арқылы сыныптағы ұйымшылдықты, сыйласымдықты, өзгенің пікірімен санасуды қалыптастыруға болады.
Бүгінгі үшінші сабағымның тақырыбы: Көлде Бүгінгі сабақты да бір-бірімізге жақсы тілектер айтумен бастадық. Сыныпты бүгін өз қалаулары бойынша топқа бөлдім. Оқушыларға осындай еркіндік беру арқылы олардың ұстазға, бір-біріне деген сенімділіктерін арттырады. Сабақтың қызығушылықты ояту кезінде «Миға шабуыл» әдісін қолдандым. Бұл жерде оқушылар менің қойған сұрақтарыма жауап берді. Сұрақ-жауап арқылы, диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытамын, әрі жаңа сабаққа деген ынталарын оятамын. Мағынаны ашу кезінде тақтаға сөздер іліп қойдым. Оқушылар сол сөздердің анықтамасын дәптерлеріне жазып, жауап бердім. Бұл әдіс арқылы олардың танымдық қабілетін дамытуға болады. Бұл жерде мен тағы да диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау әдісін қолдандым. Оқушылар постермен жұмыс істей отырып, тақырыпты аша білді. Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту оқушылардың сөйлеу мәдениеті, ойын еркін жеткізу, сұрақтарды дұрыс қоя білу, жауапты нақты, ғылыми тілде айтуға жетелейді. Сонымен қатар АКТ - ны сабақта қолдану, оқушыларды заман ағымына сай тәрбиелеу болып табылады. Сабақтың ой қозғау бөлімін рөлдік ойын арқылы жүргіздім. Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есепТізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп Сабақта рөлдік ойындарды қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, олардың бойындағы актерлік қабілеттерін дамытуға жол ашады. Сабақтың рефлекция бөлімін «Сиқырлы таяқша» әдісімен аяқтадым. Бұл жерде оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін бір сөйлеммен қорытындылау қажет. Осы әдіс арқылы оқушының тез ойлану, жауапты нақты, қысқа қайыру, алған білімін талдай білуге жетелейміз. Үйге АКТ - ны қолдана білуге жұмылдыру мақсатында, іздену жұмысы берілді. Қосымша тапсырма өзім зерттеуге алған оқушыларға арналды. Жұмыс тақырыбы: «Менің сыныбым» Осы сабақтан түйгенім: Сабақты түрлендіріп, АКТ - ны қолданып өткізу арқылы, оқушының жан-жақты дамуына, терең білім алуына негіз боламыз. АКТ - ны жиі пайдалану арқылы оқушының қызығушылығын, бір нәрсені білуге деген ынтасын, шығармашылық, ізденушілікпен жұмысты өз бетімен орындау қабілеттерін дамытамыз. Қашықтықтан оқыту кезіндегі соңғы сабағымның тақырыбы: «Малсақ бала». Сабақта АКТ - ны пайдалана отырып, әлем әдебиеті және ХХ ғасыр әдебиетінен өткенді қайталаудан бастады. Сабақ тест тапсырмаларын орындаудан, өзіндік жұмыс түрінде өтті. Алдымен әр топ өздеріне ат қойып, таныстырды. 1 топ - Сұңқар 2 топ - Қыран 3 топ - Тұлпар Сұрақ қою арқылы оқушылардың алдыңғы алған білімдерін тексердім. Сенім тақырыбын алды. Осы шағын топтардың ұпайлары жалпы топтың ұпай санына қосылады. Сайлау карточкасын алған топтан, мен бір оқушыны өзім сайлап, сұрақ бердім. Барлық карточкасын алған топтағы барлық оқушыларды сұрадым. Делегат карточкасын алған топ, сабақ айтуға өздері бір оқушыны сайлады, мен сол оқушыдан сұрадым. Сенім карточкасын алған топ жетекшісі оқушылардан өзі сұрап, бағалады, мен ол оқушыға сенім білдірдім. Қорытынды сабақта көбінесе жұптық жұмыс, диалог сұрақ - жауап әдісін жиі қолдандым. Бұл әдістер оқушының топтық жұмыс арқылы білгендерін есіне түсіруіне, ойларын нақты жеткізуіне, өздерін ортада еркін сезінуіне, бір-біріне, мұғалімге деген сенімділікке жетелейді. Бүгінгі жарыстың қорытындысын бағалаушы - Каусар шығарды. Ол қай топтың қалай ұпай жинағанын айта отырып, жеңімпаз топты жариялады. Оқушыларды бағалаушы ретінде қою оқушыларды өздеріне сыни тұрғыдан баға бере білуге дағдыландырамыз. Сабақтың қорытындысын, рефлексия бөлімін көңіл-күй смайликтерін таңдату арқылы аяқтадым. Әр оқушы бүгінгі сабақтан алған әсерлеріне байланысты көңіл-күй смайликтерін таңдады және оны іспен көрсетіп пікір ұсыныстарын білдірді. Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есепТізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп Сыни тұрғысынан ойлау деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіндегі сәйкес оны шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сыни тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркінде терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі жақсы болады. Сыни тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Сыни тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:

  1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.
  2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
  3. Әр - түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
  4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.
  5. Кейбір оқушылар түсініп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.
  6. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасалған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап өту.
  7. Сыни тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал оқушылардан осыған байланысты
  • Сенімділікпен жұмыс жасау
  • Бар ынтасымен оқуға берілу
  • Пікірлерін тыңдау, құрметтеу

Алдағы жұмыс барысында сын түрде ойлау қабілетін бұдан әрі жүйелей түсу керек деген ойдамын жәнеде сын түрде ойлауды қалыптастыра отырып оқушыларға жүйелі білім, жан - жақты ойлану қабілеттерін жоғарлатуды мақсат ретінде ұстанудамын.

Пайдаланылған әдебиет

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі »ДББҰ, Астана, 2012ж. Әдебиеттік оқыту

2.С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова, Р. Базарбекова. Ана тілі оқулық. 3-сынып Алматы: Атамұра - 2011

3. Ғаламтор материалдары, журнал материалдары.


© 2010-2022