Сабақ зерттеу негіздері 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Зерттеу негіздері

Уақыты: 13.02.16

Кабинет: 56

Абуева Р.Т.

Сабақтың атауы

Мәтінмен жұмыс.

Сілтеме

Жас зерттеуші әдістемелігі.

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар, слайд, лупа, қолшатыр, қойынжазба, рулетка.

Жалпы мақсаттар

- танымдық белсенділіктерін арттыру, зерттеушілік оқу үдерісінде шығармашылық қабілеттерін арттыру, зерттеушілік жұмыс жазуға үйрету.

- өз ойларын жеткізе алады, іздей алады.

- шығармашылық мүмкіндігі мен дәстүрлі ойлау мүмкіндігін артады.

- жұпта,топта нәтижелі жұмысқа жете алады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, тәжірибе жасау.
Көрнекілігі: суреттер, тапсырмалар,

Оқыту нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныптағы оқушыларды санау арқылы (1- 5, есептік, реттік санау бойынша) топқа бөлу.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Бүгінгі күнге сәттілік тілейік.

Сабақ ұранын айтады

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Әуен үнімен 4 оқушы ортаға шығады.( қолдарында лупа, қолшатыр, рулетка, қойынжазба болады)

Еркін микрофон әдісі арқылы:

-Неліктен жаңбыр аспаннан жауады?

-Ал микроптарды көруге бола ма? Және қайдан көреміз?

- Неліктен қоянның құлақтары ұзын болады?

- Пілге тұмсық не үшін керек деп ойласыңдар?

(слайдтан көрсетіп отыру)

Жауаптары тыңдалып,оқушылар орындарына отырады.

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

  • Оқушылар сендер байқағандай бүгінгі сабақта біз кімдердің рөлінде боламыз деп ойлайсыңдар?

  • Зерттеуші боламыз. Мәтінмен жұмыс жүргіземіз.

  • Қандай мақсат пен міндет қояр едіңдер?

  • Мәтінмен танысу,

  • Ойлану, зерттеу,

  • Ұсыныс жасау. Болжам жазу.

Топта басшыны сайлап рөлге бөліне қойыңдар.

Әр топқа жеке тапсырма беру.

І топқа- «Алма» жайында мәтін беру,тапсырмасы:

1.Өрмекші сызбасын толтыру

2. Пайдалы кеңестер беру.

3.Тәжірибе жасау.

ІІ топқа- «Мектеп ережесін» құрастыру тапсырмасы: Ұсыныстар жазу ( дәптер бетіне арнайы дайындалған)

1.Мектеп формасын ұсыну.

2. Сауалнама алу ұстаздардан.

3. Тазалық сақтау іс - шаралары.

ІІІ топқа- «Лимон» жайында мәтін беру,тапсырмасы:

1.Өрмекші сызбасын толтыру

2. Болжам жасау

3.Тәжірибе жасау.

ІV топқа- «Тұмаудан сақтан» мәтін беру,тапсырмасы:

1. Сахналау

2. Сұрақтар дайындау.

3. Шарға мақал мәтелдер жазу.

V топқа- «Қар» мәтін беру, тапсырмасы:

1. Өрмекші сызбасын толтыру

2. қар қиыршықтарын жасау.

3.Тәжірибе жасау.

Әр топтың қорғап шығуы. Қол соғу арқылы бағалап отыру, өзара.

Сергіту сәті


Ой толғаныс

Шығармашылық жұмыс: «Егер, онда...» ойыны.

« Егер мен табиғат қорғау министрі болсам, онда....»

« Егер мен зауыт басшысы болсам, онда....»

« Егер мен зертхана бақылаушысы болсам, онда...»

Үй тапсырмасы

Мәліметтер жазып толықтыру.

Күнделіктеріне жазады


Кері байланыс

Арнайы бақылау картасы арқылы жұпта толтырады

Оқушылар толтырады

Ортада оқиды.



© 2010-2022