Қазақ тілі Сөйлем (2 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат zip
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі Сөйлем (2 сынып)Қазақ тілі Сөйлем (2 сынып)Қазақ тілі Сөйлем (2 сынып)Қазақ тілі Сөйлем (2 сынып)Қазақ тілі Сөйлем (2 сынып)Қазақ тілі Сөйлем (2 сынып)Қазақ тілі Сөйлем (2 сынып)Қазақ тілі Сөйлем (2 сынып)Қазақ тілі Сөйлем (2 сынып)Қазақ тілі Сөйлем (2 сынып)Сабақтың тақырыбы:Сөйлем

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөйлем туралы түсінігін қалыптастыру, сөйлем құру дағдыларын жетілдіру. Таным белсенділігін арттыру, ойын, тілін дамыту. Бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау,деңгейлік тапсырма

Көрнекілігі: дидак.материал

Сабақтың жүру бырысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

«Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау сәніміз,

Отыруға түп -түзу,

Дайындалық бәріміз»

II.Өткенді қайталау

«Бәйге» ойнын ойнату

60

30

10

20

50

40

10 ұяшық - Мәтін түрлерін ата

30ұяшық -Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата

60 ұяшық-Қосарлы дыбыстарды ата

40 ұяшық- Қоян сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар.Дәлелде

50 ұяшық-Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?

20 ұяшық- «Кітапты оқу пайдалы» тақырыбында пайымдау мәтінін құра

III.Жаңа сабақ

Бос торкөздерге тиісті санды қойып өрнектің мәнін тап. Дұрыс орындалған жағдайда сабақтың тақырыбы анықталады

6+1= 9-1= 3+6=

6+ = 8 9- =4 8- = 2

Л Ө Е Й С М

7 8 9 2 5 6

-Сөйлем дегеніміз не?

-Сөйлем нелерден құралады?

-Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

-Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?

-Сөйлем айтылу мақсатына қарай неше түрге бөлінеді?

аяқталған ойды білдіреді

Бірінші сөзі бас әріптен жазылады

Сөйлем

Соңына қажетті тыныс белгілері ., ?,! қойылады

1 деңгей

1 тапсырма

Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз

күз жаңбырлы қоңыр келді

жапырақ жолдарды сары басты

жылы ұшты жаққа құстар

2тапсырма

Өлеңді толықтырып жаз. Сөздердің орнын тап.

.................... көлде жоқ балық,

....................көлде көп балық.

Ал, балалар,.............................

Қолға алып..............................

қармақты

аулайық

ащы

тұщы

2 деңгей

3 тапсырма

Суреттегі затты атап, сөйлемдерді толықтырып жаз.

.............Қазақ тілі Сөйлем (2 сынып)........................... жинады.

.............Қазақ тілі Сөйлем (2 сынып)........................ сатып алды.

.......................Қазақ тілі Сөйлем (2 сынып)................ берді.

4 тапсырма

Орны ауыстырылған сөйлемдерден дұрыс мәтін құра. Сөйлемдердің ретін анықта

Нұрымжан сиырын байлады.

Кеш батты.

Сиырлар өрістен қайтты.

Күн ұясына қонды.

Сергіту сәті

Экватор белде деп,

Белді бұрай қозғасаң.

Сағат тілі батысқа,

Жер айналар шығысқа»

«Қол көтерсем солтүстік,

Топ-топ бассам оңтүстік.

Қолды созсам жан-жаққа,

Көрсетеді бағытты.

Батыс пенен шығысты,

Иіліп сәлем берейік,

3 деңгей

5 тапсырма

Берілген суреттер бойынша сөйлем құра

Қазақ тілі Сөйлем (2 сынып)Қазақ тілі Сөйлем (2 сынып)Қазақ тілі Сөйлем (2 сынып)Қазақ тілі Сөйлем (2 сынып)

6 тапсырма

Өлеңде ақын не айтқысы келген? Ақынның ойы қандай сөйлемде қорытылады? Астын сыз

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті-

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.....

Өнерлі екен он саусақ!

Қала салсақ, жол салсақ.

Шығармашылық тапсырма

Жоспар бойыншы мәтін құра

1.Құстардың қысқы тіршілігі

2.Балалардың құстарға қамқорлығы

IV.Бекіту

Тест

1.Қай сөздер қатарынан сөйлем құрауға болады?

а) алма, гүл, кітап

ә) барды, мектепке, оқушылар+

б) тамаша, дәптер, жазды

2.Сөйлем неден құралады?

а) буыннан

ә) дыбыстан

б) сөзден+

3.Сөйлемді аяқта. Ілияс сабақ оқып....

а) жүгірді

ә) тұрды

б) отыр+

4.Бес сөз бар сөйлемді тап

а) Жандос сабақ оқыды

ә) Қайрат шахмат ойнауды білмейді

б) Мәлік Қайратқа шахмат ойнауды үйретті+

© 2010-2022