Сауат ашу пәнінен сабақ жоспары 1 сынып Оо дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сауат ашу пәнінен сабақ жоспары 1 сынып Оо дыбысы мен әрпіСауат ашу пәнінен сабақ жоспары 1 сынып Оо дыбысы мен әрпіСауат ашу пәнінен сабақ жоспары 1 сынып Оо дыбысы мен әрпіСауат ашу пәнінен сабақ жоспары 1 сынып Оо дыбысы мен әрпіТақырыбы: «О дыбысы мен әрпі»

Сабақтың мақсаты: «О» дыбысы және әрпімен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: «О» дыбысы бар сөздерді талдау.О дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын, әрпін таныту.
Дамытушылық: Сөз сөйлемді оқыту арқылы оқушылардың тіл байлығын молайту, буындардан сөз құрау, сөзді буынға бөлу арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке ,ұқыптылыққа, сауаттылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың технологиясы: "Сатылай кешенді талдау" технологиясы

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Ертегі сабақ

Оқыту формалары: Жеке, жұптық, ұжымдық

Әдіс-тәсілдері: ізденушілік, сөздік, түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, қима әріптер, бейнежазба.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) амандасу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ә) психологиялық дайындық:
Бүгінгі сабақта, көңіл күй тамаша.

Алайық бәріміз бағаны асыға.

Бір керегі жоқ,

Екі керегі жоқ,

Үш нашар,

Төрт жақсы,

Бес тамаша.

II Өткенді пысықтау

«Ертегі еліне саяхат»
Балалар ертегі еліне бір саяхат жасап көрейік. Алдымыздағы қандай ертегі суреті.Бұл сурет «Бауырсақ » ертегісі. Барлықтарың білетін шығарсындар.
Ертеде бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Шал кемпіріне бауырсақ пісіріп берші депті. Кемпір үйде ұн жоқ депті. Шал кемпіріне қапшықтың түбін қағып көрші ұн бар шығар. Кемпірі екі уыстай ұн тауып, оны қаймаққа былғап, бауырсақ жасапты. Оны суысын деп терезенің алдына қойыпты. Бауырсақ домалап жерге түсіпті. Жерден шөпке, шөптен домалап отырып, орманның арасына кіріп кетіпті. Орманның арасынан қоянға кездесіпті.
Қоян: бауырсақ-бауырсақ мен сені жейім депті.Енді балалар бауырсақты құтқару үшін қоянның тапсырмасын орындайық.

Қоянның тапсырмасы: Сұрақ- жауап (ұжымдық)

1. Дыбыс дегеніміз не? /айтамыз, естиміз/
2. Әріп дегеніміз не? /жазамыз, көреміз/

3. Дыбыстар нешеге бөлінеді? /екіге: дауысты, дауыссыз/

«Алма теру» ойыны (жеке)

Балалар енді алма ағашынан алма жинап көрейік. /Өткен дыбыстарды есімізге түсіреміз: Аа, Тт, Пп, Нн, Ғғ, Рр,Лл,Уу,Шш,Йй. Дауыссыз, дауысты дыбыстарды тауып себетке саламыз.


ІІІ.Жаңа сабақ

Қасқырдың тапсырмасы:

Жұмбақты шешу
Сақинаға қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? (О) (ұжымдық, жеке)

  • Балалар О-О-О. (топтастыру)

Оодауысты(неге?) жуан(неге?)

жартылай ашық еріндік

Ережемен таныстыру (ережені іс - қимылдар арқылы түсіндіру)

О дыбысына дыбыстық мінездеме беру

1. О - □ бұл - дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады.
2. Тілдің қатысына қарай - тіл арты немесе жуан дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда тілдің ұшы сәл артқа қарай тартылып, үсті сәл дөңестенеді.

3. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай - жартылай ашық дауысты. Себебі, бұл дыбысты айтқанда жақ жартылай ашылып, ауа еркін шығады.
4. Ерін мен езудің қатысына қарай - еріндік. Себебі, бұл дыбысты айтқанда ерін дөңгеленіп, алға қарай сүйірленуі арқылы жасалады.

Аюдың тапсырмасы:

Оо дыбысына байланысты бейнежазба көрсету. \ӘЛІППЕ\alippe 20.mp4

Отаным сөзіне сөзсазындық талдау жасау.(жұптық)

Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай - жуан буынды сөз. Себебі, сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жуан дауыстылар.

Бұл сөз О - та - ным болып 3буынға бөлінеді. Себебі, сөздің құрамында 3 дауысты дыбыс бар. О - та буындары ашық буындар. Себебі, О буыны жалғыз дауысты дыбыстан тұр. Та буыны дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұр. Ным буыны бітеу буын. Себебі, буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр.
Сергіту сәті

«Жұмыр қылыш»
Түлкінің тапсырмасы:

Дәптермен жұмыс (жеке)

Оо әрпінің бас және кіші әріптерін жазу. Мынау Оо дыбысының таңбасы.Бұл баспа түрі. Бұл жазбаша түрі.Қаламызды алып, ауада жазайық. Үлгі бойынша дәптерге жазу. Екі жол жазу.
1) Кітабымызды аштық, О дыбысына арналған сөздерді бір-бірден оқып шығамыз. (Әр балаға бір сөзден әріптей оқыту)
О-й ой О-р ор О-л ол Т-ой той


Рефлексия
- Бүгін біз не үйрендік? (Бүгін біз Оо дыбысы және әрпімен танысып, жазуды үйрендік)

Сабақты қорытындылау кезеңінде білім ағашына сабақтан алған әсерлерін смайлик жапсыру арқылы көрсетеді.


© 2010-2022