Маужырап барқыт қоңыр күз 3 сынып тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерекелік сценарий 3 «Б» сынып

Тақырыбы: «Маужырап барқыт қоңыр күз»

Мақсаты: Оқушыларға күздің пайдасын,күзде болатын өзгерістер мен мерекелерді біліп ,құрметтеп жүруге күздің ерекшеліктерін есте сақтауға үйрету.Адам еңбегін бағалауға,ысырап жасамауға ,еңбенкқорлыққа тәрбиелеу.

Шараға қажетті құрал-жабдықтар: жапырақтар,түрлі жеміс макеттері, безендіруге қажетті заттар

Шараның түрі: концерттік бағдарлама

Барысы: Мұғалімнің алғашқы құттықтау сөзі.

Жүргізуші:

Армысыздар, аналар ,

Ұстаздар ,құрбы, даналар

Маужырап барқыт күз келді.

Байлығы болып саналар

Айлардың айы, патшасы,

Молшылық беріп ағылар.

Егісте пісті нанымыз

Ас атасы саналар.

Бүгінгі күзді ерекше

Тойлайтын міне ,күн келді.

Қошеметпен қарсы алшы

Бүлдіршін мына біздерді.

Қоямыз бүгін ертегі ,

Тыңдаңыз нағыз ертегі

Ерте , ерте ертеде

Ешкі жүні бөртеде

Алтын күз деген патшалық

Сүріпті өмір бір жерде

Ханшайымы тағы бар

Ертіп әркез жүретін

Алыс жолдан шаршап кеп

Тоқтапты ауыл шетіне

Былай депті күрсіне.

Алтын күз патшасы:

-Мен патшасы даланың,

Күз болар атым шап-шағын

Береке беріп еліме

Қуантам халқым сендерді

Көптен бері шаршадым ,

Той думанды аңсадым .

Ханшайым:

Алтын күз ата келіңіз ,

Жайланып ,төрлетіңіз ,

Өнерін көріп жемістің.

Жидек пен көкөністің,

Содан соң жолға шығамыз

Сөзіме құлақ салыңыз!

Алтын күз патшасы: -Жарайды ,ханшайм отырып көрсем көрейін!

Ханшайым:

Алғаш боп ән салатын,

Жемістер мен жидектер.

Қарсы алып оны алайық!

Құрметпен қошеметтермен!

Ән : Алтын күз! Орындайтын жемістер ( алма, өрік, алмұрт, банан, шие, жүзім)

Ханшайым: Бізде бар жаңылдыратын ,

Жаңылпаш айтқыш сәбізім.

Ортаға келіп сарғайып

Шешен сөзбен жаңылдыр.

Жаңылтпаш:

1.Алма ,алма алды

Алмадан Айна алты алма алды

Алты алманы Алма қайта алды.

2.Мен сәбізбін семіз

Кейде болам егіз

Мен семіз бе, әлде егіз бе?

Ханшайым:

Ой жарайсың ,сәбізім,

Жаңылдырдың біздерді.

Енді таңқалдыратын ,

Гүлдерге мына кез келді,

Мың бұрала билейтін

Ортаға кел сен енді.

Би : «Гүлдер» биі

Ханшайым:

Халайық мында қараңдар!

Алыстан көрдім дау -дамай

Қарасам барып жанына

Көкөністер жүр таласа.

Солардың сөзін тыңдалық!

Дауына билік айталық!

Қияр:

Бұдырлаған жап-жасыл

Мен болам қияр азамат

Маған жоқ жетер көкөніс

Дәмім сондай ғаламат.

Қызанақ:

Қиярым кеттің асқақтап ,

Мен де де бар жақсылық

Мақтай бермей өзіңді

Айналаңа қарашы,

Бар екен көп көкөніс

Тыңдалық тағы соларды.

Орамжапырақ:

Көп киімді дәл мендей,

Арқалап ешкім жүре алмас,

Борщың менсіз ешқашан

Борщ деп бірақ ата алмас.

Картоп:

Қоп қоңыр боп жататын

Картопты білмеу ұят-ақ

Анаңа айтып біздерді

Қуырып жеші сұрап ап,

Пияз:

Көздеріңді ашытам,

Ұрмай соқпай жылатам,

Менің де бар үлесім,

Картоп ,тыңда шырағым.

Бұрыш:

Қызыл, жасыл,сарымын

Бағдаршаммын шырағым,

Дәм беретін тамаққа ,

Дәмді болсын тағамың,

Ханшайым:

Осылай дау жалғасса ,

Не болады күйіміз.

Жиналып ап баршамыз

Тыңдалық әнін қиярдың

Бәріңнің бар үлесің,

Бәріңнің бар жемісің,

Отырып кәне тыңдалық,

Құрышын құлақтың қандырып.

Жүзімнің орындауында ән: « Жылайды жапырақ »

Ханшайым:

Келесі кезекті жемістерге берсек

Ханшайым:

Күздің барлық пайдасын ,

Тауысып айту мүмкін бе?

Тыңдалық біздер құлақ сап,

Күз пайдасын керемет!

Зере: « Күз пайдасы туралы » баяндама жасайды. (Слайд көрсетіліп тұрады)

Күз патшасы:

Маужырап барқыт күзімді,

Құрметтеп жатсың әрбірің

Алғысым шексіз сендерге

Арайлап атсың әр күнің.

Берейін бата қол жайғын

Мол болсын астық , нанымыз.

Жамандық болмай ешқашан,

Құлпырсын туған жеріміз.

Оқуымыз тек бестік

Болсын деп тілек айтамын,

Жол жүрем ұзақ сапарға

Аяңдап менде қайтайын.

Барлығы бірге:Қош болыңыз!

Мұғалім:

Балалар сонымен бүгін біз «Маужырап барқыт қоңыр күз » деп аталатын тәрбие сағатын өткізе отырып күздің қандай пайдасы бар екенін,молшылық айы екенін білдік! (сұрақтар қою)Осымен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Сау болыңдар!









© 2010-2022