Жаз өлеңі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Тәрбиеші: Жаманқұлова Ләззат

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Жаз» (өлеңі)

Мақсаты:Жыл мезгілдері жайлы ойларын кеңейту жайқалған жаз,жеміс жидек туралы түсінік бере отырып,сөздік қорларын байыту. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:Жыл мезгілдері бейнеленген суреттер,жемістер,

Көкөністердің суреті.

Сөздік жұмыс:жаз,көбелек.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Дала гүлге оранды,

Түрлі түске боялды.

Нұрлы жаз келгенде

Табиғатта оянды

Шеңбер бойына тұрып , қимыл әрекеттер арқылы,шаттық шеңберін орындайды.

Ұйымдастырушылық-

Ізденістік.

Кіріспе әңгіме.

-Балалар ,біз қандай жыл мезгілерін

Білеміз?

-Ендеше Балалар ,бүгін осы жыл мезгілдерінің ішінен жаз мезгіліне тоқталамыз.

-жаз мезгілі сендерге ұнай ма?

-Жазда не піседі?

-Қазір мен сендерге ақын Несіпбек Айтовтың «Жаз» өлеңін оқып беремін:

Жазым келді жарқырап,

Қазым келді қаңқылдап.

Гүлге қонды көбелек,

Қос қанаты қалтылдап.

Сүйіп күннің шапағын,

Тау шешті ақ шапанын.

Күлтеленді қурайлар,

Төгіп бұйра шашағын

Көке қызыл -жасылды

Кемпір қосақ асылды.

Жарлауытты жағаны

Жапырақтар жасырды

Сұрақ-жауап

-Өлең ұнадыма

-Балалар көзімізді жұмып тынығайық. Жаз мезгілін көз алдымызға елестетейік: Күн ыстық,

Суға шомылып, денемізді бос ұстап,

Жағалауға шығып жатырмыз,су сылдыры құлағымызға жағып, күн шуағы ,денені жылытады, аяғымызды ыстық құм қыздырып барады.

Ал енді көзімізді ашсақта болады.

-Енді, балалар ,көзіміз жұмылғанда не көрдік, қандай әсер алдыңдар?

Суға шомылғанды ұнатасыңдарма?

Дидактикалық ойын

«Балық аулау»

Барысы.:Жазда ағаларымыз

Әр түрлі балық аулайды.Сендерде ағаларың сияқты ,кім бірінші балық ұстаса сол жеңімпаз болады.

Сергіту сәті:

Алақандысоғамыз

Орнымыздан тұрамыз,

Қолымызды көтеріп

Саусақ ашып жұмамыз.

Ғажайып сәт

Балалар есікті ұрып тұр кім екенін көрейік. Жолбарыс кіріп.Сәлеметсіңдер ме? Балалар мен алыс жолдан

Сендерге қонақ болып келдім.Менде жаз мезгілін

Жақсы көрем орманда жүріп серуен жасап жүрмін.

Балалардың жауабы.

Мұқият тыңдайды.

Ия ұнады.

Алма,өрік,шие, тағы да басқа

Жемістер піседі.



Ия, ұнады.

Балалар көзін жұмды.

Судың сылдырын естідім.

Күннің көзінің,құмның ыстық болатынын білдік.

Ия суға шомылған қатты

Ұнады.

Ия түрлі-түсті көбелектерді

Жақсы көреміз. Көбелек гүлге ұқсайды.

Қимыл арқылы жасайды.

Рефлексиялық-

түзетушілік

Алған білімдерін бекіту мақсатында

Сұрақтар қойылады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі.:Жаз мезгілінің ерекшелігін.

Игерді:Өлең мазмұнын түсінуді.

Меңгерді: Табиғатты аялау,қорғау қажеттілігін.





© 2010-2022