Дені саудың-жаны сау

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Дені саудың- жаны сау.

Мақсаты: Денсаулықты күту, оның адам өмірі үшін маңызын білу, пайдалы кеңестермен танысу. Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер,Суреттер көрмесі. Сабақтың барысы: 1.Психологиялық дайындық. 2.Кіріспе: Денсаулық- өмір жалғасының сәулесі.өз денсаулығыңа қамқор болсаң, жаныңа үнемі сәттілік серік болады. Нанбасаңыз ақылды тыңдаңыз! Ақыл: Денсаулық- бар байлығың басыңдағы, Жайнаған өміріңнің жасыл бағы. Қастерлеп мәпелесең, аяласаң, Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы. 1-оқушы: Өмірдегі қымбаты, асылы денсаулықтың қадірін түсінбеген Еріншек Дерт ауылына тап болады.Осында жүрген Сырқат жаңа досының пайда болғанына қуанып,Еріншектің жанын аш айдаһардай жейді. Сырқат: Арпалысып, күні-түні күресіп, Мен тұрамын аузымды ашып тіресіп. Шыбын жанда шама жоқ күресуге, Минут сайын барамын мен және мендеп. Еріншек: Денсаулық-ең байлықтың бал бұлағы, Қайда кәне бал бұлақтың шымшырағы. Кеудеге жан ендіріп, дем беретін, Жан барма өмірімді көркейтетін. Денсаулық патшасы: Денсаулық қашанда алтынға тең, Болады болашағың жарқында кең. Ойланып, көп тасымай ақылға кел. Денсаулық сақшысы қайдасың?

Еріншекке көмек керек , достарыңды ерте бар Дерт ауылына. Сақшысы денсаулықтың шаршамаған, Өзіңе үміт артар қанша адам! Күн сүйіп, нұр жүзіңдң мерейленіп, Айналып толғанады барша ғалам. Денсаулықтың сақшысы: Дерт меңдеп,айналмасын ішке жара, Ем тауып, оны зерттеу үлкен сала Денсаулықтың достары ,сақшылары Қайғыға орын бермес тауып дана.

Денсаулық достары: Дертке дауа іздейміз, Ізденісті үзбеіміз. Дерт аулын мекендеп , Сырқатты біз жеңеміз!

2- оқушы:

Сөйтіп, олар Дерт аулына тап болады.Бұл Дерт аулы өте қараңғы екен, мұнда денсаулықтың қастары да бар, халыққа зиянын шашып, өздерінің арам пиғылдарын жүзеге асырып жүр.

Денсаулықтың сақшысы: Жадыраған жанымыз бар, Наз дауысты әніміз бар. Ауырғаанда беретін Шипа дәрі, қанымыз бар . Сырқат, біз өзіңе және Еріншекке жалпы денсаулыққа әсер етер зиянды заттардың зардабы туралы айтып, санасына сәуле құйып. Салауатты өмір салтына тәрбиелесек дейміз. Бізге мүмкіндік бере гөр.

Сырқат: Жарайды. Тыңдалық.

АУА: Дерттердің түрлері бір мыңнан асқан, Кейбірі жабысады бала жастан. Асқазан, бүйрек, өкпелерің, Дерт шалып қабынады жаман астан. КҮТІМ :

Темекі тарылтады тамырыңды, Ішкілікар- ұяттан арылтады. Арақпен жақындасып достасқаның- Жұрдай боп адамдықпен қоштасқаның.

ТАЗАЛЫҚ : Есірткі есіртеді есіңді алып, Мәңгіреп отырарсың ойдан қалып. Мәз болып ыржаңдайсың күлкің- түлкі. Бұл ісің көрінбейді саған түрпі.

ЕҢБЕК : Адасқанныңалды- жөн, арты соқпақ, Өткеніңе өкініш, жоқты, жоқтап. Нақұрыстық , азғындық басқа келер. Ойланбасаң егерде сөзге тоқтап.

СЫРҚАТ : Дерт ауылын бақарып, бүкіл адамзатты ауруға шалыдықтырып, болашақтың дамуына кедергі келтңру маған оңай дейсіңдер ме? Барлық аурудың пайда болып, одан әрі өрши түсуіне адмазат кінәлі.Салауатты өмір салтын сақтамайды, ауру тап болған соң ған дәрігерді іздейді.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚШЫСЫ :

ИӘ, Айтпақшы, Еріншекке дәрәгер керек. Дәрігер қайда? Аққу тәрізді ақ халатты абзал жандар көмекке келсе, нұр үстіне нұр болар еді.

© 2010-2022