Дүниетану, математика, қазақ тілі

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану, математика, қазақ тіліКүні: 22.01.2016

Сынып: 2 Д

Мұғалім: Балтабай М.С

Пән: дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Жапырақ, оның қызметі.

Сабақтың мақсаты:

1) Өсімдік мүшелері туралы білімдерін жаңғырту. Жапырақ, оның қызметі, өсімдік үшін маңызы, түрлері туралы түсінің беру.

2) Ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, танымдық белсенділігін арттыру, топпен жұмыс жасауға машықтандыру.

3) Байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа, бірбірін құрметтеуге тәрбиелеу.Табиғатты сүюге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Плакатқа салынған терек суреті, жапырақтар, гүлдер.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жұмыс, топтастыру.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, орыс тілі.

Сабақтың жүру барысы:

1. Ұйымдастыру.

Топқа бөлу.

І топ «Емен» тобы (төртбұрыштар таңдаған оқушылар барады).

ІІ топ «Қайың» тобы (үшбұрыштар таңдаған оқушылар барады)

Топ басшысын сайлау.

2. Психологиялық дайындық.

1,2,3-сынып іші тып-тыныш,

Жалқаулықты тастаймыз,

Біз сабақты бастаймыз!

3. «Қайталау - білім анасы»

- Әр топтың алдында қорапшалар бар. Сол қорапшалардың ішінде сұрақтар бар екен. Топ басшылары осы сұрақтарды қарсы топқа қояды.

1-топ: Өсімдік қандай ағза? (тірі)

2-топ: Өсімдік мүшелерін ата. (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)

Екі топқа тапсырма.

- Өсімдік тірі ағза дедік. Олай болса, өсімдіктің тіршілігіне қажетті жағдайларды есімізге түсірейік.

Экрандағы сөздердің ішінен өсімдікке қажетті жағдайларды табу.

Су, ауа, жылу, жарық, қорек.

Топпен жұмыс. Топтастыру.

1-топ. «Тамыр»

- Өсімдікті жапыраққа бекітеді.

- Топырақтағы ылғалды сіңіреді.

- Тамыр арқылы өсімдік қоректенеді.

- Жер астында орналасады. (тамырдың суретін ілу)

2-топ. «Сабақ»

- Өсімдік мүшелерін бекітеді.

- Тыныс алуға қатысады.

- Топырақтан сіңірген қорегін, өсімдік мүшелеріне таратады.

- Сабақта гүлдер, жапырақтар бекиді. (сабақтың суретін ілу)

- Суретте не пайда болды

Ағаш.

Ағаштарға байланысты білетін сергіту жаттығуымызды орындайықшы.

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағашар

Үп-үлкен боп өседі.

- Енді ағашымызға не жетпейді?

- Жапырақ

4. Жаңа сабақ .

- Олай болса, бүгінгі сабақта өсімдіктің тағы бір мүшесі жапырақпен танысамыз.

- Күннің жады, жаңа тақырыпты дәптерге жазу.

- Жапырақ туралы не білесіңдер?

(оқушылардың ойларын тыңдау)

Жапырақ туралы түсінік беру.

Жапырақ - өсімдіктің негізгі мүшесінің бірі,ол көмірқышқыл газын бойына сіңіріп, оттегін бөліп шығарады. Жапыраққа қорек (су еріген тұздар) сабақ арқылы тамырдан келеді.

Жапырақтың негізгі қызметтері:

- Жапырақ арқылы өсімдік тыныс алады.

- Өсімдік бойындағы артық су жапырақ арқылы буланады.

- Буланған жапырақ өсімдікті салқындатып тұрады.

Жапырақтың сыртқы құрылысы

Жапырақ тақтасынан (алақанынан) және сағақтан тұрады.

- Жапрақтың кеңейген жері - тақтасы,

- Сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі - сағағы деп аталады.

Сағақсыз жапырақтар да болады.

Сабақ буынынан тармақталған сағақты бір жапырақ өсіп шықса - жәй Жапырақ

Бір сағаққа бірнеше жапырақ орналасса - күрделі Жапырақ деп аталады.

Жапырақтың мөлшері, пішіні әр түрлі болады.

Мысалы бөлме гүлдеріне назар аударайық: жапырақтарының пішіндері әр түрлі.

Сол сияқты ағаштардың да жапырақтары әр түрлі болды. Осыған дәлел экранға назар аударайық. (видеоролик)

- Қайың ағашының жапырағы (береза)

- Көктерек ағашы (осина)

- Үйеңкі ағашы (клен)

- Талшын ағашы (каштан)

- Емен ағашы (дуб)

- Шаған ағашы (ясень)

- Жылауық тал (плакучая ива)

- Шегіршін ағашы (вяз)

- Шетен ағашы (рябина)

- Қараған ағашы (акация)

- Бәйтерек ағашы (тополь)

- Шырша ағашы (ель)

- Мінекей, балалар, жапрықтардың түрлері өте көп екен.

Бұл ағашарды біздер күнделікті өмірде көріп жүрміз. Сонымен қатар балалар жер бетінде ерекше өсімдіктер де болады екен.

Оны біз «Ең, ең, ең ...» айдарынан көрейік.

- Дүние жүзіндегі ең биік, үлкен ағаш - «Секвойя» ағашы екен. Оның басқаша аты «Қызыл терек» Оның биіктігі 100 метрден асады екен. Ал диаметрі 8 мерден асады. Секвойя ағашы 3000 жылдан астам тіршілік етеді.

- Дүние жүзіндегі ең үлкен гүл - «Раффлезия Арнольди» гүлі. Бұл гүл Малайзия джунглиларында өседі. Оның жалпақтығы 1 метрден, салмағы 7 кг-нан асады екен. Бұл гүлдің иісі шіріген еттің иісі сияқты өте жаман екен.

- Дүние жүзіндегі ең кішкентай гүл - «Вольфия» гүлі екен. Өте сирек кездесетін гүл түрі. Бұл гүлді жәй көзбен көру қиын, үлкейткіш құралдар арқылы ғана анық көруге болады екен. Ең қызығы бұл гүлдің тамыры мен жапырақтары болмайды екен.

Барлық өсімдіктер жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп отырады екен.

-Неліктен деп ойлайсыңдар?

(видеоролик көрсете отырып түсіндіру)

Мысалы күз мезгілінде көп жапырақтар сарғайып түсе бастайды. Жапырқтың құрамында хлорофилл деген зат болады. Осы хлорофилл өсімдікке жасыл түс беріп тұрады. Күн көзін қоректік заттарға айналдыру үшін өсімдікке хлорофилл қажет екен. Күзде ауа райы салқындап, топырқта қоректік заттар азаяды. Өсімдік тамырының суды сіңіруі нашарлайды. Жапыраққа қажетті күн көзінің жылуы да нашарлайды. Өсімдіктер қысқы ұйқыға дайындалады. Осыдан келіп өсімдік бойында хлорофилл азайып, жапырақ сарғаяды екен.

Осы қурап түскен жапырақтар да пайдалы екен.

Адамдар қураған жапырақтарды топыраққа көміп, шірітеді. Шіріндісі көп топырақта өсімдік жақсы өседі.

- Күз мезгіліне байланысты оқулығымызда тақпақ бар екен. Осы тақпақты бәріміз орнымыздан тұрып бірге оқиықшы.

Бұлт ағады аулаққа,

Күз келіпті бау-баққа.

Жаздай піскен жаңғақ та,

Шашылады жан-жаққа.

5. Топтық жұмыс

«Сәйкестендіру»

1-топ 2-топ

Емен Қайың

Талшын Үйеңкі

Түймедағы Жауқазын

Бәйшешек Күнбағыс

- Экранға дұрыс жауап шығады, екі топ бір-бірінікін тексереді.

Сабақты бекіту.

Ребус шешу

1-топ «Табиғатты » 2-топ «аялайық»

Табиғатты аялайық

- Табиғаттың адам өміріндегі маңызы қандай?

- Өсімдіктердің адамға пайдасы бар ма?

- Олай болса, айналамызды қоршаған әсем табиғатымызды үнемі қорғап жүрейік!

Рефлексия

- Сендерге сабақ ұнаған болса, алдарыңда шашылып жатқан жапырақтарды ағашымызға орналастырайық.

Бағалау. Топ басшылары бағалау бетшелерінің қорытындысын айтады.

Үйге тапсырма.

Жапырақ. Оқу, суреттерін салу.



Күні: 29.01.2016

Сынып: 2 Д

Мұғалім: Балтабай М.С

Пән: дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өсімдіктің өсуі - өнуі, жетіліп жеміске айналуы жайлы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушының дүниетанымын, қызығушылығын, ой - өрісін, есте сақтауын, ақыл - ойын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, қорғауға, экологияны жақсартуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Топтастыру, салыстыру, 5 жолды өлең, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, суреттер, Интербелсенді тақта. Электронды оқулық.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, қайталау.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық дайындық
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз,
Иіліп сәлем береміз.
Біз әдепті баламыз.
Біз әдемі, көрікті,
Біз ақылды, әдепті.
Біз зейінді зерекпіз.

Әр топқа сұрақтар қою арқылы өтілген тақырыпты қайталау.
1. Өсімдік қандай мүшелерден тұрады?
2. Жапырақтың атқаратын қызметі қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ:
Оқушылар үш топқа бөлінеді. (Алма, Алмұрт, Жүзім).
Оқушылар қолдарындағы суреттермен топқа жиналады. Спикер тағайындайды.
1 - топ Алма. 2 - топ Алмұрт. 3 - топ Жүзім.
Жаңа сабаққа байланысты жұмбақтар шешу. (Слайд№1) (5минут)
1. Көктемде жерге енемін,
Ылғалда өсіп - өнемін.
Менің өскен жемісім,
Қыс бойғы сенің қорегің. (Тұқым)
2. Аспай піскен,
Қайнамай түскен. (Жеміс)
Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Тұқым және жеміс» деп аталады, яғни өсімдіктің көбею мүшелерімен танысамыз.
Топпен жұмыс:
Мәтінді әр топ мүшелеріне бөліктерге бөліп беру.
Әр топ мүшесі оқиды, топта талқылайды, Спикер түсінгенін айтып беруі тиіс.
Сұрақтар әр топқа: Слайдпен көрсетіледі.
1. Жеміс неден жетіледі? ( Гүл түйінінен)
2. Тұқым нешеге бөлінеді? (2 - ге бөлінеді Құрғақ және шырынды)
3. Тұқымы жемістің ішінде болатын өсімдіктерді атаңдар.
( Алма, қауын, қарбыз, қияр)
VІ. Электронды оқулықпен жұмыс:
Тапсырмадар орындау.
1. Шырынды жемісті құмыраға және құрғақ тұқымды себетке салу.
2. Жел арқылы таралатын өсімдіктерді ажырату, белгілеу.
VІІ. Сабақты бекіту: Әр топ өз топ атауына 5 жол өлең құрастыру.
3. Зат есім.
4. Екі сын есім
5. Үш етістік
6. Сөйлем.
7. Бір ой.
Жеке, Топта, Әр топ 5 жол өлең құрастырып жазады.
5 жол өлеңді Спикерлер оқып береді.
Қошеметтеу. Мадақтап, уәж айту.
Бағалау: Топтың спикерлері топ мүшелерін ауызша бағалайды.
Ал енді балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Ендеше алдарыңдағы смайликтермен бағалайық. (Оқушылар смайликтерін көтеріп көрсетеді)
Үйге тапсырма: Өзіңе ұнаған жемісті сипаттап, зерттеп келу.
«Тұқым және жеміс» мәтінін оқу, әңгімелеу.



Күні: 18.01.2016

Сынып: 2 Д

Мұғалім: Балтабай М.С

Пән: математика

Сабақтың тақырыбы: Тіртөртбұрыш. Тіктөртбұрыштың қарама қарсы қабырғалары және олардың қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:тік төртбұрыш жайында түсінік беру; тік төртбұрыштың қасиетін анықтау; есепті әр түрлі тәсілмен шығару;

Дамытушылығы: шығармашылық ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту, оқушының белсенділігін артыру, өзін- өзі бағалауды үйрету;

Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, шапшандылыққа, өздігінен жұмыс істей білуге, өз жұмысын бақылауға үйрету.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ- жауап, СТО әдісі,

Көрнекілігі:слайдтар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Психологиялық даярлық.

Дүниетану, математика, қазақ тілі

  1. Өткенді пысықтау

«Адасқан буындар» ойыны арқылы «қосудың қасиеті» деген сөзді табады. Топтастыру жұмысы арқылы қосудың қасиетін еске түсіреді.

Дүниетану, математика, қазақ тілі

  1. Көркем жазу

  • Балалар, қосудың қасиетін қайталау барысында қандай сан қосындының мәні болды , демек, біз бүгін 12 саның көркем етіп жазамыз. Жазу ережесі пысықталады.

  • 12 саныңда қанша ондық, бірлік бар?

  • 12 қандай сандардың қосындысы?

  • 12см-де қанша дм және см бар?

  • 12 санының құрамын еске түсірейік.

  1. «Ойлан, тап!» ойыны арқылы балалар бұрыштың түрлерін қайталайды.

Дүниетану, математика, қазақ тілі

  1. Графикалық диктант

Графикалық диктант арқылы тік төртбұрыш салу. Дүниетану, математика, қазақ тілі

-Бұл қандай фигура? - Тік төртбұрыш.

Неге тік төртбұрыш дейміз? - Өйткені, оның барлық қабырғалары тік болады.

Дүниетану, математика, қазақ тілі

Өздік жұмысы

12+3 58+20 63-60+24 11-6+9

3+12 20+58 87-80+15 7+9-8

5+14 36+60 30+4+50 15-8+7

2+55 60+36 70+2+20 8+4-5


  1. Бекіту Оқулықпен жұмыс

1- есеп

Өзіндік жұмыс. Қатар бойынша орындау. Неге тік төртбұрыш екендігін дәлелдейді.

Дүниетану, математика, қазақ тілі



  1. Сергіту сәті

Дүниетану, математика, қазақ тілі

  1. «Балапанға көмектесейік» әйнекшенің орнына тиісті таңба мен санды қою.

Дүниетану, математика, қазақ тілі

  1. Тақтамен жұмыс

2 - есеп Тиімді тәсілмен шығару

Альдымен -4 қ.б.

Кейін-5 қ.б. және 3 ж.б.



Күні: 18.01.2016

Сынып: 2 Д

Мұғалім: Балтабай М.С

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның бір-бірінен айырмашылығы

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға түбір мен қосымша туралы мағлұмат беру.Сөздердің түбірі мен қосымшасы болатынын байқату.Түбір мен қосымшаны бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру.Ой-өрісін дамыту.Сөздік қорын байыту.Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.Өз елін мақтан тұтуға,еңбекқорлыққа,мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: (Сиқырлы өлке,қария,алма ағашы),ойындар,суреттер,портреттер,домбыра,қобыз,ребустар,

мақал-мәтелдер

Сабақтың түрі:кіріктірілген аралас сабақ(өнер мектебіде домбыра,қобызға қатысатын балалар),музыка,ана тілі

Сабақтың жүрісі:Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа сабақ:

-Ерте-ерте, ертеде,біз білмейтін сиқырлы өлкеде бір қария өмір сүріпті.Ол қарияның бағында алтын ағаш өсіпті.Қария сол ағашта өскен алманы базарға апарып сатып күнін көреді екен.Оның көршісі оны қызғанып,түнде келіп ағашты кесіп кетеді де,оны өз үйінің бағына отырғызады.Ағаш өспей қалады.

-Неге?

Қария ертесі есіктің алдында тұрған ағашының жоқ екенін байқайды.

Мақал-мәтелдер: Жаманмен жолдас болсаң кесірі жұғар,

Жақсымен жолдас болсаң нәсібі жұғар.

Жақсы дос пайдасын тигізбесе де,зиянын тигізбейді,

Жаман дос алдыңды орап жүргізбейді.

-Көршісі кешірім сұрап алма ағашын қайтарып береді.Қария ағаштың түбіне су құйып күте бастайды.Сонда ағашқа қосымша бұтақтар өсіп,кейін қайтадан жеміс береді.

Мінекей балалар біздің сөзімізде түбір болмаса мағнасы болмайды.

Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігін түбір(түбір сөз) дейміз.

Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.

«Қолғаптың сыңарын тап» ойыны.

Мектептер ерлік таулар жұмысшы аяздың

Сөйлемдер құрату.

Оқулықпен жұмыс. 277- жаттығу.

Мәтінді оқы. Сөйлемдердегі Сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат.

Қарағанды - Қазақстандағы ірі өндіріс орындарының бірі. Өндірісте мыңдаған жұмысшы жұмыс істейді.

Қарағандының қысы суық, ұзақ болады. Ал жазда күн ыстық болып, құрғақ, аңызақ жел соғып тұрады.

Сергіту сәті

278 -жаттығу.

Кестені толықтыр. Әр бағанға не жазғаныңды түсіндір.

Мал - шы малшы

Дәптер -лер дәптерлер

279 -жаттығу. Өз бетімен жұмыс.

Түбір сөздерді бір бөлек, қосымшалы сөздерді бір бөлек топтастыр.

Дала, іс, түн, қобыз.

Қалада, жазғы, орындық, көлшік.

280--жаттығу

Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді сөз құрамын талда.

Оқулық. Түбірі - оқу; - лық - қосымша.

Фонетикалық талдау (дыбыстық талдау)

Көлшік - 2 буын, 6 әріп, 6 дыбыс, 2 дауысты, 4 дауыссыз.

К- дауыссыз, қатаң дыбыс

Ө - дауысты, жіңішке дыбыс

Л - дауысты, үнді дыбыс

І - дауысты, жіңішке дыбыс

К - дауыссыз, қатаң дыбыс

Сөздік диктант

Түбірі мен қосымшасын ажырату.

Ағаштар, сөздік, бірлік, аңшы, қалалық, елші, татулық, жылқышы, ботақан, көкшіл, жетінші.

Шығармашылық тапсырмалар (таратпа қағаздар)

1. Берілген сөздерге қосымша жалға, түбірі мен қосымшасын белгіле.

Адам, кітап, жасыл, ақ, жылқы, жапырақ, қоңыр, сұр, ақын, ай, үй, батыр, терең, ою, қала, дала, арба, орындық, түйе, қой, бұрыш, ара.

2. Мына берілген суретке қарап сөйлем құра.Дүниетану, математика, қазақ тілі

Дүниетану, математика, қазақ тіліДүниетану, математика, қазақ тілі

3. Төмендегі сөздерге тұсындағы қосымшаларды тиістісін жалғап жаз:

1. Би, қобыз, көп, сауық -шы, -ші,- шіл,-шыл.

2. Іс, орын, талап, көл - дық, -кер, -шік.

3. Қыс, арба, түн, жаз - гі, лы, -қы, -ғы.

4. Сөздерге тиісті қосымшаны жалғап, сөйлеп құрап жаз.

1. Баян, сабақ, әзірлен.

2.Мұғалім, сынып, кір.

3. Аула, қар, күре.

4. Серік, доп, сат, ал.

Сабақты бекіту

Ереже сұрау. Мысалдар келтіру.

Үйге:281-жаттығу, ереже жаттау

Бағалау

Күні: 18.01.2016

Сынып: 2 Д

Мұғалім: Балтабай М.С

Пән: әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Апаның тілін алса егер...

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға адамгершілік , қарапайымдылық, кішіпейілділік, еңбексүйгіштіктің қажеттілігін ұғындыру.

  1. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

  2. Әдептілікке, ұқыптылыққа, жаман қасиеттен аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, венн диаграмма, бейнефильмдер

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, топтастыру, әңгімелеу

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру

Оқушыларды ұйымдастырып, сабаққа әзірлеймін

ә) Психологиялық дайындық жүргізу

Мұғалім: - Балалар, осы сендер қандайсыңдар?

Бәрі: - Осы біз қандаймыз?

1-қатар: - Тіліміз тәтті, балдаймыз

2-қатар: - Сәл еркелеу, бұзықпыз

3-қатар: - Кейде тіпті қызықпыз

Бәрі: Жүзіміз айдай, талабымыз таудай!

Мұғалім: Ендеше, балалар талабымыз таудай екенін, білімге құштарлығымызды көрсетейік.

Үй тапсырмасын сұрау

а) Жақан Смақовтың «Айтшы әжетай» өлеңі

Жаңа сабақ

Ой қозғау «Сөзжұмбақ» шешу

  1. Әкенің шешесі кім?(әже)

  2. Әкенің әкесі кім? (ата)

  3. Ер баламен бірге туған жасы кіші қыз бала (қарындас)

  4. Бірге туған өзіңнен жасы үлкен ер бала (аға)

  5. Ұлдың баласы (немере)

Автор туралы түсінік беру

Жақан Смақов

Ақын Қарағанды «Отан» 101 жұмбақ, «Бақ-бақ»

облысысында «Айтшы әжетай» «Жаңғырық» т.б кітаптары

туған (өлеңдері) жарық көрген

Мұғалім: 1. Өзінен үлкен кісіні, сыйлаудыда ол білмейді

Шықпай жатып көшеге

Үсті-басы кірлейді

Бұл баланы кім дейді? «Салақ бала»

  1. Жақсы бала ол анық

Істемейді шалалық

Тап-таза боп жуынып

Алады өзі таранып «Әдепті бала»

Олай болса, балалар, адам бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Біз адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті, инабаттылық пен шындықты үлкендер үйретеді. Олар біздің ата-аналарымыз, ұстаздарымыз. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттен аулақ болуға тырысады. Әркімнің өзінің бойында жақсы қасиеттер бар.Соны атымыздың (есім) басты әрпімен байланыстырып айтайық.

Мысалы: Ақай - ақпейілмін, Мерей - мейірімдімін, Темірлан - тәртіптімін, Нұрхаят - намыстымын, Айдана - адалмын

Мұғалім: Міне, балалар, сендер өз есімдерің арқылы

  1. біраз жақсы қасиеттерді атап шықтыңдар

  2. суреттер арқылы жаман қасиеттерді атату

- Балалар сендерді дүниеге аналарың әкелді

- Ана деген кім?

Бейнефильм көрсету «Ана туралы»

Топтастыру: «Ана - біздің күніміз»

Ана

Өлеңмен жұмыс: «Апаның тілін алса егер…»

  1. Мәнерлеп оқып беру, түсіндіру

  2. тізбектей мәнерлеп оқыту

Сергіту сәті: Үлкендерді сыйлаймыз

Айтқандарын тыңдаймыз

Төсекті де жинамыз

Ыдысты да жуамыз

Гүлге де су құямыз

Отынды да жарамыз

Дүкенге де арамыз

Апа тілін аламыз

Біз әдепті баламыз

Венн диаграммасы

Топтық жұмыс (дәптерге)

1-топ: Жақсы бала құлақ сап

Айтқаныңды . . . (ұғады)

Төсегінен тұра сап

Таза ауаға . . . (шығады)

2-топ: «Мақал - мәтел»

Әдепті бала - . . . ( арлы бала )

Әдепсіз бала - . . . (сорлы бала)

Әдепті бала ата - анасын . . . (мақтатар)

Әдепсіз бала ата-анасын . . . (қақсатар)

3-топ: Жаман бала қырысып

Өз-өзінен . . . (тырысып)

Түске дейін жатады

Шешесімен . . . (ұрысып)

Қағаз тілшелерімен жұмыс

А) Күннің шуағы (жақсы қасиеттер)

Б) Бұлтты аспан (жағымсыз қасиеттер)

Олай болса «Абай» атамыздың мына бір өлеңін еске түсірейікші

Бес нәрседен қашық бол

Бес нәрсеге асық бол

Адам болам десеңіз

Өсек, өтірік мақтаншақ

Еріншек бекер, мал шашпақ

Бес дұшпанын білсеңіз

Талап, еңбек, терең ой

Қанағат, рақым ойлап қой

  • Осы Абай атамыздың нақыл өлеңін мәңгі жадыларында сақтап, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, білімді, еңбекқор, тәрбиелі оқушы болып өсулеріңе тілектеспін.

Бүгінгі сабақтан үйренген, білгендеріңді өмірде қолдана біліңдер. Ата-аналарыңның, ұстаздардың мектеп мақтанышы болыңдар, мен сендерге сенемін.

Бір-біріне жақсы тілек, лебіздер айту.

Қорытындылау: 1. Жақан Смақовтың қандай өлеңімен таныстық

  1. Ақынның ойын түсіндің бе?

Бірге: Жақсылықты үйреніп

Боламыз біз жақсы адам

Жамандықтан жиреніп

Үлгі аламыз жақсыдан

Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнаса, көңілдеріңнен шықса, 3 рет қол соғамыз

Үйге тапсырма: мәнерлеп оқу, мазмұндау, кестені толтыр


© 2010-2022