Сауат ашудан конспект Қ дыбысы және әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу және жазу

Тақырыбы: «Ққ дыбысы мен әрпі»
Мақсаты: Қ дыбысы мен әрпін таныту,Қ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау, оқуға жаттықтыру, сауатты жазуға машықтандыру. Ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, оқуға деген белсенділігін арттыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауды қадағалау. Ойлау, есте сақтау, сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, нұсқа беру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: суреттер, кеспе әріптер, буындар жазылған кесте, жаңа сөздер жазылған таблица.

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация- лық қозғаушы

Кіріспе бөлім: Балалар, бүгінгі сауат ашу сабағымыз өзгеше болмақ, бізге қонаққа келген мұғалімдерге осы оқу жылының бірінші жартыжылдығында алған білімдерімізді ортаға салып, білімге құштар екенімізді көрсете білейік.

Шаттық шеңбері:

Амансың ба алтын күн!

Амансың ба көк аспан!

Амансың ба достарым!

Амансыздар ма қонақтар!

Балалар жақсы көңіл күймен сәлемдеседі.

Ұйымдастыру-іздестіру

( Есікті қағып пошташы кіріп келеді,амандасып хат береді.)

Тәрбиеші: Балалар, бұл хат кімге екен, оқып көрейік.

Қайда: «Павлодар облысы Екібастұз қаласы №18 орта мектебінің

мектепалды даярлық «А» сыныбы балаларына».

Қайдан: Білім Ханшайымынан.

«Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендердің сауат ашудан алған білімдеріңді тексеріп көрмекшімін. Сендерге тапсырмалар жібердім. Мына сиқырлы сандықта сыйлық бар. Сиқырлы сандық тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар ғана ашылады. Сәттілік тілеймін !

Білім Ханшайымы.»

  • Балалар тапсырмаларды орындаймыз ба?

№ 1 тапсырма.

«Кім жылдам » ойыны.

Тәрбиеші сұрақтар береді:

1. Дыбыс дегеніміз не?

2. Қандай дыбыстар бар?

3. Әріп дегеніміз не?

4. Дыбыс және әріптің айырмашылығы неде?

№ 2 тапсырма.

«Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырат» ойыны.

( Тәрбиеші өтілген дыбыстарды дыбыстап айтады.)

№3 тапсырма.

Кестедегі буындарды оқы және сөз құрастыр.

ра

та

уа

ла

на

ар

ға

ша

ой

ай

ау

ал

№4 тапсырма.

Жаңа сабақ. Қ қ дыбысы және әрпі.

Жұмбақ:

Жапалақтап жауады,

Жердің бетін жабады.

Бұл не аппақ мақтадай

Қанеки, кім табады?

-Дұрыс, қар деген сөзді айтқанда көздеріңе не елестейді? Не естеріңе түседі?

- қар сөзіне дыбыстық талдау жасау.қар сөзі қ дыбысынан басталады. Қ дыбысы дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгілейміз.

Тіл жаттықтыру:

Қу-қу-қу ұшып кетті аққу(2рет)

Қыр-қыр-қыр орманда қасқыр(2рет)

№5 тапсырма. «Кел оқиық»

Қ әрпінің таңбасымен таныстыру (көз жаттығуы)

Қа, қо, қу, ақ, тақ

Қа-ра, қа-ла, қо-ра, қо-ла

Сергіту сәті

№6 тапсырма. «Кел жазайық»

Саусақ жаттықтыру:

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Қолға қалам алған соң

Әдемілеп жазайық.

Қ әріпінің жазылу ережесін кесте арқылы түсіндіру.

Ребус шешеміз. «Қ» әрпі және араның суреті.

№7 тапсырма. Дидактикалық ойын: «Сөз ойла, тез ойла»(доппен)

ССауат ашудан конспект Қ дыбысы және әрпіызба бойынша сөйлем құрастыру(қалам,қасқыр,қарбыз)

Сауат ашудан конспект Қ дыбысы және әрпіСауат ашудан конспект Қ дыбысы және әрпіСауат ашудан конспект Қ дыбысы және әрпіСауат ашудан конспект Қ дыбысы және әрпі.

Сауат ашудан конспект Қ дыбысы және әрпіСауат ашудан конспект Қ дыбысы және әрпіСауат ашудан конспект Қ дыбысы және әрпі?

Сауат ашудан конспект Қ дыбысы және әрпіСауат ашудан конспект Қ дыбысы және әрпіСауат ашудан конспект Қ дыбысы және әрпіСауат ашудан конспект Қ дыбысы және әрпі!

Балалар мұқият тыңдайды.

  • Ия, орындаймыз.

Балалардың жауаптары.

Балалар сұрақтарға белсенді жауап беруге әрекет жасайды.


Балалар дыбыстарды қызыл, көк текшемен көрсетеді.

Балалар кестеде жазылған буындарды оқып, сөз құрастырады.

Шана, алға, тара, ойна, ойла, аула, науа, айна, Айша, т.б.


  • Қар

Балалардың жауаптары.

ҚАР сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Бір бала тақтада дыбыстық талдау жасайды.

Балалар қайталайды.

Балалар кестеде жазылған буын, сөздерді оқиды.

Балалар музыка әуенімен жаттығулар жасайды.

Балалар бірге қосылып айтады.

Балалар Қ әрпін дәптерлеріне жазады.

Жауабы: қара

Балалар Қ дыбысына сөз айтады: қалам, қасқыр, қоян, қонақ, қарлығаш, қала, қарбыз, қуыршақ,т.б.

Қортындылау.

Өзін-өзі бағалау

Балалар қандай дыбыс және әріппен таныстық?

Ал, енді өзімізді бағалаймыз. Кім сабаққа жақсы қатысты?

Сендер Білім Ханшайымының тапсырмаларын орындадыңдар.

Сиқырлы сандығымызды ашайық. Балаларға сыйлықтар беру.

Балалардың жауабы.

Балалар бір-бірлерін бағалайды.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Дыбыстардың айтылыуын ,жазылуын, дауысты және дауыссыз дыбыстардың айырмашылығын, «Қ қ» әрпінің жазбаша үлгісін танып біледі.

Дағдылану керек:Сөйлемдерді толық етіп айтуды , ойын анықтау.

Жасай білу керек: Берілген тапсырмаларды жүйелі орындауды.





© 2010-2022