Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Өсімдіктердің сыртқы орта жағдайларына бейімділігі туралы ұғымдарын пысықтау, тіршілік етуі туралы ұғымдарын кеңейту.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету.

Тәрбиелілігі: Өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншіліктерін ояту. Өсімдіктерді қорғай білуге баулу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: суреттер,
Cабақтың барысы:

Жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Сен білесің бе?» айдарымен үй тапсырмасын қалай меңгергендеріңді тексеремін.

Өсімдіктің тіршілігіне, өсіп-өнуіне не қажет ?
Өсімдіктер жылу мен жарықты қайдан алады?

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту. Сөз жұмбақ.

Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?

1.Өсімдіктің жер асты мүшесі қалай аталады?

2.Өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты қалай аталады?

3.Өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталықты ата.

4. Көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегі бөліп шығаратын мүшесі қалай аталады?

ІҮ. Жаңа сабақ. Енді осы өсімдіктердің қанша жыл тіршілік ететіні туралы біліп, танысатын боламыз.

Жаңа сабақты меңгерту: Өсімдік қанша жыл тіршілік ететіні туралы түсіндіру,

Мұғалім түсіндірмесі:

Өсімдіктің түрлері:

Бұта, ағаш, шөп

Бұта: сексеуіл, итмұрын, жыңғыл

Ағаш: емен, қайың, шырша

Шөп: жусан, адыраспан, жоңышқа

Өсімдіктер өмір сүру ұзақтығына қарай біржылдық, екіжылдық, көпжылдық болып бөлінеді.

Біржылдық өсімдіктер: бидай, күнбағыс, қызанақ.

Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?

Екіжылдық өсімдіктер: пияз, сәбіз,орамжапырақ.

Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?

Көпжылдық өсімдіктер: емен, қайың, қарағай, шырша.

Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?

Түсіндіру: Өсімдік-тірі ағза. Өсімдік тұқымынан өсіп өнеді. Біртіндеп сабағы,жапырағы, гүлдері, жемістері пайда болады. Көптеген өсімдіктердің сабағы мен жапырақтары күзде қурайды.Өсімдіктер тірі ағза болғандықтан, тіршілік етудің барлық кезеңдерінен өтеді. Олар көбейеді, қоректенеді, өседі, қурайды. Бұл өсімдіктердің тірі организм екенін дәлелдейді.

Олар кез -келген тіршілік иесі сияқты белгілі бір уақыт мөлшерінде тіршілік етеді. Кейбір өсімдіктер бірнеше ай, енді біреулері ұзақ уақыт тіршілік етеді.

Мұны түсіну үшін, өзімізге таныс бидай өсімдігін алайық. Бидай дәнін топыраққа отырғызып күтсе (суарып, топырақ арасы жылы болса) біраз күннен соң топырақ бетіне өскіні қылтиып шығады. Бұл бидай өсімдігінің тіршілігінің басталуы, Ол үлкейіп өседі, жаңа мүшелері пайда болып, дамиды. Масақ пісіп жетіліп, дәні түседі де, яғни дәнді берген бидай өсімдігінің өзі қурап, тіршілігін тоқтатады. Сонда ол тек бір жыл ғана тіршілік етеді.

Осындай бір жыл ішінде тұқымнан өсіп, жаңа тұқым берген соң өз тіршілігін тоқтататын бидай, күнбағыс, қызанақ т.б. сияқты өсімдіктерді бір жылдық өсімдіктерге жатады.

Екі жылдық өсімдіктер де бар. Мысалы, пияз, сәбіз, орамжапырақ. Бірінші жылы өсіп, тамырларына қоректік заттар жинайды. Екінші жылы гүлдеп, жеміс береді.

Көпжылдық өсімдіктер. Көптеген өсімдіктер ұзақ тіршілік етеді. Көп жылдық өсімдіктер көбіне шөптесін, ағаш, бұта түрінде өседі. Бақбақ сияқты көптеген шөптесін өсімдіктер көп жылдық өсімдікке жатады.

Бұлардың сабағында не тамырында қор жиналатын арнайы органдары (тамыр, тамыр сабақ, түйнек, жуашық) болғандықтан ауа райына, жыл маусымына қарай сабағы қурап қалғанмен тіршілік қабілетін сақтап, келесі жылы қайта өседі. Мысалы: Емен 1000-1500 жыл, шырша 250 - 300, қарағай 350 - 500 (кейде 600), қайың 100 - 150 жыл.

Ү. Оқулықпен жұмыс.
Тізбектей оқыту.

Сергіту сәті.

ҮІ. «Қызықты дерек ».
Үйеңкенің биіктігі 5 - 40 м, қабығы жылтыр, сұр не сұрғылт тартқан. Сәуір - маусым айларында гүлдеп, тамыз - қазанда жеміс береді. 50 - 200 жылдай жасайды. Үйеңкі ағашы бағалы үй жиһаздарын, музыка аспаптарын жасауға пайдаланылады. Күзде жапырақтары алуан түсті болғандықтан саябақтарда, көше бойларында әсемдік үшін өсіріледі. Орманда 400 жыл жасайтын жөке ағашы қала ауасында 50-80 жыл ғана өмір сүреді.

ҮІІ. Сұрақ-жауап әдісі: «Ойланып жауап бер»
1. Бір жылдық өсімдіктерді ата. бидай, күнбағыс, қызанақ.
2. Екі жылдық өсімдіктерді ата. пияз, сәбіз,орамжапырақ.

3. Көп жылдық өсімдіктерге нелер жатады? емен, қайың, қарағай, шырша.
ҮІІІ. «Табиғатты аяла».

Өсімдіктердің пайдасы.

Қалалық жерлерде шуды бәсеңдету үшін ағаштар отырғызылады. Машиналардың шуын бәсеңдетеді.

Көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегі бөліп шығарады.
Күн сәулесінің қатты қыздырып жіберуінен сақтайды.
Аңызақ желден қорғап, ауаның ылғалдылығын сақтайды.

Қыста қарды тоқтатады. Итмұрынның тамыры, жапырағы, жемісі адам ағзасына өте шипалы. Бауыр ауруларын емдейтін дәрілік өсімдік ретінде пайдаланады.

Жалбыз- Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды,шай түрінде қолданылады. Жантақ - тікенекті көпжылдық дәрілік шөп өсімдігі.

ДӨсімдік қанша жыл тіршілік етеді?әрілікке жантақтың шөбі және тамыры пайдалы.


ІХ. Жаңа сабақты бекіту.
Айырмашылығын түсіндіру.

Өсімдіктер бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық болып бөлінеді.
Өседі, гүлдейді, тұқым береді, тіршілігін тоқтатады.

Ұқсастығы:Өсімдік өсу үшін ауа, жылу, жарық, қорек қажет.

Айырмашылығы: өмір сүру ұзақтығында.
Айырмашылығы: сабағы- жуан, жіңішке, қатты, жұмсақ, жапырағы- жалпақ, қылқанды. Гүлдері түрлі түсті болып келеді.
Х. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұнын айту.
ХІІ. Мадақтау, бағалау
ХІІІ. Қорытындылау.


© 2010-2022