Тұрлаулы мүшелер (Ашық сабақ)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 26. 11. 2015 ж. Қазақ тілі Сыныбы: 3 «А» Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды тұрлаулы мүшелермен таныстыру, оларды ажыратуға, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру. Жаттығу жүмыстары арқылы тұрлаулы мүшелерді таба білуге үйрету. 2. Оқушылардың логикалық ой-өрісін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге, шығармашылық жұмыс жасауға бейімдеу. 3. Оқушыларды ынтымақтаса жұмыс жасай білуге, жақсыны үйреніп, жаман әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа білім беру Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ой-қозғау, ребус, талдау, венн диограммасы, топтық жұмыс. Сабақтың көрнекіліктері: сызба, топтамалар, суреттер, слайд Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезені: Психологиялық дайындық Сәлемдесу, оқу құралдарын әзірлеу

-Балалар, бүгін біздің сыныбымызға көптеген қонақтар келіп отыр. -Қонақтарға не көрсетуіміз керек? -Қонақжайлығымызды. -Қалай. «Үлкенге де сіз, Кішіге де біз. Бар адамды құрметтеп, Бас иеміз біз.

-Тақтадағы ребусқа көңіл бөліп, шешейік. -Қандай сөз шықты? (Қазақ тілі)

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана - тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.

-Біз сабағымызды бастамас бұрын, алдымен тобымызға ат қойып алайық. -Тобымызға ат қою үшін мына сұрақтарға жауап береміз. - Сол сұрақтың жауабы топтың аты болады.

1. Қазақтың ұлы ақыны кім? -Абай Құнанбайұлы (I топ) 2. Алғашқы ұстаз кім? Ыбырай Алтынсарин(II топ) 3. Жыр алыбы кім Жамбыл Жабаев (III топ) -Топтарымыздың атын біліп алдық, енді сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Өткенді пысықтау. Миға шабуыл Ойынның шарты: әр топқа екі сұрақтан беріледі. Сол сұраққа жауап беріп, себеттерге орналастырады. «Абай» тобына арналған сұрақтар: 1. Сөйлем дегеніміз не? 2. Сөйлем түрлерін ата?

«Ыбырай» тобына арналған сұрақтар: 1. Мәтін дегеніміз не? 2. Мәтіннің түрлерін ата?

«Жамбыл» тобына арналған сұрақтар:

1. Сөйлем мүшесі дегеніміз не? 2. Сөйлем мүшесінің түрлерін ата?

ІII. Жаңа сабақ Тұрлаулы мүшелер Қызығушылықты ояту - Балалар, қазір қай мезгілі? (Қазір күз мезгілі.) - Күзден кейін қай мезгіл келеді? (Күзден кейін қыс мезгілі келеді.) - Қыс айы қай айдан басталады? (Қыс желтоқсан айынан басталады.) - Желтоқсан айының алғашқы күні қалай аталады? (ҚР Бірінші Президенті күні.) - Қыстың болғанын неден білеміз? (Қардың жауғанынан.)

Қар жауды. Бүгін жапалақтап қар жауды.

  • Сөйлемде не туралы айтылған? (екі сөйлемде де қар жауғанын хабарлап тұр.)

  • Қар жауды. - сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Ол бастауыш пен баяндауыштан тұрады. Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді.

  • Тұрлаулы мүшелер Бастауыш ҚАР

Баяндауыш Жауды.

«Абай» «Ыбырай»топтарына ребус беріледі. «Жамбыл» тобы екеуінің ортақ қасиетін айтады.Оқушылар бастауыштың ережесін айтады. «Ыбырай» тобынан- «баяндауыш « деген сөз шығады. Баяндауыштың ережесін айтады. Венн диограммасы

IY. Оқулықпен жұмыс: Мағынаны тану. Дәптерлерді ашайық, Қолға қалам алайық. Салақтықтан қашайық, Әдемі етіп жазайық - деп дәптердің бір жолына қыс сөзін көркем жазамыз.

61 - жаттығу. Ауызша орындату. . Сөйлемдерді оқып, тұрлаулы мүшелерді тап. . Неліктен тұрлаулы мүше екенін түсіндір.

Мектепте асхана бар. Аспазшы тамақты дәмді пісіреді. Балалар үзілісте асханаға келді. (Т. М. баст. пен баян. тұрады. Сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді.)

62 - жаттығу. Қамқорлық. Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жазу.

Балалар Ақлима әжейге көмекке келді. Қыздар үй тазалады. Ұлдар отын жарды. Ақлима әжей балаларға риза болды.

- Осы мәтінге ат қояйық? («Көмекшілер, Қамқорлық») - Өте жақсы, жарайсыңдар! Үлкендерді сыйлап, құрметтеп жүру ол біздің міндетіміз.

V. Сергіту сәті Саяқатқа шығамыз, Дорбамызды аламыз, Ой, бұл кім? Ой, бұл не? Бұл - су( ұртын ауаға толтырып, жұдырықтармен ұрғылайды). Үстінен өте алмаймыз, Астынан өте алмаймыз, Кеттік тура. Бұл - құм (алақандарын ысқылайды). Бұл - тас (жұдырықтарын ұрғылайды). Бұл - арыстан (Сұқ саусақпен тыныш деген белгі жасаймыз). Кері бұрылып қашайық, үйімізді табайық.

YI. Өздік жұмыс: 63 - жаттығу. Мақалды оқып оны талдау, мағынасын ашу. Жатқа жазу. 1. Әкеге қарап ұл өседі. Шешеге қарап қыз өседі. 2. Жаман жолдас жолда қалдырады.

- (ұлда, қызда ата - анасынан үлгі - өнеге алып өседі, тәрбиеленеді; жаман жолдас қиыншылықта қайырылмайды, көмектеспейді).

YII. Шығармашылық диктант: Көп нүктенің орнына тиісті тұрлаулы мүшені қою арқылы сөйлемді көшіріп жазу. 1. Оқушылар .... . 2 ...... жазылды. 3 Қыс .... . 4 Есеп ...... . Керекті сөздер: келді, хат, түсті, орындалды. (балалардың жазғандарын оқытып жіберу)

VIІІ. Жаңа сабақты бекіту. 64 - жаттығу. «Кім тапқыр?» Тапсырманы оқытып мағынасына қарай сөйлемдерді ретімен айту. Тұрлаулы мүшелерді тап.

  1. Тырна түлкіге тамақ беріпті.

  2. Құмыра түлкінің басына сыймапты.

  3. Тырна түлкіні қонаққа шақырыпты.

  • Бұл қай ертегіден алынған үзінді? («Тырна мен түлкі»)

  • Ақыры не болды? (балалардың жауабын тыңдау, суретін көрсету)

IX. Қорытынды: - Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлемнің қандай мүшесімен таныстық? Оларды неліктен тұрлаулы мүшелер деп атайды?

Х. Үйге тапсырма: 65 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құра.

XI. Бағалау.









© 2010-2022