Геометриялық тапсырма

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Геометриялық тапсырмаГеометриялық тапсырмаГеометриялық тапсырмаГеометриялық тапсырмаГеометриялық тапсырма

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық тапсырмалар

Сабақтың мақсаты: І Білімділігі: Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыра отырып, қызықты математика әлеміне жетелеу, оқушылардың білімін шыңдау. ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың ынта - жігерін, алғырттылығы мен шапшаңдығын шығармашылыққа жетелеу. ІІІ Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелей отырып, білімпазқа жетелеу, тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау. Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т.б. Пәнаралық байланыс: Математика.

Мұғалім:

Математика елінде

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып

Білімдеріңді, сынайық,

Сұрақтары:

1.Квадрат сантиметр дегеніміз не?

(Қабырғаларының ұзындығы 1см-ге тең шаршы).

2.1см квадратта неше мм бар?(100мм кв.)

3.1 м.кв. Неше см? (10.000см кв)

4.1 га неше м? (10.000м кв)

5.1 дм.кв неше см? (100 см.кв)

6.Тік бұрышты параллелипедтің көлемін қалай табамыз?

(Оның ұзындығын еніне көбейту керек, шыққан көбейтіндіні биіктігіне көбейту керек.)

7. Көп таңбалы сандарды қалай оқиды?

(Оңнан солға үш цифрдан кластарға бөледі. Осыдан кейін әрбір класта қанша бірлік бары анықталады. Алдымен жоғарғы класс- мыңдар класының бірліктері айтылып, кейін бірінші кластың бірліктері оқылады.)

8. Теңдеу дегеніміз не?

(Оның құрамына енетін өрнектің мәнін табуды қажет ететін теңдік)

9.Кері есеп дегеніміз не?

(Кері есептер мазмұны мен сандары ұқсас бірақ біріншіде белгілі болған дерек екіншіде белгісіз, біріншіде белгігісіз болған дерек екіншіде белгілі болатын екі есеп.)

10. Тәуліктің екінші жартысы қай сағаттан басталады?

(12-ден басталады)

«Көкпар» қазақтың ұлттық ойыны болғандықтан біз бұл ойынды сайысымыздан тыс қалдыра алмадық.

Ауызша есептер шығару

1.Сегізден бір бөлігі 15-ке тең болатын толық санды тап. (120)

2. Теңдікте 54 саны шығу үшін 3-ке қандай санды көбейту керек? (18-ді)

3.Бірдей 25 қосылғыштың қосындысының мәні 1000-ға тең. Қосылғыш нешеге тең? (40)

4.5 чемодан мен олардың 5 кілті бар. Қай кілттің қай чемоданға түсетінін неше рет байқап көруге болады? (120рет)

5.Сүтке толтырылған бидонның массасы 32кг, сүтсіз салмағы 2кг.Сүтке жартылай толған бидонның салмағы қандай? (17кг)

6.Егер шахматшылар жарысында дөңгелек турнирде 190 партия шахмат ойналған болса, онда бұл жарысқа қанша шахматшы қатысқан? (20. 19*20/2 тең 190)

7.Азайтқышы -49 , айырмасы-51 болғанда азайғыш нешеге тең болатынын жаз. (100)

8.Ең кіші жеті таңбалы сан қанша? (1.000.000)

9.Ең үлкен бір таңбалы , ең үлкен үш таңбалы сандардың қосындысы мен ең кіші төрт таңбалы санның айырмасының мәнін тап. (8)

10.Ойлаған санның төрттен бір бөлігіне 26-ны қосқанда 70 шықты. Қандай сан ойлаған? (.11)

«Тірі сұрақ» (Логикалық есеп беріледі)

Қолды көтермей сызып шығу керек.

Сабақты қорытындылау

Бағалау


© 2010-2022