1-деңгей А есебі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Нурпеисова Еркеш Болатбековна Мұғалім портфолиосы А есебі

№ 1 топ 1-деңгей

Семей қаласы 2014 жыл

Өзгеріс не үшін қажет? Еліміздегі білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесінен әлеуметтік -экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениеттегі, әлемдегі ақпараттық даму жаңа технологияларды пайдалануды талап етуде, өйткені бүгінгі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны білім беру саласында жаңа технологиялық әдістер мен инновациялық құрал-жабдықтарды мейлінше қажет етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың : «ХХІ ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет құрдымға кетері хақ. Сондықтан біз болашақта жоғары технологиялық және білікті өнеркәсіп мамандарының шоғырын қалыптастыруымыз қажет»,-деген сөздерінің маңызын біз терең сезінеміз. Білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін өз еліміздің білім беру жүйесін халықаралық стандарттар деңгейіне шығару қажет. Бұл-бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Енді осы жаңалықтарды қалай енгізетінін боламыз деген сұрақтарға жауап алу үшін біз «Бетпе-бет» кезеңінен кейінгі мектептегі тәжірибе барысында жұмыс істейтін боламыз. Осы тәжірибе барысында әріптестерімізге заман талабына сай оқытудың артықшылықтарын іс-тәжірибе жүзінде дәлелді түрде көрсете алсақ, болашақта осы мұғалімдердің жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана алуына ықпал етуге қосқан үлесіміз деп айтуға болады. Білім берудің жаңа модельдері үздіксіз ізденіс үстінде және ол ешқашан тоқталмақ емес. Білім беру жүйесіндегі әлемдік үрдістер халықтың жалпы білім деңгейінің өсуімен, үздіксіз білім беру жүйесінің қалыптасуымен, жалпы орта білім берудің ұзақтығының ұлғаюымен сипатталады. Қазіргі таңда әлемдік білім беру жүйесінің мынадай негізгі моделі қалыптасқан: Американдық модель- бастауыш орта мектеп-орта мектеп-жоғарғы мектеп-2 жылдық колледж-университеттер құрамындағы 4 жылдық колледж-магистратура-аспирантура. Француздік модель- бірыңғай колледж-технологиялық, кәсіптік және жалпы білім беретін лицей-университет-магистратура-аспирантура. Немістік модель-жалпы білім беретін мектеп-грамматикалық және заманауи мектеп-колледж-унивеситет-магистратура-аспирантура. Ресейлік модель-жалпы білім беретін мектеп-орта мектеп-гимназия мен лицей-колледж-институт, университет пен академия-аспирантура-докторантура. Украиндық модель-ресейлік модельге ұқсас, технологиялық университет пен институтты бітірген соң білімді академия мен магистратурада жалғастыру. Енді осы шетелдік білім беру модельдері туралы өз ойымды айтар болсам, біз әлі де кеңес заманындағыдай ресейлік модельді басшылыққа алып отырғанымыз көңілге реніш ұялатады. Тәуелсіз еліміздің қазіргі дамып гүлденген кезеңінде өзіміздің отандық дербес білім беру моделін құру қажеттілігі өзінен-өзі туындап отыр. Қазіргі біздің оқып жатқан бірінші деңгей бағдарламасының мақсаты мен міндеттерінің өзінен осы мақсат айқын сезіледі. Бұл бағдарламаның маған ең ұнаған жері- оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қана қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне баса назар аударылуы, осы кезге дейін мектептерді бір-біріне бәсекелес етіп келген жүйеге қарамастан мұғалімдерді қоғамдастық аясында жұмыс істеуге үйрету, олардың оқшауланып қалмауына назар аудара отырып, шешімін таппай жүрген мәселелердің ортақ шешімін табуға үйрету де осы бағдарламаның ең озық жақтарының бірі деп ойлаймын. Сонымен қатар бұл бағдарлама оқытушылардан қажырлы еңбекті, өз еңбегіне деген адалдықты талап етеді. Қазіргі білім беру реформалар терең, ұзақ мерзімге арналған шешім қалыптастырудың орнына, әлі күнге дейін жағдаяттық проблемаларды шешумен немесе белгіленген әдістемені сақтаудың тиімді тәсілдерін іздеумен ғана шектеліп қалуда. Бұл - бұдан арғы тәжірибені енгізу мен дамыту да мұғалімдердің өз қолында деген сөз.

2. Мемлекеттер арсында білім берудегі қоғамдастықты дамыту. Бұл процестің белсенділігі ұлттық білім беру жүйесінің потенциалы мен мемлекет пен жеке тұлғаның тең дәрежедегі серіктестігі.

1.Баршаға бірдей қолжетімді біліммен халықты жаппай қамтамасыз ету, соның ішінде бірінші орында дарынды жастарға әлеуметтік және материалдық жағдайына қарамастан жағдай туғызу.ХХІ ғасырдың басында Әлемдік білім беру жүйесінде төмендегідей ауқымды тенденциялар қалыптасты:


4.Жаңа көзқарастардың ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты сақтайтын елдер мен аймақтарда таралуы. Кеңістік мәдениет пен өркениетке ашық, халықтың әлемдік құндылықтарға ұмтылуына жол ашылады.

3. Адами білімге бағытталған ғылыми және оқу пәндерін әлемдік білім беруде кеңейту: саясаттану, психология, социология, мәдениеттану, экология, экономика.





Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасын жаңарту үрдістері, білім беру мазмұның құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген модельдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздеу және т.б. үрдістер байқалып отыр. Оқытудын дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бүгінгі бағыттарының бірі болып табылады. ХХ ғасырдың 80 жылдарынан бастап алдыңғы қатарлы дамыған елдердің білім саласында кең көлемде реформалар жүргізіліп жатыр. Ондай реформалар ТМД аумағындағы мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстанда да жүргізілуде. Дамыған елдерде білімді реформалау эволюциялық, революциялық жолмен жүріп, стратегиялық және тактикалық міндеттерді жүктеп, интеграциялау, интернационалдандыру, демократияландыру жолдарымен дамуда. Осы есепке дайындық барысында мен көптеген жаңа ақпараттар алдым. Солардың ішіндегі ең ұнағаны Қытай халқының 8-сыныпқа дейін оқушыларға тек қытай тілінде ған білім беретіндігі, тек 8-сыныптан соң ғана басқа тілдерді оқыту енгізіледі екен. Бұл оқушы бойында ұлттық тәрбие мен ұлттық рухтың мықты тамырлануына, оқушы бойындағы патриоттық сананың күшті болуына бірден-бір себепкер болады деп ойлаймын. Қазіргі біздің елімізде енгізілген эксперимент түріндегі ағылшын тілін 1-сыныптан бастап оқыту бастамасы Үкімет отырыстарында қызу талқыланып, қайта қарауды талап етіп отыр. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршін өз ана тіліне сусындап, сауатын ашпайынша шет ел тілін оқыту, әрине, көп жағымсыз әсерін береді деп ойлаймын. Сондықтан реформа жасау керек деген желеумен әр мемлекеттің эксперимент түрінде алынған тәжірибелерін де жете тексермей білім жүйесіне енгізе беру дұрыс емес деп ойлаймын. Қандай жаңалық енгізсек те, келешек ұрпақ қамы үшін зерделеп, жан-жақты тексерістен өткізіп барып енгізсек нұр үстіне нұр болар еді. Қазіргі кезде Еуропа кеңесінің (1992) Декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне дүниежүзінің 138 жуық мемлекеттері енген. Олардың ішіне дамыған елдерден АҚШ, Жапония, Германия, Франция және т. б. кіреді. ТМД елдерінен 12 жылдық орта білім беру мерзімін Өзбекстан, Латвия, Литва, Эстония, Украина, Молдова таңдады. Қазақстан 12 жылдық білім кеңістігіне енді ғана еніп жатыр. Қазіргі кезде ҚР 107 мектебінде 12 жылдық білім беру үдерісі эксперимент түрінде жүргізілуде. Бұл жүйенің басты мақсаты-жүйені ашық, заман талабына сай негізде дамыту. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби шеберлік. Бұл жерде де біз осы бағдарлама негізінде өз мектебімізге, әріптестеріміз бен қоғамдастық аясындағы серіктестерімізге, алдымыздағы оқушыларымызға көшбасшылық ете отырып, біліктілік тұрғысынан көмек көрсету арқылы 12 жылдық оқыту бағдарламасының жүзеге асуына ықпал ете аламыз. Білім беру жүйесіндегі өзгерістерді талап ететін әлемдік дамудың негізгі үрдістері: қоғам дамуының қарқындылығы; постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу; мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі; халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы; қоғамның демократиялануы; экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өршуі; адам капиталы мәнінің артуы. Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру жүйесінде жетілдірілген үлгілердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдері ұсынылып отыр. Сонымен қатар 12 жылдық білім беруге көшу төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөледі: -жаңа білім технологияларының енгізілуі; -оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі; - терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы; -оқушы жастарға азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру рөлінің күшейтілуі; -өмірлік бағдар ретінде адам бойындағы құндылықтарға қажет жағдайда түзету енгізу және жаңадан жасау; - білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы. Демек, 12 жылдық білім берудің мақсаты қоғамның мүддесіне өзін өзі белсенді етуге дайын, жаңа өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Жалпы орта білімнің құрылымы балалардың психологиялық - физиологиялық тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес болады. ТМД және шетелдік ғалымдардың пікірінше физиологтар, психологтар, педагогтар 12 жылдық білім берудің құрылымы оқыту және жасерекшелігінің дамуына сәйкес болуын ескеру қажет деп санайды. Жалпы алғанда, дүниежүзі елдерінде орта мектеп 3 сатыдан тұрады: бастауыш оқу 3-6 жылдық, негізгі (немесе кіші) орта мектеп 3-6 жыл және жоғарғы орта мектеп 2- 4 жыл. Әлем елдері тәжірибесінде әр мемлекеттің өзіне тән орта білім беру жүйесі мен мектеп үлгісі, орта мектептердің әр қайсысының қалыптасқан өзіндік ішкі құрылымы бар. Дүниежүзінің аса дамыған елдерінде-АҚШ-та, Англияда, Швейцарияда, Канада мен Германияда жалпы білім беру ұзақтығы 12 не 13 жыл, Голландияда 14 жыл, ал Кореяда, Жапонияда, Швецияда, Францияда, Италияда - 12 жыл. Тек экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдерде ғана орта мектеп 10-11 жылдық. Германия ХХ ғасырда білім беруге ерекше көңіл бөлген мемлекеттердің бірі болды. 80 жылдары бұл ел жеке оқу орындарынан бас тартып, ақысыз оқу орындарын көбейткен. Мұнда да басқа Еуропа елдері секілді бастауыш сыныпқа 6 жастан қабылдайды, жалпы орта білім алу 12 жылдық мектепке негізделген, барша оқушыға алғашқы 9 жылдық оқу ғана міндетті, өйткені одан әрі балалар өз қалаулары және қабілеттеріне қарай оқуларын кәсіптік мектептерде жалғастыра алады Англия және ағылшын тілді елдерде грамматикалық, техникалық, кешенді 4 түрлі мектеп қызмет етеді. Бұл елде орта білім алып, 16 жастан кейін балалардың мектептің берген сертификатымен жұмысқа орналасуларына болады. Ұлыбритания білім беру жүйесі мектепке дейінгі білім беру және тәрбиеден басталады. Орта білім беру 2 бөлімнен: кіші орта мектеп және жоғары мектеп, кіші орта мектепті бітіріп 2 жылдық колледжге түсе алады. Одан «А» дәрежесіндегі сертификат алып, әрі қарай білімдерін жалғастыруға болады. 12-13 сыныпты бітірген 18 жастағы оқушылар ЖОО-на түсе алады. Ұлыбританияда екі негізгі бейіндік бағыт бойынша оқыту жүргізіледі: біріншісі - «академиялық» - таңдаған пәнін тереңдетіп оқу (ол жоғары оқу орнына түсуге жол ашады), екіншісі - «кәсіби» - қолданбалы және кәсіби пәндерді қысқартылған оқу жоспарына сәйкес оқытады. Канадада 12 жылдық білім беру әр аймақта өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Балалар мектепке 6 жастан барады. Басқа елдердегідей Канадада білім беру бастауыш, орта және жоғарғы сыныптардан тұрады. Финляндиядағы білім жүйесі сәтті және дер кезінде реформалау нәтижесінде талай жетістіктерге жетті: экономиканың өсуіне, елдің әлеуметтік дамуына, технология мен ғылыми зерттеулерде инновациялық пәрменді саясатты жүзеге асыруға, сөйтіп бүгінгі таңда әлемнің ең озық өркениетті елдері қатарынан көрінуде. Сонымен, дүние жүзінде орта, жалпы білім беру келесідей бағыттарда жүзеге асырылатындығы анықталды, олар: 1.Барлық балаларға, жастарға бірдей білім беру; білімнің ашықтығы, біліммен ақпарат алудың барлық азаматтарға мүмкін болуы. 2.Оқу бағдарламаларының оқушының жеке басының қызығушылығы мен талғамдарын ескеруге, дамытуға, олардың бойында жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыруға, сондай-ақ әр оқушының және қоғамның мүддесі мен қажеттіліктерін ескеруге, жеке тұлғаны жоғары сапамен оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға және жеке тұлғалық оқу үдерісін ұйымдастыруға бағдарлануы. 3.Оқушының отбасылық экономикалық-әлеуметтік жағдайына, жынысына, қоғамдық мәртебесіне, ұлтына, дініне қарамастан оның қабілетін барынша дамыту көзделген. 4.Жастардың күнделікті қоғам өмірінде болып отыратын өзгерістерге тез бейімделуіне жол сілтеу болып табылады. 5.Әрбір оқушыға сол социумға сәйкес тарихи қалыптасқан, ең тұрақты рухани, дүниетаным және мәдени құндылықтарының таратылуы және бекуі. Жоғарыда аталған әлемдік әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы 12 жылдық білім беруге көшу Қазақстан мектептерін: 1. Әлемдік деңгейге көтеруге жағдай жасайды. 2. Оқудың жылдық жүктемесі жеңілдейді. 3. Кәсіптік білім береді. 4. Жеке тұлғаны дамытуға ықпал етеді. Сөз соңында мына мәселеге назар аудартқым келеді: әр елдің білім беру жүйесі сол елдің заңдылықтары мен тілі, діліне сай болуы керек, озық тәжірибе болса да ол барлық елге бірдей тиімді болады деп айтуға болмайды. Білім беру жүйесінің дайын шаблоны жоқ, себебі әр ел өз басымдылықтарын негізгі қағидат етіп ұстанады. Сондықтан қазіргі ақпараттар заманында өз еліміздің мызғымас берік, қажеттіліктер талабына сай, оқушылардың алдағы өмірлеріне қажетті білім бере алатын білім беру жүйесін жасау-болашақтың еншісі. Біз сол жолда барлық күш-қажырымызды жұмсап, аянбай тер төгуді азаматтық парызымыз деп білуіміз керек. Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиясында көрініс тапқан әлеуметтік секторда құрамдас үш мәселеге - халықтың денсаулығына, жоғары білім деңгейіне және ұлттық рухани - адамгершілік мәселелеріне Қазақстан халқының назарын аударды. Соның ішінде білім саласы да бар. Мәселен, 2006 жылғы Жолдауының төртінші басымдығында білім жүйесінің «бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» айтылған. Елбасы 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында да білім беру саласына ерекше көңіл бөлді: «Мен үшін маңызды мемлекеттік бағдарламаны: білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту бағдарламаларын бекіттім» деп атап көрсетті [1]. Ол үшін жалпы білім беруді 12 жылдыққа көшіру, бейіндік мектептер ашу, оқушыларға білім беруде олардың өмірлік тәжірбиесін ескеру, пәнаралық байланысты нығайту, сол арқылы оқушыларға әлеуметтік-экономикалық тәлім - тәрбие беру, соған лайықты жаңа тұрпатты ұстаздар даярлау қажет. Біз, мұғалімдер, осы мамандықты таңдап алғаннан кейін еліміздің бізге артып отырған жауапкершілігін ақтауға міндеттіміз деп ойлаймын. Әр оқушы- жеке тұлға, сол тұлғаның қоғам қажеттілігінен шығып, өмір бойы жететіндей біліммен, дағдымен қаруланып шығуына біз жан-жақты қолдау көрсетуіміз керек. Жақсы оқушы жақсы мұғалімнен шығатынын түйсініп, тек оқушы емес өзіміздің заман талабына сай болуымызға көңіл бөлуіміз керек. Өз тәжірибемізге іс-әрекеттегі зерттеу, коучинг пен менторинг, желілік қоғамдастық аясында жұмыс істеу сияқты тәжірибелерді енгізу арқылы өзіміздің ғана емес қоғамымыздың өзгеруіне ат салысу- мұғалім ретінде ғана емес, саналы азамат ретіндегі парызымыз деп түсінгеніміз абзал.










Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1.Мұғалімге арналған Нұсқаулық. Екінші басылым. ПШО 2014ж. 2. ҚР Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» 3."Ғылым туралы" 2001 ж. 9 шілдедегі № 225-II ҚР Заңы 4.Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. Оқулық. Алматы: «Заң әдебиеті», 2007 5.Бұзайбақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері. Оқу құралы. Алматы: «Білім», 2009. 6. Интернет ресурстары.



© 2010-2022