Сабақ жоспары ӨсімдіктердіңҚызыл кітабы

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 2 «А»


Дүниетану

Күні:09.02.2016 жыл

Тақырыбы: Өсімдіктердің «Қызыл кітабы»


Мақсаты: «Қызыл кітап» туралы түсінік беру; оқушылардың білімдерін жүйелеу; өз бетімен жұмысын жақсарту; сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; табиғатты қорғауға,оны сүюге баулу;
Табыс критерийлері:

1.Қызыл кітап туралы түсінік алады

2.Өсімдік пен адам арасындағы байланысты анықтайды

3.Өз ойын тиянақты және дәл жеткізеді

4.Сөздік қорын молайтады

5.Өз көзқарасын дәлелдейді

6.Өсімдіктердің алуан түрлілігі жөнінде білім жинақтайды

7.Өсімдіктердің табиғаттағы орнын анықтап,маңызын ұғынады


Қолданатын әдіс-тәсілдері: интерактивті әдіс, проблемалық сұрақтар, сын тұрғысынан ойлау, көрнекі және техникалық құралдар көмегіне сүйену,тіл дамыту, әңгімелеу, ауызша журнал
Көрнекіліктері мен құрал-жабдықтары: кестелер, таратпа материалдар, стикерлер, Power Point әзірлемесі, магнитті тақтақалам, түрлі-түсті қарындаштар , «Тілек ағашы»
Оқыту формалары:топтық,жұптық, жеке жұмыстар
Сабақтың түрі: зерттеу сабағы



Сабақтың типі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: экология, өсімдіктану
Ресурстар: balalaralemi.kz, «Заповедники и национальные парки Казахстана» Алматы кітап баспасы, «Қазақстан Қызыл кітап беттерінен», «Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы», «Қазақстанның өсімдіктер әлемі», Дүниетану оқулығы , 2-сынып «Атамұра» баспасы,

Сабақтың эпиграфы: Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ

Сабақ

кезеңдері:

Мұғалім

әрекеті

Оқушылар

әрекеті

Бағалау

І.Психологиялық даярлық

/1-минут/

Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған

Мынау меніңоң қолым

Менің менің сол қолым

Барлық істі атқарған

Оқушылар жүрекше жасайды, бастарын көрсетеді, алдымен оң қолын, содан кейін сол қолын көрсетіп , өлең шумақтарына сәйкес қозғалыс жасайды

Мадақтама сөз

ІІ.Миға шабуыл

«Ия немесе «Жоқ» стратегиясы

/1-минут/

1.Бүгін күн сенбі /жоқ/

2.Қазір математика сабағы /жоқ/

3.Сыныпта барлық оқушы түгел /ия/

4.Өткен сабақтарда өсімдік тіршілігі туралы білім алдық /ия/

5.Өсімдік тірі ағза емес /жоқ/

6.Өсімдікке жылу керек емес /жоқ/

7.Адамдардың табиғатсыз күні жоқ /ия/

8.Өсімдіктер ауамен тыныс алады /ия/

9.Қыста жапырақтар сарғайып жерге түседі /жоқ/

10.Жазда өсімдіктер өсуін тоқтатады /жоқ/

11.Күзде өсімдіктер пісіп жетіледі /ия/

12.Көктемде өсімдіктер көктеп шығады /ия/

13. Бөлмеде ағаш өседі /жоқ/

14. Өсімдікке күтім керек /ия/

15. Өсімдіктерді қорықтарда қорғайды /ия/

Оқушылар тиісті жауаптарын «ия» немесе «жоқ» сөзі арқылы береді

Құптау сөздері

ІІІ.Қызығушылықты ояту

Іс-әрекеттік кезең:

«Ауызша журнал»

/үй тапсырмасы бойынша оқушылардың ізденіс жұмыстары /

/10 минут/

Мүмкін тақырыптар:

-Өсімдік - тірі ағза

-Өсімдік мүшелері

-Сабақ

-Жапырақ

-Тұқым және жеміс

-Мәдени өсімдіктер

-Өсімдікке су керек

-Өсімдікке ауа ,жылу,жарық керек

-Өсімдіктің көбеюі

Оқушылар тақырыптар бойынша өз жұмыстарын ортаға салады ,дәлелдейді, дәйекті мысалдар келтіреді,білімдерін тиянақтайды

Жарайсың!

ІҮ.Проблемалық сұрақтар:

/2-минут/

1.Өсімдіктерсіз жер бетін елестету/олардың азайып бара жатқандығы жөнінде естеріне саламын/

2.Не үшін жануарлар мен өсімдіктер азаюда?

3. «Қызыл кітап» деген не?Не үшін керек?

4.Неге оның түсі қызыл,неге сары емес, неге жасыл емес?

5.Ол туралы не біліп келдіңдер?

Оқушылар көздерін жұму арқылы көз алдарына өсімдіксіз жер бетін елестетеді де пікірлерін ортаға салады


Оқушылардың мүмкін жауаптары тыңдалады

Мақұлдау

ҮІ. Мағынаны тану

/2-минут/







Бейнетаныстырылым

/3 - минут/













«Қызыл кітап деген не?» көрсетілімін оқушылар назарына ұсынамын

Үйден өз бетімен жоғалып кету қаупі бар бір нысана (өсімдік)тауып,суретін салып,ол туралы мәліметтер жинап хабарлама жасайды.


Оқушылар бейне көрсетілімді мұқият тыңдайды

Ауызша алғыс

ҮІІ. Сергіту сәті

/1-минут/

Көбелектер тұрып ертемен

Күлімсіреп керілді

Бір -шықпен бетін жуды

Екі- шыр айналып бұрылды

Үш-еңкейіп жерге жетті

Төрт дегенде ұшып кетті

Бес дегенде қонды.

Өлең шумақтарына байланысты қимыл қозғалыс жасайды

Рахмет!

ҮІІІ.Оқулықпен жұмыс

Фронтальды жұмыс

/3-минут/



Жұптық жұмыс

/2-минут/

Оқулық беттерінен

-тізбектей оқытамын

-сұрақтар тізбегі




Әр оқушы бір сөйлемнен оқып шығады


Белгіленген бөлім бойынша сұрақтар тізбегін құрастырады

Мадақтама

Құптау сөздері

ІХ.Дәптермен жұмыс

Фронтальды жұмыс

/2-минут/

Қызыл түс-қауіп түсі

Қызыл кітап-адамдарға ескерту

Қазақстан «Қызыл кітабы»-1978 жылы жазылды

Кітаптың алғашқы авторы-Питер Скотт


Сызба арқылы дәптер бетіне түсіреді

Аралап мадақтау

Х. Қызықты фактілер

/1-минут/

Сабақ жоспары ӨсімдіктердіңҚызыл кітабыСабақ жоспары ӨсімдіктердіңҚызыл кітабы

Маймыл орхидеясы-гүлшоғының ортасында маймыл бетбейнесі бар. Маймыл орхидеясынан піскен апельсин исі шығады

. Сабақ жоспары ӨсімдіктердіңҚызыл кітабы Сабақ жоспары ӨсімдіктердіңҚызыл кітабы



Сабақ жоспары ӨсімдіктердіңҚызыл кітабы

Әлемде 500-ден астам шыбын-шіркей жейтін өсімдік түрі бар.Олардың жапырақтарында асқазан міндетін атқаратын бөлігі бар

Сүт ағашы:

Сабақ жоспары ӨсімдіктердіңҚызыл кітабы

.Сүт ағашы Бразилияда өседі. Сиыр сүтінен ешбір кем емес екен. Ағашы бір сауғанда 2-4 литрдей сүт береді.

Нан ағашы:

Үндістанда өседі.Оның жемісі асқабақ тәрізді.Дәмі бидайдың наны сияқты.Жергілікті тұрғындар қуырып ас етіп жеп, тоқаш пісіреді.


ХІ.Шығармашылық тапсырма

Топтық жұмыс

/2-минут/

І-топ:Суретпен жұмыс/берілген сурет бойынша ауызша әңгіме құра/



ІІ-топ: «Есіңде болсын!»

/Өсімдікті қорғау ережелері/



ІІІ-топ:Ойыңды дәлелде/өлең шумақтарынан нені ұғуға болады, қара сөзбен әңгімеле/

І-топ: Берілген сурет бойынша табиғатқа қандай қамқорлық жасауға болатынын әңгімелейді.

ІІ-топ: Табиғатты қорғау үшін қажетті ережелер ретін құрастырады



ІІІ-топ: Өлең жолдарын дәлелдеп, қара сөзбен қорытындылайды

Ауызша алғыс

ХІІ.Ой қорыту

«Ойды аяқта...» стратегиясы

/2-минут/

Табиғат туралы ойларын жинақтау

Бірнеше оқушының мүмкін жауаптарын оқытамын.

Әр оқушы өз ойымен аяқтайды

Бірнеше оқушы жазбасын оқып хабарлайды

Өте жақсы!

ХІІІ.Рефлексия

  • Адам жануарлар мен өсімдіктерге не береді?

  • Адамға жануарлар мен өсімдіктер не береді?

Оқушылардың мүмкін жауаптары тыңдалады

Жарайсың!

ХІҮ. Кері байланыс

«Тілек» ағашы

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін тілек ағашына іледі

Құптау сөздері

ХҮ.Бағалау

Бағалау критерийлері арқылы оқушыларды бағалаймын


ХҮІ. Үйге тапсырма:

Таңдау бойынша:

1.Табиғат туралы тыйым сөздер жинақтау

2.Табиғатты қорғауға байланысты тыйым белгілерінің суретін салу

3.Сирек кездесетін өсімдіктер туралы шағын кітапша

Оқушылар өздері таңдаған бір тапсырманы (қалауы бойынша) күнделіктеріне жазып алады.

Барлық сынып оқушыларына сабақтағы белсенділіктері үшін алғыс айту

Күтілетін нәтиже:Білім:Өсімдіктер мен жануарлар «Қызыл кітабымен»танысып біледі

Түсіну:Қызыл кітаппта жойылып бара жатқан және қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктер туралы жазылатынын түсінеді

Қолдану: Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді айтып көрсетеді

Анализ:Өсімдіктердің жоғалып кету себептерін талдайды

Синтез:Өсімдіктерді қорғауға адам жасап жатқан шаралар туралы ой қозғайды

Баға:Әрбір адам кез-келген жануарлар мен өсімдіктерге қамқорлықпен қарау керек деген ойды қолдайды

Бағалау критерийі арқылы бағалайын дегем бола ма

© 2010-2022