Тақырыбы: «Менің Қазақстаным» тематикалык сабак

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Балбөбек» бірінші сәбилер тобы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Тіл дамыту» «Айналамен таныстыру»

Тақырыбы: «Менің Қазақстаным»

Мақсаты: 1. Қазақстанның кең-байтақ, бай мемлекет екенін түсіндірү.Мемлекет астанасы туралы түсінік беру.

2. Балалардың қызығушылығын,ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту .

3. Отанды сүйе білуге тәрбиелеу..

Қажетті құралдар:Жер макеты,қазақ киімін киген қуыршақ.

Қос тілдік компонент:Отан-Родина, Астана-столица.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивация-

лық

қозғаушы

Есікті біреу тоқылдатады.

-Балалар қараңдаршы, бізге қонаққа кім келді.

Қуыршақ: - Сәлеметсіңдер ме балалар!

-Балалар, сендерде бүгін қызық сабақ болатынын естіп, сендерге қонаққа келдім. Менің атым Айсулу

-Балалар, Айсулудын көйлегі қандай?

-Иә, бұл қазақтың ұлттық киімі

-Басында не киген?

-Оны сәукеле деп атайды

-Қуыршақ келді

-Сәлеметсіңбе қуыршақ!

-әдемі

-бас киім

Іздену ұйымдас

тырушы

Хор: Әнұран.(Балаларға әнұранды айтқанда қалай тұру керектігін көрсету)

-Балалар, мен сендерге сұрақтар қоямын сендер тыңдап «МЕН» деп жауап беріңдер, жарай ма?

-Алтын сәулені сүйетін кім?

-Ата-ананы сүйетін кім?

-Досын сүетін кім?

-Болашағы елімнің кім?

-Балалар, біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Қазақстан Республикасы біздің Отанымыз.

Отан деген атамекен,

Отан деген туған жер.

Отан ана, Отан үлкен

Қазақстан туған ел.

Қазақстан Республикасында көптеген қалалар бар.

- Біздің бас қаламыз - АСТАНА! (Балаларға Бәйтеректі және тағы басқа Астана қаласының ғимараттарының суреттерін көрсету)

-Біздің президентіміз - Нұрсұлтан Назарбаев атамыз! ( президенттің порттретін көрсету)

-Қане, қайталап айтайықшы

Біздің Отанымыздың рәміздері де бар. (Сурет арқылы көрсету)

Олар: Қазақстан Республикасының ТУЫ

(Әр баланың қолына ту ұстату)

Сергіту сәті:

Сәуле шашқан алтын түсті күні бар,

Екпіндеген қыран құсты үні бар.

Ою басқан мөп-мөлдір көк аспандай,

Қазағымның желбіреген туы бар!

Тағы балалар, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы және Әнұраны бар. Осылардың барлығы рәміздер деп аталады.

-Балалар, біздің ұлтымыз - қазақ . Біз қай тілінде сөйлейміз?

Біздің Отанымызда көп ұлт өкілдері тұрады, қане соларды атап шығайықшы: Орыстар,өзбектер, қырғыздар, татарлар, немістер. Әр түрлі көп ұлт өкілдерімен бір шаңырақ астында тұрады екенбіз.

- Балалар, біздің Отанымыз көркейіп,гүлденуі үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.

Балалар ережеге сай әнұранды орындайды.

-жарайды!

-Мен!

-Мен!

-Мен!

-Мен

Балалар зейін салып тыңдайды

Балалар суреттерге қызыға қарайды

-Нұрсұлтан Назарбаев атамыз!

Балалар,қолдарына ту алып, қолдарын көтеріп,ән ырғағымен қозғалады

-Қазақ тілінде сөйлейміз

Балалар,бірге қайталайды

Рефлексті-

коррекция

лаушы

-Балалар, Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Айсұлу,ал саған ше?

-Қане айтыңдаршы, Отан деген не?

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Біздің бас қаламыз қай қала?

-Президентіміз кім?

-Еліміздің рәміздерін атап беріңдерші

-Біздің ұлтымыз қалай аталады?

-Біз қай тілде сөйлейміз?

-Өте жақсы балалар,осының бәрін ұмытпай естеріңде сақтап жүріңдер! Осымен сабағымыз аяқталды.

Қуыршақ Айсұлумен қоштасу


-Иә

-Маған да ұнады,өзімнің Отаным тұралы көп нәрсе білдім.

-Біздің туып өскен жеріміз.

-Қазақстан Республикасы.

-Астана!

-Нұрсұлтан Назарбаев атамыз

-Ту, Елтаңба, Әнұран.

-Ұлтымыз қазақ!

-қазақ тілінде

Балалар Айсұлумен қоштасады

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Қазақстан Республикасының Президентін, рәміздерін, өз ұлтын т.б

Қандай түсініктерді игерді: Еліміздің көркеюі үшін көп еңбектенуіміз керек екенін игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз елінің патриоты болуын, басқа ұлт өкілдерімен бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүру керектігін меңгерді.




Технологиялық карта


© 2010-2022