Ашық сабақ жоспары 4г сынып

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ жоспары 4г сыныпАшық сабақ жоспары 4г сыныпАшық сабақ жоспары 4г сыныпАшық сабақ жоспары 4г сыныпАшық сабақ жоспары 4г сыныпАшық сабақ жоспары 4г сыныпАшық сабақ жоспары

Сыныбы: 4 Г

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қыс. Қыс келбетін қайталау.

Сабақтың мақсаты: -- Оқушыларға қыс мезгілінің көрінісін дұрыс бейнелеуге, суреттеу әдісі арқылы қазақ тілін еркін сөйлейді. Табиғат құбылыстарын бейнелеуде алуан құбылыстарды меңгеруге дағдылану. Оқушылардың байқағыштық, есте сақтау қабілеттері дамиді. Эстетикалық тәрбие беру, табиғат көрінісін бейнелеу арқылы өз елінің табиғатын сүюге, құрметтейді.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақ типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, үйрету, өзіндік жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: қыс көрінісінің 4 кезеңі, қыс туралы суреттер, плакаттар, АҚТ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
а) Оқушылармен амандасу,
ә) Оқушыларды түгендеу,
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
в) Топқа бөлу, топ басшыны сайлау. г)Психологиялық дайындау.

2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

-Балалар біз бүгін «Қыс»тақырыбын қайталап өтеміз.

-Граматикалық тапсырмаларды дұрыс орындауымыз керек.

3. Жаңа сабақ

Жаңа сабақты еске түсіру мақсатында видео ролик көрсетемін. Оқушылар ауызша қыс туралы көргені бойынша мағлұмат беріп өтеді.

-Ал балалар қыс мезгілі қандай екен?

-Қыс айларын атап беріңдер?

-Қыста ауа райы қандай болады?

-Қыстың соңғы айы қандай?

1. Сабақтың ашылуы:

Сабағымызды ашу үшін жыл мезгілдерін пайдаланамыз. Тақтаға назар аударыңыздар.

2. Кластер арқылы «Қыс»мезгілін қайтаймыз

Қыс

Сұрақ-жауап

Еске түсіру

Пысықтау,қайталау

Сөздікпен жұмыс

Қыс-зима

Мұз-лёд

Желтоқсан-декабрь

Қаңтар-Январь

Ақпан-февраль

Қар-снег

Суық-холодно

3. Мәреге жету сәті.

1. «Ойланайық, орындайық»

Бұл сәтте оқушылармен септіктерді еске түсіре отырып, берілген тапсырмаларды орындайды

2.Оқулықпен жұмыс жүргізу.

3.«Поэзиялық сәт» жалғасын тап.

1-топ Балалар шықты….

Ойнап, күліп…

Шанаменен ….

Аққаланы …..

2-топ Ойнайық деп …. 3-топ Айнала күміс …

Далаға олар …. Енді не тұрыс ….

Аналарын …. Ал кеттік, …

Мұзды аузына …. Бітпеген жұмыс …

Қорытындылау: Оқушылар бір-біріне жылы сөздер арқылы сабақты қорытындылаймыз.

Бағалау: Әр топ басшылары бағалау парақшасына жазып береді.

Үй тапсырмасы: Қыс мезгілі туралы мақал-мәтел жазып келу.

Рефлексия: Не білдім? Не білгім келеді?

© 2010-2022