Утенова Сағида Кенжебаевна Сын есім 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы №18 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Утенова Сағида Кенжебаевна

2- сынып Қазақ тілі «Сын есім»


Пәні: Қазақ тілі

Күні: «---»наурыз 2016 жыл

Сыныбы: 2 « З»

Сабақтың

тақырыбы

Сын есім

Сілтеме

Оқулық.

Мақсаты

Оқушыларға сөз таптары туралы ақпарат беру. Сын есім туралы түсінік беру арқылы сөйлемнен сын есімді тауып, оларға сұрақ қоя білуге баулу. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Күтілетін

нәтижелер


Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, өмірмен байланыстыру, дүниетану, әдебиеттік оқу.

Қолданылатын әдістер

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, « Жоба қорғау технологиясы».Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау.

Керекті жабдықтар

Оқулық, интербелсенді тақта, семантикалық карта, кеспе қағаздар, ватман, стикер, маркер т.б.

Сабақтың барысы:

Сабақ

кезеңдері

Уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

1мин


3мин

Ұйымдастыру

Топқа бөлу

Сыныптың оқушыларын көктем мезгіліне орай үш топқа бөлу. «Наурыз», «Сәуір» және « Мамыр» топтары. Әр топтан топ аттары туралы түсініктер алу.

Психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады:

Кәне, достар, тұрайық.

Шеңберімізді құрайық.

Жақсы-жақсы тілектер

Бір-бірімізге сыйлайық!

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін, семантикалық картамен жұмыс. Жауап парағы арқылы көршіңді тексер.

Қосымша №1.Семантикалық карта.

Утенова Сағида Кенжебаевна Сын есім 2-сынып

21 парақшаның әрбір 7 парақшаға наурыз, сәуір, мамыр деп жазып жеребе тастау. Оқушылар таңдап алады және сол бойынша топқа бөлінеді. .
Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер».

Оқушылар жұппен бір-бірін жауап парағы арқылы тексеріп, бағалайды.

Критерийлер:

«5»- 0 қате

«4» - 1 қате

«3»- 2-3 қате


Тұсаукесер

2 мин

Утенова Сағида Кенжебаевна Сын есім 2-сынып

Оқушылар ребусты шешіп тақырыпты ашып береді.

Негізгі бөлім:

Білу.

3мин

Утенова Сағида Кенжебаевна Сын есім 2-сынып

1.Оқулықпен жұмыс

146 - бет.

Оқушылар ережені шулап оқу.

Түсінігін алу.

Мағынаны тану:

2мин

Оқушыларға АКТ ны қолдана отырып мағынаны ұғындыру.

aimektep.kz сайты арқылы

Оқушылар видиоролик арқылы өз түсініктерін қалыптастырады.

Түсіну

5мин

407-жаттығу

Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап береді?

Ол сөздер нені білдіреді?

Наурыз тобы - күн туралы айту

Сәуір тобы- құм туралы айт

Мамыр тобы - гүл туралы айту.

Қолдану:

Дәптермен жұмыс:

5мин

Мақсаты: жатқа жазу шеберліктерін арттыру.

408-жаттығу

Наурыз тобы - есімдерді табу.

Сәуір тобы- қай сөзбен байланысып тұрғанын табу.

Мамыр тобы- мақалды түсіндіру.

Сергіту сәті

2мин

Күркіреді күн,күн -

Терезелер шың, шың.

Жауды жаңбыр топ-топ,

Шелек - шелек көп-көп!

Жон арқаңды тос-тос,

Күнбағыс боп тез өс!

Оқушыларға тілдерін жаттықтыру мақсатында, жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.

Оқушылар хормен айтып, орнында жасайды.

Топтық жұмыс:

4мин

Суреттегі зат атауларына сипаттама алу.

Әр топқа төмендегі суретті тарату.

Утенова Сағида Кенжебаевна Сын есім 2-сыныпУтенова Сағида Кенжебаевна Сын есім 2-сынып

Оқушылар топпен жұмылып орындауы керек.

Топтық жұмыс:

5мин

Мақсаты:

Оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру.

409-жаттығу.

Жуас, қалың, тегіс сөздерін үш топқа бөліп беремін. Сөйлем құрауға шақыра отырып сұрақ қоюға шақырамын.

Наурыз тобы- жуас сөзі

Сәуір тобы-қалың сөзі

Мамыр тобы- тегіс сөзі.

Ойын

« Сын есімдер ұясы»

4мин

Мақсаты:

Оқушылардың салыстыру және ажырата алуын қадағалау.

Утенова Сағида Кенжебаевна Сын есім 2-сынып.

Оқушылар кластер топпен құрастырады, ортаға шығып қорғайды.

Рефлекция

6мин



Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?
Не білдім? Не ұнады? Сабақтан алған әсерім.

Мұғалімнің көмегімен оқушылар орындайды (ауызша айтып, тақтаға жазады)

Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.

Үйге тапсырма

1мин

411-жаттығу

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

2мин

Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушылар бағалау критерийлер арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.


© 2010-2022