Ашық сабақ математика 1 сынып 1-20-ға дейінгі сандар

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: 1-20 дейінгі сандар
Мақсаты: 1. 1-ден 20-ға дейінгі сандар туралы алған білімдерін жинақтау, қорытындылау,
1-ден 20-ға дейінгі сандарды тура және кері санауды пысықтау. Есту барысында сандарды ажырата білуге жаттықтыру.

Д.м: Балалардың ой-өрісін дамыту, ойын арқылы ойлау қабілеттерін арттыру
Т.м: Балаларды үлкенді сыйлауға, тілін алуға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу
құрал-жабдықтары: тақта,дидактикалық материалдар
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік,логикалық есептер, санамақтар

Түрі:Топқа бөлу,Геометриялық фигуралар
І. Ұйымдастыру: 1. Балалар хормен:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барша адамды құрметтеп
Бас иеміз біз.
2. Балалардың назарын сабаққа аудару.
1-тапсырма.« Моншақ тізу»

2-тапсырма.-«Көршісін тап»

3-тапсырма-«Балық аулау»

4-тапсырма-«Геометриялық фигуралар»

5-тапсырма-«Жемістер»

ІІ. Жана сабақ.
Қызығушылықты ояту
1, 2, 3
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз!

1-тапсырма:-«Моншақ тізу»ойынын ұйымдастыру.

-Моншақ деген не?

-Моншақты кімдер тағады?

-Ол қандай бұйым?

1-1-ден санай отырып,моншақ тіземіз.

1+1=2 2+1=3 3+1=4 4+1=5 5+1=6

  • Сергіту сәті.

  • Балалар сергіп алдық қой, енді ауызша есептер шығарайық. Мен жасырым, сендер жауабын айтасыңдар.
    - Екі балапан тұр,
    Екі балапан отыр.
    Шатаспай тез ойлансаң,
    Барлығы қанша балапан?
    (төрт)
    - Пісіп тұрған төрт алмұрт,
    Қызығатын көрген жұрт.
    Екі алмұртты бұтақтан,
    Алып жеді Мұратқан.
    Қанша қалды алмұрттан?
    (екі)
    - Бес алманың үшеуін,
    Досың сұрап алды.
    Айтшы, сонда нешеуі,
    Өз қолыңда қалды?
    (2)

- Тал бойында тізіліп
Бес жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті үшеуі.
Ілініп тұр әлі
Жапырақтың нешеуі?
(3)
- Табақта төрт өрік,
Қолымда бір өрік.
Қосқанда барлығы
Болады неше өрік?
(5)
- Алма ағашта бес алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Бесеуін де жеп қойсам,
Қалады сонда неше алма?
(0)
Алғашында күнара,
Қонушы еді бір ара.
Бүгін төрт туысын
Ертіп кепті бұл ара.
Келіп қонды неше ара?
(5)

  • «Ұяшықтарды таңдайық» д/қ ойыны

ІІІ. Қорытындылау

«Көршісін тап» ойыны.

Енді балалар, мына сандарды ретімен кім орналастырады?

Бұл сандарды тура, кері кім санайды?

Сандардың көршілерін тауып көрейік.

ІV. Мадақтау

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз

Математикадан ойын элементтері арқылы өткізілген сабақ
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті:
Білім беру саласы: таным
Тақырыбы: 1 - 20 дейінгі сандар
Мақсаты: 1. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандар туралы алған білімдерін жинақтау, қорытындылау,
1 - ден 20 - ға дейінгі сандарды тура және кері санауды пысықтау. Есту барысында сандарды ажырата білуге жаттықтыру.
Д. м: Балалардың ой - өрісін дамыту, ойын арқылы ойлау қабілеттерін арттыру
Т. м: Балаларды үлкенді сыйлауға, тілін алуға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу
Техникалық құрал: компьютер, интерактивті тақта
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, көрнекілік, логикалық есептер, санамақтар

Оқу іс - әрекетінің барысы
І. Ұйымдастыру: 1. Балалар хормен:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барша адамды құрметтеп
Бас иеміз біз.
2. Балалардың назарын сабаққа аудару.
Балалар, біз бүгін ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Саяхатқа пойызбен шығамыз.
Балалар, біз қандай сандармен таныстық?
- Вагон сандары ретімен тіркелген бе?
- Онда ретімен тіркеп алайық.
- Енді вагондарды ретімен санайықшы.
- Енді кері санайық.
- Вагондар саны нешеу екен?
- Енді тақтадағы вагондарымызды ретімен қойып шығайық.

ІІ. Жана сабақ.
Қызығушылықты ояту
1, 2, 3
Сынып іші тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз!
Дәптермен жұмыс.
1 тапсырма. Қалдырған сандарды жаз. Әрбір екінші жапырақты сары түспен боя.
2 тапсырма. Әр ыдысқа бір қарындаштан қос. Әр ыдыста неше қарындаштан болады?
Мына екі ыдыстағы қарындаштарды бөліп салайық және екі ыдыстағы қарындаштарды тағы қалай өзгертіп салуға болады? Мысалы: 3+2=5
4+1=5
2+3=5
3 Сергіту сәті.
4 Балалар сергіп алдық қой, енді ауызша есептер шығарайық. Мен жасырым, сендер жауабын айтасыңдар.
- Екі балапан тұр,
Екі балапан отыр.
Шатаспай тез ойлансаң,
Барлығы қанша балапан?
(төрт)
- Пісіп тұрған төрт алмұрт,
Қызығатын көрген жұрт.
Екі алмұртты бұтақтан,
Алып жеді Мұратқан.
Қанша қалды алмұрттан?
(екі)
- Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алды.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалды?
(2)
- Тал бойында тізіліп
Бес жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті үшеуі.
Ілініп тұр әлі
Жапырақтың нешеуі?
(3)
- Табақта төрт өрік,
Қолымда бір өрік.
Қосқанда барлығы
Болады неше өрік?
(5)
- Алма ағашта бес алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Бесеуін де жеп қойсам,
Қалады сонда неше алма?
(0)
Алғашында күнара,
Қонушы еді бір ара.
Бүгін төрт туысын
Ертіп кепті бұл ара.
Келіп қонды неше ара?
(5)
5 «Ұяшықтарды таңдайық» д/қ ойыны

ІІІ. Қорытындылау
«Көршісін тап» ойыны.
Енді балалар, мына сандарды ретімен кім орналастырады?
Бұл сандарды тура, кері кім санайды?
Сандардың көршілерін тауып көрейік.
ІV. Мадақтау



© 2010-2022