Сабақтың тақырыбы Б әрпі мен дыбысы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы және әріпі.

Сабақтың мақсаты: Б дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру.

Балаларды Б дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына

назар аудару сөздік қорынына мән беріп, қиялын дамыту.

Ұқыптылыққа,сауатты жазуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта,плакат, үлестірмелі материалдар.

Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын түрі; саяхат.

Сабақтың барысы

Психологиялық дайындық

Дөңгеленіп тұрып бәріміз бір-бірімізге жылы лебіз білдірейік:

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

Әлемдегі бар адамға,

Тек жақсылық сыйлаймыз.

Ұйымдастыру.

-Балалар біз бүгін саяхатқа барамыз, немен барғымыз келеді? Қандай көлік түрлерін білесіңдер ? (машина , ұшақ, кеме)

-Ендеше мына тақтаға қарайықшы, не көріп тұрмыз? Балалар мына сандарды санайықшы

6

Сабақтың тақырыбы Б әрпі мен дыбысыСабақтың тақырыбы Б әрпі мен дыбысы

7

5

Сабақтың тақырыбы Б әрпі мен дыбысы3 4

2 1

Балалар бұл не? (кеме)

Не үшін керек деп ойлайсыңдар?

Суда жүзу үшін.

Ал кеме қайда жүреді?

Суда .

Оның жүргізушісі кім?

Ендеше ол сіздерге шақыру билетін берді. Осы кемемен аралдарға барып ,сол аралмен танысамыз.

1- арал.Қайталау

Сиқырлы жазу

Сабақтың тақырыбы Б әрпі мен дыбысыСабақтың тақырыбы Б әрпі мен дыбысыСабақтың тақырыбы Б әрпі мен дыбысыСабақтың тақырыбы Б әрпі мен дыбысыСабақтың тақырыбы Б әрпі мен дыбысы

Жақсы музыка

М Ы С Ы Қ

(текшемен белгілеп)

Балалар мына тапсырмада жасырын сөз беріліпті. Осы сөзді тауып көрейік .Сіздер айтыңдаршы үйде біз қай жануарды ұстаймыз? Қандай ---- түстерді көріп тұрмыз? (қызыл,көк) Оларды ажыратып беріңдерші?

Мысық сөзін буынға бөлейікші ? (2 буын). Қай әріптен басталып жазылады? (М) Жақсы балалар енді екінші аралға барайық.

2- арал.

Балалар суда жақсы көрінетін мынау не? (балық)

Қараңдаршы ол қандай? (Сиқырлы,алтын)

Ендіше бүгін бізге қонаққа алтын балық келіпті.

Балық сөзінің бірінші әріпі қандай дыбыс ? (Б) Айтып көрейікші (Б). Дауысты ма, Әлде дауыссызба?

  • Осы сөзді буынға бөліп көрейікші?

  • 2 буын бар.Ендеше дауысты дыбыс нешеу ? (2)

Жақсы балалар екінші аралдан да өттік еді. Алтын балық маған тағы бір арал бар деп сыбырлайды , ол аралда да тапсырма бар екен.

3- арал.

«Мына сиқырлы қаламшамен сіздер б - әріпінен басталатын сөздер жазып беріңдерші» - дейді алтын балық.

Б

О

Р

Сиқырлы әріптер шашу : Б.А.Р.Л.Қ.О.Ы.А . Балық. Бор. Бала.

Талдап кету. Әр баланы сөйлету. Оқытып шығу.

  • Өте жақсы балалар. 3- аралдың тапсырмасын жақсы орындадық . Алтын балық тағы ары қарай барайық деп тұр , ендеше алтын балықтың соңынан жүрейік.

4- арал. Сергіту сәті.

Балық,балық балықтар,

Қане қатар тұрыңдар.

Қанаттарыңды ашыңдар,

Бұлай -бұлай малтыңдар.

Бір, екі,үш,төрт ,бес,

Орыңдарыңды табыңдар тез.

Өте жақсы, бұл тапсырманы өте жақсы орындадық.

Балалар балық тағы сыбырлайды , енді біз сиқырлы балықпен келесі аралға барғанда ойын ойнаймыз дейді.

  • Ойнаймыз ба?

5- арал. «Қатені тап.»

Балаларды екі топқа бөліп ,әртүрлі суреттер беру.Сол суреттерден Б және М әрпіне байланысты сөздерді тауып тақтаға ілу.(бақа, балық, бала)(мысық, машина,маймыл,т.с)

6- арал. Алтын балықтың келесі тапсырмасы ,Б әрпін жазу. Тақтаға жазбаша түрін жазып көрсету.Ауада жазу. Дәптерге бастырып жаздыру.Өте жақсы балалар,бұл тапсырманы да жақсы орындадық.

7- арал.

Енді біздің соңғы тапсырмамыз , әр қайсыңыз балыққа арнап б - әрпі бар тақпақ айтып беріңдер. Осы тақпағымызды жақсы айтсақ , ол балықтың сіздерге арналған сыйлығы бар екен.

Әр оқушыға балық жапсырылған шар тарату.( аттарына байланысты көк, қызыл).

  • «Сіздер құрлыққа барғанда мына шармен ойнап жүріп мені естеріңе алыңдар.Әр қайсыңыз аттарыңызды айтып отырып соған байланысты шарды алыңыздар».

  • Рахмет.

  • Осымен саяхатымыз аяқталды. Хош сау болыңыздар


«Парасат» мектеп-лицейі



АШЫҚ САБАҚ

ТАҚЫРЫБЫ :

Б дыбысы және әріпі.




Тәрбиеші:Сыздықова А.Қ






2012 жыл





Сабақтың тақырыбы Б әрпі мен дыбысы

© 2010-2022