Сабақтың тақырыбы: Әліпби еліне саяхат

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Әліпби еліне саяхат.

Мақсаты: 1.Оқушыларда әліпби туралы түсінік қалыптасуына мүмкіндік жасай отырып, әріптердің реті мен дұрыс оқылуын меңгерту.

2. Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу тілін дамыту.

3. Әдептілікке, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Әліпби» бейнеленген плакат.үлестірмелі кеспе, оқулық, « Менің атым Қожа» фильмі.

Сабақтың әдісі : саяхат сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың ойын жинақтап, назарын сабаққа аудару.
ІI. Бағдарлау-мотивациялық кезең (оқушы қызығушылығын ояту)

-Балалар біз күздің алғашқы айы 1 құркүйекте қайда келдік? - Мектепке.

-Мектепке не үшін келдік? -Білім алу үшін. / Мектеп туралы үзінді/ көрсету
- Балалар білім деген не?
- Білімді қайдан алады?
- Білім - бұл оқу, білім кітапта. Алғаш білім алу балабақшадан, мектептен басталады. Білім - кітапта, оқулықта болады.
- Қане, енді білім туралы қандай мақал-мәтел білеміз?
«Білім таусылмайтын байлық», «Білім теңіз түбі де, шегі де жоқ», «Кітап оқығандікі, білім тоқығандікі», «Білегіңе емес, біліміңе сен» т. б.
- Ертеде бір хандық болыпты.Онда көптеген әріптер бірге тату-тәтті өмір сүріпті. Бұл хандықта А әріпінен Я әріпіне дейінгі тәртіппен жүретін әріптер тұрады. Оларды бүкіл ел біледі. Ал сендер ол хандықтың атын білгілерің келе ме? Онда тақтадағы гүлдің күлтешелеріне жасырынған жұмбақтарды шешейік. Жұмбақтардың жауаптарындағы бірінші әріптерді қоссақ, хандықтың аты белгілі болады.

1. Шұқшитқан кеп әуелі

Сені әрбір әріпке.

Суреттері әдемі,

Бұл қай кітап ? ( Әліппе)

Тастан-тасқа секіреді,

Қалқиып қос құлағы.

Ойын болып көкірегі,

Аула оның тұрағы. ( Лақ)

Мен кетемін, ол қалар. ( Із)

Күндіз-түні күрсінеді,

Жүрген жері сілкінеді. ( Пойыз)

Жазу жазып жалықпаған,

Жаза -жаза арықтаған. ( Бор)

Адамға серік, күреске берік. ( Ит)

Кәне, алғашқы әріптерінен қандай сөз құрастырылды. ӘЛІПБИ деген сөз шығады.

III . Жаңа сабақ .

Ендеше бүгінгі сабағымыз «Әліпби еліне саяхат» деп аталады. Саяхаттап аялдамаларға тоқтай жүріп тапсырмалар орындаймыз. Әліпбиде әліппе оқулығынан танып білген әріптердің ретті тізімі орналасады. 1-аялдама
Сұрақтар:
1. Әріп деген не? Дыбыс деген не?
2. Әліпби неше әріптен тұрады? (42)

3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. Дауысты дыбыс деген не?
5 Дауыссыз дыбыс деген не?
6. Буын неден құралады?

7. Сөз неден құралады?
10. Сөйлем неден құралады?
IV.«Әліпби сыры» өлеңі. Оқып беремін 2-аялдама
V. Операционалдық-орындаушылық кезең.

Ана ,әке, бала сөздерін жазу.

VI.Сергіту сәті. « Сұр қоян» 3-аялдама

VII. Фильмнен үзінді. 4-аялдама

Оқушылар назарымызды экранға аударайық.
- Бұл фильмді көргендерін бар ма? Кім бұл кинонын атын біледі?
«Менің атым Қожа» фильмі.
- Осы көріп отырғандарыңыздай фильмдегі Қожаның мінез - құлқы, тәртібінен не байқадыңдар балалар?
Қожаның жасаған іс әрекеті әдептілікке жата ма?
- Жоқ, әрине. Жасап жүрген ісінің бәрі тәртіпсіздік, әдепсіздік..
VІІІ. Рефлексиялық бағалау кезеңі.

Жақсы бала болу үшін оқушы қандай болуы керек? ( Оқушылардың ой -пікірін сұрау.)

Әдепті, ақылды, білімді, т.б.

Сонымен, әдептілік деген - ең әуелі сәлемдесіп, амандасудан басталады. «Сәлем - сөздің анасы» деп бекер айтпаған. Қандай орындарда болмасын, өзіңнен үлкен адамға сәлемдесу керек.
Ал өзіңнен кішіге қамқор болу керек. Бұл әдептіліктің ең бастысы.
Қане, әдептілік туралы қандай мақалдар білеміз?
«Сіз» деген - әдеп
«Біз» деген - көлік.

Әдепті бала ата анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата анасын қақсатар.

Әдептің не екенін -
Әдепсіз адамды көргенде білерсің.

Әдепті бала, арлы бала
Әдепсіз бала, сорлы бала.

IX.Топпен жұмыс.
«Біз жүйрікпіз» ойыны бойынша екі топқа үлестірме қағазда сөздер беріледі. Сол сөздер ішінен 1-ші топ әдепті балаға қатысты әрекет мінездерді, 2-ші топ әдепсіз балаға қатысты әрекет мінездерді оқып береді.
Әдепті бала. Әдепсіз бала.
Ізетті ақылсыз
Сыпайы тәртіпсіз

Ибалы салақ
Ақылды жалқау
Білімді өсекшіл
Тәртіпті өтірікші
Ұқыпты мақтаншақ

Еңбекқор еріншек
Әр аялдамадағы тапсырмаларды жақсы орындадыңдар
Х. Сабақты қорыту.
1. Тілек айту. Біз бір сынып оқушыларымыз. Мектеп біздің екінші үйіміз. Біз бір отбасы балалары сияқтымыз, бір бірімізді сыйлап әдептен озбай достықта, бірлікте боламыз. Бір - бірімізге қамқор боламыз. Сондықтан сабағымыздың соңында бір - бірімізге тілек айтып, тілектеріміз жүректен орын алсын.
Оқушылар бір- бірінің қолдарынан ұстап, сабағыңды беске оқы, денсаулығың жақсы болсын, бақытты бол, ата -ана айтқанын тыңда, сен менің досымсың, сыпайы бол, ұқыпты бол, оқуды жақсы аяқта деген тілектер айтады
XI. «Әліппе» әнін орындау.



© 2010-2022