Сынып сағаты Әліппемен қоштасу

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Әліппе - білім бастауы

Сабақтың мақсаты: Оқушылар шығармашылығын арттыру, логикалық ой - өрісін, сөздік қорын дамыту. Білімге қызығушылығын арттыру.

Мәнерлеп тақпақ айтып, рөльдерде ойнауға, өнер көрсетуге дағдыландырып, машықтандыру.

Көрнекілігі: Әріптер қатары, суреттер, маскалар, үлестірмелер, қанатты сөздер, техникалық құралдар слайдтар, шарлар т.б.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

  • Балалар біз бүгін не үшін жиналып, әбігерленудеміз?

  • Мектеп табалдырығын алғаш аттаған кезде, қандай көңіл - күйде болып едіңдер?

  • Ал, қазыргі күнде ше?

  • Алғаш бізге әріптер туралы мағлұмат беріп, әріптер ордасына жол ашқан қай кітап?

  • Ал осы оқулықтың алғашқы бетінде қандай алғы сөз жазылған, оны кім, кімдерге арнаған? (Слайдтан Н. Назарбаев портретін көрсету).

Аяулым:

- Айналайын!

Қолыңдағы әсем кітап «Әліппең» - аяулы ана тіліңнің мөлдір бастауы, білім шыңына жол ашар ақылшың.

Дастан:

Білім есігін ашқан алғашқы қадамың құтты болсын!

Дарын:

Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, Елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ.

Еркежен:

Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болып өсетініңе сенемін.

- Ал осы Әліппе оқулығын ең алғаш жазған, қазақ балары үшін құрастырған кім? Ол туралы не білесіңдер? (Слайдтармен жұмыс). ӘЛІППЕ - оқу мен жазуға үйрететін тұңғыш оқулық. Ал, қазақ балалары үшін тұңғыш Әліппе жазған Ахмет Байтұрсынов, ал оқулығын жазған Ыбырай Алтынсарин.

  • Ахмет Байтурсынов өз өлеңінде не айтқан еді?

Ерәлі:

  • Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап!

Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!

Шақырды тауық мана, әлдеқашан,

Қарап тұр терезеден күн жалтырап.

  • Ыбырай Алтынсарин балаларға, сендерге қандай өсиет өлеңін қалдырған?

  • Кел, балалар, оқылық.

Дана:

  • Бір аллаға сыйынып,

Кел, балалар оқылық.

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық!

Әбдікәрім Назерке:

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей - ақ табылар.

Хор: «Әліппе» (Тақтаға ана, бала,Отан сөздерін жаздыру).

Музыкамен фантастикалық скафандр киген Дымбілмес ортаға шығады.

  • Балалар, кітабымды көрген жоқсыңдар ма? Айдағы достарыма апарып көрсетейін деп едім! Көмектесіңдерші?!

Балақай:

- Дымбілмес, кітабыңның сыртында қандай сурет болып еді?

- Білмеймін.

Мақта қыз:

- Дымбілмес кітабыңның сыртында қандай жазу болып еді?

- Білмеймін?

Ерәлі:

- Кітап сенікі болса қалайша білмейсің?

- Білмеймін?

Еркежан:

- Кітап ендеше сенікі емес қой? Жүріңдер одан да кетейік ?

Дымбілмес жыламсырап: Балалар, көмектесіңдерші менің айға ұшатын уақытым таяп қалды. Айдағы достарым мені кітап әкеледі деп күтіп отыр.

Дарын:

Уәдеде тұруға тырысқаның өте жақсы.

Назерке:

-Сол үшін біз саған көмектесеміз.Онда әрқайсымыз өз достарымызды шақырайық.

Дымбілмес:

- Келістік! Алақай! Менің Карлсон деген досым бар.

Карлсон:

  • Дымбілмес, досым менің атымды атадың ба?

Балақай:

  • Қырық өтірік айтса да жүрегі таза Тазша досым қайдасың?

Тазша:

  • Сары масамен айға ұшып,

Шегірткемен желмаядай,

Жерді жеті айналғанда,

Құмырсқамен құда болып,

Күнге барып тойлағанда,

Тазша бала мен болам.

Мақта қыз:

  • Менің пысық әрі сенімді досым Марғау бар!

Мысық:

  • Үй жануары болсам да,

Достарым көп далада,

Жолбарыстай ағам бар,

Күшік досым қалада

Карлсон:

  • М...мм былай болсын, балақайлар, мен қазір кітапты іздейтін жерлерді, ұшып барып, шолып қайтамын.Ал, сендер әрқайсың өз достарыңды тағы да шақырыңдар.

Тазша:

  • Аңқылдаған ақкөңіл желдей Алдар ағам қайдасың?

Алдар көсе:

  • Мен Алдармын,Алдармын,

Арамза қуды алдадым.

Адалдардан көмекші,

Маған кімдер ермекші.

Мысық:

  • Адамға көмекші досымның бірі Саққұлақ.

Күшік:

А ав, А ав, А ав

Ит болғасын үремін,

Сергек өмір сүремін.

Жеті қазынаның бірімін,

Адамды қорып жүремін.

Дымбілмес:

  • Кітабымды кім тапса, соған сыйлық беремін. Карлсон ұшып келеді. Айналып шаршап келіп отыра қалады.

Карлсон:

  • Уф, қона алмай есім шықты ғой. Орманда желдеткішім ағаштарға соғылып бұзылып қалды.

Дымбілмес:

  • Кітабымды көрдің бе?

Найлям:

  • Қайда екен?

Бәрі: - Тезірек айтшы қайда екен іздейік?

Карлсон:

-Уф, Оф, Ух (Бәрі қасына жиналады).

- Кітап орманда шашылып жатыр. Жел ұрлап әкетіп орманға тығып қойыпты - деді құстар.

(Дымбілмес жылайды)

- Достарым, уәдемде тұра алмасам ұятқа қаламын ғой.Мына масқарадан құтқарыңдаршы.

Тазша:

  • Жылама достым, біз бәріміз саған көмектесеміз.

Алдар:

  • Аңқылдаған желді де алдаймыз, жолын тосып тоқтатамыз.

Мақта қыз:

  • Дұрыс, дұрыс біз сол кезде кітаптың бетін жинап үлгереміз.

Бәрі: - Алақай, алақай! Тамаша жоспар кеттік.(Ортаға Жел шығады. Ысқырған музыка үнімен қолындағы затты шашқан болады, әріптер киген оқушылар шыға келеді).

Жел:

  • Кейде ойнақты жеңілмін,

Қаһарыма бір мінсем.

Қара дауыл селіңмін,

Ұқыпсыздың заттарын,

Жиып жүре алмаспын.

Қайсың барсың, қанекей,

Дымбілместің кітабын,

Қайта жинап беретін.

(Ортаға Мақта қыз бен Балақай шығады).

Балақай:

Кінәсін ол түсінді,

Кешірім бер, Жел аға.

Енді ұқыпты болады

Жел:

  • Жоқ! Жоқ!

Кешірім жоқ енді оған.

1, 2 рет жинадым,

Ашулансам да қимадым.

Керексіз ғып кітабын,

Өзі оны тастаған.

Қоям қиып шартымды,

Орындасын қиналып.

Мақта қыз:

Дымбілместің білместігін кешіретін,

Жаманын жасырып, жақсысын асыратын.

Достары бар өте көп!

Біздер оған көмекші,

Шартыңызды айтыңыз.

Жел:

  • 1 - шартым: Желмен бірге асыр салып би билесін

  • 2 - шартым: Ызыңыма қосылып ән салсын.

  • 3 - шартым: Дымбілместі ойландыратын ақыл қосып өткеніне өкіндірер кино қойып беріңдер.

  • 4 - шартым: Достарыңның көп екенін көрейін бәрі шығып шырқатып ән салсын. (Бәрі бірлесіп, әріптерді ретімен сапқа тұрғызады).

Саққұлақ:

  • Алақай, Әліппе табылды.

Мысық:

  • Санайықшы әріпті,

Түгел ме екен барлығы?

Саққұлақ :

  • Марғау Әліппеде неше әріп?

Марғау:

  • М... мм білмеймін 30 - 40 па?

Саққұлақ:

  • Ендеше қалай білмекпіз? Масқара! Балалар, көмектесіңдерші?!

Оқушы: «Алфавит сыры»

Жел «Я» әрпін жетектеп шығады, оның қолында «Әліппе» кітабы.

Жел:

Желді жеңді бірлігің,

Арта берсін бірлігің.

Ұяң жылы болсыншы,

Отбасы ғой жүрегің.

Тимур «Я»:

Берекенің басымын,

Мерекемнің қасында.

Табыламын қаласа,

Менің атым жанұя.

Достық, бірлік тірегім!

Жел:

Ал, Дымбілмес, кел достым,

Әліппеңді ала ғой.

Жеңді сенің тілегің,

Достарыңның көмегін.

Ақтайды деп сенемін!

«Я» Әліппені Дымбілмеске береді.

Дымбілмес:

Ал, достарым, рахмет,

Айға ұшатын кез болды.

Әліппені жаттатқан,

(Бәрі)

Ұстазыма мың алғыс.

Зарина:

Таныстырған 42 әріппен

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

Хор: «Қош бол құтты Әліппем»

Талыпжан:

Әліппеменен қош айтысып қаламыз

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата - ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Талшын:

Сәлем шәкірт балалар,

Қане, түзу тұрыңдар

Өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш,

Айтар қане кімің бар?

Дана:

Елімізде атақты,

Ғалым ата не тапты.

Бәрін - бәрін білесің,

Оқи берсең кітапты.

Эльвира:

  • демекші, біз Ана тілі өзіңді де сүйіп, жақсы оқимыз. Жұмбақ, жаңылтпаш, өтірік өлеңді де айтамыз.

Алтынбек:

Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

Аяжан:

Қабат - қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.

Талшын:

  • Рахмет! Жақсы біледі екенсіңдер.Енді Жаңа жылдан кейін мені оқып, менен білім аласыңдар. Өз ана тілдеріңді құрметтеңдер.

Амангелді:

Ана тілің - біліп қой,

Бостандығың, теңдігің.

Ана тілің - біліп қой,

Мақтанышың елдігің.

Мұғалім:

Төтеп беріп не сынға,

Қайыспаған ауырға.

Адал болып досына,

Бас имеген жауына

Елдің аты кім?

Хор: Қазақ елі

Мұғалім:

Таулары бар ең биік,

Даласы бар жерұйық,

Бұл қай ел?

Хор : Қазақстан.

Сөзжұмбақ:

  1. Тура ,кері оқысаң да шығатые ел аты?

  2. Тура, кері оқылатын сөздер?

Назерке:

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Әліппеменен қоштастық,

Оқулықпен достастық.

Мұғалім:

Өсті міне бойларың,

Өсті міне ойларың.

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың!

Кезекті оқушылардың ән - биіне беру.

Ата - ана, қонақтарға арналған тапсырмалар бойынша жұмыс.

Қорыту.

Келген қонақ, ата - аналарға сөз беру.


© 2010-2022