Еңбекке баулу Киім кескіндерін аппликациялау (2 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ШҚО
Семей қаласы «№25 ЖОББМ»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Калембекова Толқын СейілқызыЕңбекке баулу Киім кескіндерін аппликациялау (2 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Киім кескіндерін аппликациялау

Сабақтың мақсаты: Қағазбен жұмыс жасау,желімдеу,түсті аппликациялар жасауға үйрету.Бұл жұмыста көркемдікті сезіну талғамын қалыптастыруға ,көзбен мөлшерлеуге, жинақылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың шығармашылық қаблеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, қуыршақтар және киім үлгілері

Сабаққа керек құралдар: қайшы,желім,түрлі түсті қағаздар.,моншақтар және лентелар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

ІІ Жаңа сабақ

Балалар, қазір сендер өткенді қайталау немесе білетін сұраққа жауап беру арқылы өздеріңе қуыршақ ала аласыңдар. Қуыршақты киімдерді кескіндерін құрастыру арқылы киіндіреміз.Олай болса, дайынбыз ба?

1 слайд Сұрақтар

*Қуыршақпен не істейді?

*Матаның қандай түрлерін білесіңдер?

*Матаға түскен жіпті не дейміз?

*Қуыршақпен кімдер ойнайды?

*Қуыршағыңның аты кім?

*Иненің серігі не?

*Ине қолға кіріп кетпес үшін киетін құралды не деп аталады?

*Киім неден жасалады?

Сұрақтарға жауап берген оқушылар қуыршақ алады. Қуыршақ ұл балаларға және қыз балаларға арналған . Енді, ұл балаларға арналған қуыршақтарды алғандар бір топқа бөлу, қыз балаларға арналған қуыршақты екінші топқа бөлу. Яғни екі топ болып жұмыс істейміз. Әр топ қуыршақтарына ат қою. Ең жақсы атты сол топтың аты болады.Енді қолдарымызда қуыршақтар бар ,әр қайсысымыз дизайнер боламыз. Енді сол қуыршақтарға киім үлгісін дайындаймыз.Түрлі түсті қағаздардан киім үлгісін аппликациялап дайындаймыз.Лента және моншақтарда да қолдануға қосуға болады

5 слайд Ойлан,тап!

-Адамдарға да аңдарғада керек ол не? (су,ауа, жылу,жарық,қорек т.б)

-Аңдарға керек емес ,ал адамдарға өте қажет ол не?

-Киім болу үшін алдымен не керек?

-Киім не үшін керек?

-Киім үлгісін ойлап тапқан кісіні кім дейді?

6 слайд Сергітіу сәті

7 слайд Киім үлгісімен танысу

Берілген киімдерді аппликациялау, яғни калта, жаға, белдік т.б. толықтыру

Қуыршақты киіндіру

8 слайд Сергіту сәті

9 слайд Сайыс «Тапқырлық»

Төрт конверттің ішінде төрт жыл мезгілі жазылған. Қай топ қандай жыл таңдап алады? Соған байланысты барлығы бір плакатқа киім үлгілерінің суретін салу.Сол жыл мезгіліне байланысты суреттерін қорғау .

10 слайд Сайыс «Мүсін» Екі топқа бірдей фигуралар беріледі, сол фигуралардан мүсін құрастыру.Қай топ көп мүсін құрастыру құрастырады?

11 слайд Қорытынды.

Бағалау



© 2010-2022