Сабақтың тақырыбы: Біздің Отанымыз

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Біздің Отанымыз.Сабақтың тақырыбы: Біздің Отанымыз.

Сабақтың мақсаты: І.Оқушылардың Отан, Қазақстан, ел, туған жер туралы ұғымдарын тереңдету, кеңейту. Отан деген ұғымның қуатты, зор, үлкен мемлекет екенін түсіндіру.

ІІ.Негізгіні іріктей білу, қорытындылау, талдау, жүйелеу қабілеттерін жетілдіру.

Оқушылардың ой - өрістерін, сөйлеу тілін дамыту. Оларға қоршаған табиғаттың сұлулығын көрсету, сезіндіру арқылы оны сақтауға, қорғауға баулу.

ІІІ.Оқушыларды Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға, патриоттық сезімін оятуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білімді жинақтау

Сабақтың әдісі: СТО

Көрнекілік: карта, интерактивті тақта, бейнефильм, суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезең.

«Ой қозғау» стратегиясы.

Бүгінгі біздің сабағымызды мына сұрақтарды қоюдан бастағым келіп тұр.

1.Отанымыз қалай аталады?

2.Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады?

3.Астанасы қай қала?

4.ҚР «Ата заңы» қашан қабылданды?

5.ҚР Президенті кім?

6.ҚР Мемлекеттік тілі ?

7.Біздің облыс қалай аталады?

8.ҚР рәміздерін атап бер

9.Өзің тұратын мекен жайды айт

10.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?

11.ҚР ұлттық ақшасы не?

12.Биыл ҚР Тәуелсіздігіне неше жыл толды?

Осы сұрақтарға жауап бере отырып не туралы айттық?

Туған жер, Отан, Қазақстан

Бүгінгі біздің сабағымыз, Отан тақырыбына арналады.

Отан дегенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?

Топтастыру стратегиясы

Отан деген сөзді тағы қандай сөздермен алмастыруға болады?

(Туған жер,Атамекен,Атажұрт. ) Олай болса

Бүгін біздің сабағымыз Отан тақырыбын қорытындылауға, қайталауға арналады.

Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы туралы айт

ІІ. Салыстырыңыз

Астана

Ортақ белгілері

Алматы

Қазақстанның жануарлар дүниесін

Өсімдіктер дүниесін

Өзендерін

Тауларын

Ауыл шаруашылығын зерттеп келу тапсырылған

(Үйде іздеп, тауып әкелген материалдарын айту)

«Менің Отаным» тақырыбына шағын әңгіме жаз

«Егер мен Президент болсам...» не істер едің?

Қазақстанға халықтар достығы

Қажет

Қажет емес

Біздің елімізде халықтар тату- тәтті өмір сүреді, жұмыс істейді. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы.Бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес халықтың басын біріктіреді.

Қорытындылау:

5 жолды өлеңмен қорытындылайық.

1.Зат есім: Қазақстан

2.Сын есім: бай, қуатты

3.Етістік: дамиды, гүлденеді,байиды

4.Сөйлем:Қазақстан - менің сүйікті Отаным.

5.Синоним: Отан,атамекен, туған жер, атажұрт.

Міне, балалар, біз өзіміздің Отанымыз туралы біраз мағлұмат алдық. Сыныптарың жоғарылаған сайын өз Отанымызды тереңірек танып білеміз. Ия, біздің Отанымыз Қазақстан. Бұл біздің туған жеріміз,туған еліміз, еліміз- қазақ. Біздің әнімізді, жырымызды тыңдап, бұл қазақ дейді. Ерлігімізді батырлығымызды көріп, бұл қазақ дейді. Сондықтан біз қазақ болғанымызға мақтанамыз, шаттанамыз!

Үйге тапсырма:Ауылда тұратын адамдардың өмірі мен еңбегі туралы сурет, мақала, өлең жинастырыңдар.


© 2010-2022