ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ОҚЫТУ МАЗМҰНЫ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Осы өмірдің есігін ашып, ең алғаш рет жер басып, жүре бастағаннан бала өмір сүруге үйренеді. Үш- төрт жасқа дейін ол қоршаған ортаны тани бастайды, қайырымдылық, сүйіспеншілікті - анасынан, күштілікті әкесінен, ақылдылық қасиетін - ата-әжесінен үйренеді. Ал 5-6 жасқа жеткен кезде біз балабақшада қосымша білім береміз. Осы алған білімдері көп жылдар өтсе де, өмірден өз орнын тауып, жақсы адам, кәсіби маман болуына себеб болады. Ұлы Абай айтқандай өмірге кірпіш болып қаланады. Қарапайым сөзбен айтсақ осы кірпіштің сапасы балабақша мамандарына да байланысты, себебі балабақшаның тәрбие жұмысының негізгі мақсаты: қазіргі өмір талабына сай, дені сау, ақыл, ой- өрісі кең, адамгершілік қасиеттері мол жеке тұлғаны тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін өзінің негізгі іс- әрекеті- ойын. « Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?! » дейді біздің қазақ халқымыз. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С. Макаренко былай деп жазады: «Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады». Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, оның іздемпаздық, тапқырлық қабілеті оянады. Ойын бала үшін нағыз өмір.Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті - рөлдік, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар, дидактикалық ойындар болып бөлінеді. Сюжетті- рольді ойындардың ерекшелігі - оны балалардың өздері жасайды. Баланың өнерпаздық және шығармашылық қабілеті дамиды. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен», «Аурухана», «Шаштараз», «Отбасы», т.б. Драматизациялық ойындар бір әдеби шығарманың, ертегінің, т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Дидактикалық құрылыс ойыны - балалар әрекетінің бір түрі. Оның мазмұны қоршаған өмірді бейнелеу. Бір жағынан сюжетті- рольдік ойынға ұқсас және соның бір түрі деп қаралады. Қимыл ойындары - балаға дене тәрбиесін беру құралы. Балалардың жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Ұлттық ойындар - «Соқыр теке», « Арқан тарту», «Төс қағыспақ», «Көкпар», «Асық», «Бәйге», «Тақия тастамақ», т.б. балаларды ептілікке, шапшандыққа баулиды. Ертеңгіліктерде, ойын- сауықтарда, серуенде балалар қызығып ойнайды. Баланың байқағыштық, зерттеп салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай, сонымен қатар сөздік қорын молайтуда дидактикалық ойындардың орны ерекше болып табылады. Басқа ұлт өкілдеріне, әсіресе жазбайтын, оқымайтын балаларға тіл үйретудің өте қиын екендігі белгілі. Дегенмен 4-7 жас арасындағы балалардың сөзді қабылдау, есте сақтау қабілеті өте жоғары. Жұмысымызда осы ерекшеліктеріне біз мән береміз. Қазақ тіліне оқытуда дидактикалық ойын маңызды құрал болып есептеледі. Мен ойын арқылы білімді меңгеріп және оны бекіту үшін дағды мен әдепті қалыптастырамын. Балабақшада жиі қолданатын дидактикалық ойын түрлерін өткіземін:

  1. Ойыншықпен және түрлі ойын материалдарымен ойналатын ойындар.
  2. Үстел үстінде ойналатын ойындар «Лото», «Домино», т.б.
  3. Сөздік ойындар.
Дидактикалық ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылады: - дидактикалық тапсырмалар - мазмұны

- ережесі және ойынның

- орындалуы.

Мұнда басты элемент - дидактикалық тапсырмалар, қалған элементтер осы тапсырмаға және оның орындалуына көмектеседі.

Тапсырмалар әр- түрлі болады ( жоспар тақырыптарына сай).

Ойын ережелерге сүйенеді. Ережелер әр баланың ойында не істеу керектігін, қалай істеу керектігін, мақсатқа жету жолдарын көрсетеді және ақыл- ой қабілеттерін дамытады, әсіресе, кішкентай топтағы балалардың өзін- өзі ұстауға, өздерінің мінез- құлықтарын қадағалауға үйретеді. Сонымен бірге, психологиялық жағдайларын жақсартады:көңіл аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке үйретеді.

Балалар алған білімдерін ойын барысында көрсете білуге, бір- бірімен қарым- қатынас жасауға, әділ болуға, қиындық кезінде көмектесуге, өз ойларын жеткізе білуге, қиялының дамуына, қиындықты ақылмен жене білуіне көмектеседі. Осының бәрі баланы мектепке даярлайды.

Дидактикалық ойындар жоспар бойынша сабақта немесе сабақтан тыс уақытта өткізіледі.

Көптеген дидактикалық ойындар балалардың жеке дара ойнауына арналған, олар баланың дербестігін, аңғарғыштығын, өздігінен еңбек етуін жетілдіреді (әр- түрлі дифференциалды карточкалармен ойын, криптограммалар, модульдар, мнемотаблицалар, т.б.). Кейбір ойындар ұжыммен өткізіледі ( «Лото», « Домино», т.б.).

© 2010-2022