Методическая разработка на тему: «Көктем шуағы»

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс жұмыс тақырыбы: «Көктем шуағы»

Сыныптары: 1 «А», «Б» Мақсаты: көктемнің өзіндік белгілері туралы түсінік беру, оқушыларға көрікті көктем жайында табиғатты көркемдеп сурет салдыру, талабын ұштау, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырыптық суреттер, өлең шумағынан үзінді.

Ару көктем, армысың!

Көкке біткен әнбісің,

Жерге біткен сәнбісің,

Алтын арай таңбысың?!

Қош келіпсің, армысың!

Барысы:

I. Кіріспе сөз Көктем туа табиғат әлеміне жан бітіп, дүр сілкінеді. Жердің буы бұрқырап, жаппай көк шығып, айнала құлпырып, гүлдене бастайды. Жауқазын гүлдері ашылып, ағаштар бүршік жарады. Дала, орман құстары құйқылжыта сайрап, орман ағаштары жаппай бүршік атып, жасыл желек жамылады.

II. Бұл қай кезде болады?

Қар, мұз еріп,

Су көбейіп, сай-салаға ағады.

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Гүл, бәйшешек басады.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

III. Сайыс мақсатымен таныстыру

Сайыскерлер ортада

IV. Жыр шумақтарынан үзінді

«Көктем келді»

Жақсылықова Әсел 1 «А»

Көлдің мұзын күн тесті,

Аппақ тонын жер шешті.

Жан-жақтан күн күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп.

Жерді жапты көк кілем,

Ондай кілем жоқ, білем!

Көктем келді күлімдеп,

«Міне, саған гүлім!» - деп.

«Көктем»

Күнтуарова Ален, 1 «Б» сынып

Көктем келді күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп.

Бәйшешектер дүркіреп,

Шыға келді қыр түлеп.

Көктем күні шуақты,

Көктем күні қуатты.

Мал жағалап суатты,

Сай - салаға су ақты.

Көбелектер көлбеңдеп,

Ебелектер елбеңдеп,

Қаз - үйректер кердеңдеп,

Ұшып жатыр кқлден кқп.

Күлім қағып күн шығып,

Күн нұрымен бүр шығып,

Ел еңбекке құлшынып,

Қыза түскен тіршілік.

Кеше оралып мал қырдан,

Ауыл маңын даң қылған.

Көктем күні ән - думан,

Қуанады балдырған.

V. Жұмбақтар сайысы

1. Күн күледі,

Жер түледі. (көктем)

2. Тал басында түндіксіз отау. (құстың ұясы)

3. Ұшып жүрген гүл көрдім,

Қонғанда ұстап үлгердім. (көбелек)

4. Көктемнің алғашқы айы. (сәуір)

5. Аққу жүрсе су да.... (сұлу)

6. Орман дәрігері (тоқылдақ)

7. Бізді қоршаған орта (табиғат)

8. Үйіме үйін салады (қарлығаш)

9. Тұмсығында ауы бар,

Бұл қандай құс тауып ал. (бірқазан)

10. Ерте тұрады, жар шақырады. (әтеш)

VI. Мақал -мәтелдер (алдын ала берілген тапсырмалар жүйесі бойынша).

VII. «Көктем шуағы» атты сурет сайысының қорытындысы

VIII. Концерттік бағдарлама

1. Ән «Ертегілер елінде» Қожамұратова Аида 1 «А» сынып

2. Ән «Веснянка» Умирзакова Камила, Күнтуарова Ален 1 «Б» сынып

3. «Буын биі» Идрисов Асылан 1 «А» сынып

IX. Қорытынды

«Ару көктем, армысың?!»

Жүсіп Қыдыров

Көкке біткен әнбісің,

Жерге біткен сәнбісің,

Алтын арай таңбысың?!

Қош келіпсің, армысың!

Қыстың ызғар қабағы

Күнге еріп барады.

Ой мен қырдың алабы

Бәйшешек боп жанады.

Ару көктем, армысың!

Думан деген сенбісің,

Көкке біткен әнбісің,

Алтын арай таңбысың?!

Қош келіпсің, армысың?!



© 2010-2022