Қазақ тілі пәні Сөз таптарын қайталау 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

3 сыныпқа арналған ашық сабақ. Қазақ тілі пәнінен,тақырыбы:Сөз таптарын қайталау.(ЗАТ ЕСІМ,САН ЕСІМ,СЫН ЕСІМ,ЕТІСТІК)

Сабақтың тақырыбы:Сөз таптарын қайталау.

Сабақтың мақсаты:1.Білімдік.

Сөз таптарын пысықтау.Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.

2.Дамытушылық.

Оқушылардың сөздік қорын,ойлауын,көз алдына елестету қабілетін,есте сақтау қабілетің дамыту.

3.Тәрбиелік.

Өз бетінше жұмыс жасауға баулу.Ұйымшылдыққа жетелеу.

Сабақтың түрі:жарыс,ойын сабақ.

Сабақтың типі:қайталау сабағы.

Әдістері:жеке,топпен жұмыс, «Бес жолды өлең» стратегиясы, Жанпейісова тех/ң элементтері, «Биоинформатика ж/е синэргетика » тех/ң элементтері

Пәнаралық байланыс:дүниетану,математика,музыка.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,плакаттар,қима қағаздар.

Сабақтың тақырыбы:.І.Ұйымдастыру кезеңі. (3 минут)

Оқушыларды 4 топқа бөлу.Әбділда Тәжібаевтың өлеңімен ашу.

Туған тілім ---- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрап алу.(8 минут)Суретке қарап сөйлем құрау.4 топқа берілген тапсырманы топбасшылары тобымен ақылдаса отырып жауап береді.Ұнаған,дұрыс жауапты шапалақ арқылы анықтап аламыз.

ІІІ.Сергіту сәті.(Дауысты дыбыстарды әндете орындаймыз.2 минут)

ҮІ.Өткен тапсырмаларды еске түсіру,қайталап алу.(3 минут)

------- Зат есім дегеніміз не?

-------- Етістік дегеніміз не?

--------- Сан есім дегеніміз не?

-------- Сын есім дегеніміз не?

Ү. Еске сақтау қабілеті үшін тақтадағы сөйлеммен жұмыс жасау.(5 минут)

1.Асан екі таза оқулығын алып мектепке келді.

2.Майра қолаң шашын екіге бөліп өріпті.

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Етістік

Асан

таза

екі

келді

Майра

қолаң

екіге

бөліп өріпті

ҮІ. Ойын ойнау.4 топқа тапсырма беріледі. (3минут)

Мысалы: Біз сұлумыз.

Біз ойнадық.

Біз оқушымыз.

Біз ондамыз.т.б.

------ Қай топ көбірек жазса,сол топ орын алады.

------ Шығармашылық тапсырма: 4-жаттығу.(4минут)Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қояды,әр топ бір-бірін тексеріп шығады.

ҮІІ. Сергіту сәті.(2 минут) Екі алақанды ысқылап барып кірісу көзделеді.

Екі қаламсаппен алдымыздағы параққа Ф әрпін екі қатар жазу керек.

ҮІІІ. Сөздік диктант.(5 минут) Диктант оқылады,топтағы оқушылар бір-бірімен алмасып жазады.

ІХ.Сабақты күн шуақ гүлі арқылы пысықтау тапсырмасымен қорытындылаймыз.

Біз нені үйрендік? /Біз нені үйренгіміз келеді?

1.Сөз таптарын т.б. /1.Оқушылардың тілегі

Х.Үйге тапсырма: «Озат оқушы » тақырыбына шығарма жазу.

© 2010-2022