Тапқыр болсаң талас жоқ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Тапқыр болсаң, талас жоқ

Мақсаты:Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімдерін көрсете үйрету.Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.Болашаққа өз үлесін қоса білетін, іздемпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Жан - жақты білімділікке, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді бекіту.
Сабақтың типі: жарыс сабақ
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, қазақ тілі, дүниетану.
Көрнекілігі: топ аттары жазылған қағаздар, мақал - мәтелдер, қанатты сөздер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
II. Психологиялық дайындық
Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат,
Әрбір ісің - тірлік, тірек, адалдық.
Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адамдық
Балалар, бүгін біз сіздермен "Тапқыр болсаң, талас жоқ" атты интеллектуалды жарыс өткіземіз.
Жарысқа екі топ қатысқалы отыр
I. топ"Алғырлар"
II. топ " Тапқырлар"
Жарыс ережесімен таныстыру.
Әділқазылар мүшелерімен таныстыру.
Жарыс 8 кезеңнен тұрады.
1. Таныстыру
2. Сиқырлы сөздер.
3 Кім жылдам?
4. Кім көп біледі?
5. Білгенге маржан.
6. Ұшқыр ой
7. Сын сағаты.
8. Өнерлі болсаң.
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
"Тапқыр болсаң, талас жоқ" сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған екі топты қол соғып қарсы алайық.
Бас иіп топ алдына шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын дегендей сайысымыздың бірінші кезеңі "Таныстыруды бастайық"!
Сөз кезегін " Тапқырлар" және "Алғырлар"топтарына береміз. (Әр топ өз тобының атын, ұранын таныстырады.)
1 - кезең: Таныстыру.
1 - топ.Ұраны:
Нақтылы жауап, саналы шешім бере біл,
Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл!
2 - топ. Ұраны:
Неше сұрақ қозғайтұғын ойшылдар,
Шешуі сол сұрақтардың дәл шығар!
2 - кезең."Сиқырлы сөздер"
Қазір мен тақтаға" Қайырымдылық" сөзін жазамын. Қай топ осы сөзден бірнеше басқа сөздерді құраса, сол топта көп ұпай болады.(екі минут уақыт беріледі).
3 - кезең."Кім жылдам" кезеңінде математика пәнінен сұрақтар қойылады. Қай топ бірінші болып жалауды көтерсе, сол топ жауап береді.
1. Мен бір сан ойладым, оған 30-ды қосқанда 80 шықты. Мен қандай сан ойладым?(50)
2. 1дм - де неше см бар?(10)
3. Бір бала қалаға бара жатыр еді, жолда 3 танысы шықты. Қанша адам қалаға бара жатыр? (1)
4. 5 ондық пен 7 ондықтың арасындағы толық ондық?(60)
5. Туристер 3 адамнан 3 қайыққа отырып, жорыққа аттанды. Барлығы неше адам жорыққа аттанды?(9)
6. Ұзындығы 2см және 4см тік төртбұрыштың периметрін тап?(12)
7. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?(2)
8. 2 жылда неше ай бар?(24)
9. Екі шеті тұйықталған түзу сызық не деп аталады?
10. Үстелдің 4 бұрышы бар, бір бұрышын кесіп тастағанда оның неше бұрышы болады?(5)
4 - кезең "Кім көп біледі" Бұл кезеңде әр топ кезек - кезек мақал айтудан жарысады. Көп мақал айтқан топ жеңімпаз атанады.
5 - кезең "Білгенге маржан" кезеңінде дүниетану пәнінен сұрақтар қойылады. Тақтада сандар көрсетіліп тұрады. Оқушылар әр санды таңдау арқылы сол сандағы сұраққа жауап береді. Егер дұрыс жауап бермесе, ұпай саны сол топқа есептеледі. Дұрыс жауап бермесе қарсы топ жауап беруге болады.
1. Қай құс өз атын қайталай береді?
2. Құлағы үлкен жануар
3. Сезім мүшелерін ата
4. Топырақты неден қорғау керек?
5. Киелі құс
6. Ұша алмайтын құс
7. Өсімдік мүшелерін ата
8. Ауаның ластану себептері
9. Дәрілік өсімдіктерді ата
10. Шөлге шыдамды жануар
6 - кезең "Ұшқыр ой" кезеңі бойынша ана тілі және қазақ тілі пәндерінен сұрақтар қойылады.
1. Үш биді ата.
2. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
3. Мәтін түрлерін ата
4. Ы. Алтынсарин не ашқан?
5. "Тез жүгіріп келіп, арқандарды өткір тісімен қырқып тастайды" Қай мәтіннен алынған?
6. "Ғылым таппай мақтанба " өлеңінің авторы кім?
7. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
8. Сөз таптарын ата
9. Ертегілердің қандай түрлері бар?
10. Ахмет Байтұрсынов кім?

7 - кезең "Сын сағаты"кезеңі бойынша әр топқа жағдаяттық сұрақ қойылады. Олар сол сұраққа ойланып, өз шешімдерін түсіндіріп айтып береді.
1 - топқа сұрақ: Сабақта "2" алып қалдыңдар оған ұстазың да, анаңда қатты ренжіді, сол ренішті қалай өтер едіңдер?
2 - топқа сұрақ: Мектепке жаңа доп алып келдің. ойнап жүріп досың добыңды жарып қойды. Не істейсіңдер? Үйдегілерге не айтасыңдар?

8 - Кезең "Өнерлі болсаң"

Өлеңдер минусовкасы беріледі. Табу керек қандай ән екенін қосылып айту керек

Қорытынды
Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау. Марапаттау.
Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар.
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып дей отырып бүгінгі сайысымыз аяқталды.

© 2010-2022