Кураторлық сағаттың тақырыбы: Біздің елбасы (2сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Көкшетау қаласы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

1 желтоқсан-Тұңғыш президент күніне арналған кураторлық сағаттың тақырыбы:

«Біздің елбасы»













2 «в» сынып кураторы:Шамиганова Р.М















2 «В»сынып кураторы: Шамиганова Р.М

Кураторлық сағаттың тақырыбы: Біздің елбасы (2сынып)







Кураторлық сағаттың тақырыбы: «Біздің елбасы»

Мақсаты: 1.Қазақ халқының тұңғыш президенті -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: «Менің президентке сыйлығым» сурет көқрмесі «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-тұңғыш президент» презентациясы

Мұғалім сөзі:

Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Астана - Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы - Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР - ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Еліміз елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)

1-оқушы: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы -
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
2-оқушы

Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!

3-оқушы:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар - бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

4-оқушы:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

5-оқушы

Әуелгі Отан - ана алды, оттың басы,

Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.

Сағынғанда тым ыстық көрінеді,

Жазда ойнаған үйшік қып сайдың тасы.

6-оқушы :

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен -

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

7-оқушы:

Отан дейміз кең-байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

8-оқушы

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына

Айтамын әрқашанда сөздің шынын,

Атқарған сансыз еңбек халық үшін.

Ойын «Жалғасын тап»

Отан, туған жер туралы мақал - мәтелдердің жалғасын табу

1. Отан үшін күрес - ерге тиген үлес.

2.Отан- отбасынан басталады.

3. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл

4. Туған жер - тұғырың,
Туған ел - Қыдырың

5. Туған жердей -жер болмас

Туған елдей - ел болмас.

Қорытынды сөз:

Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Мұғалім: Біздің президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Ән: «Жаса Қазақстан».

© 2010-2022