Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Рустемова А.Т.

Сабақтың тақырыбы : Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем».

Сабақтың жалпы мақсаты «Туған өлкем» өлеңі арқылы оқушыларға туған жеріміздің құндылығы мен қасиеті, мәні мен маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Әдіс-тәсілдер «Ашық-жабық» сұрақтар, «Миға шабуыл», «Кезектескен интервью» , «Жүреміз, ойланамыз" әдісі, топтық жұмыс, жеке жұмыс, «Ой толғау», әдісі Күтілетін нәтижесі Өз беттерімен кез-келген тапсырмаларды орындай білуге машықтанады. Бір-біріне көмектеседі. Оқушылар өздерін еркін ұстай отырып, ойларын тиянақты жеткізеді, тапқырлық қасиеттерін шыңдайды.

Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті Дерек көздер. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Жылы жүрек- ізгілік тілегі» жүрекшелер

Топқа бөлу Атамекен өлеңінің жолдарын құрастыру арқылы 2 топқа бөлінеді.

Ана тілі - көңіліңе гүл егер,

Ана тілін - ғұмырым деп біле бер

Өзге тілде сөйлей білу - бір өнер,

Өз тіліңде сөйлей білу - шын өнер,- деп ақындарымыз жырлағандай, ана тілі сабағын бастайық «Атамекен» өлеңінің бір шумағын орындайды.

Қима қағаздар . Сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру

Үй тапсырмасы. Қызығушылықты ояту. Мағынаны тану. Ой толғаныс. Сабақты бекіту .Ұпай .Баға .

Үй тапсырмасын сұрау

1. Қазақстан өлеңін жатқа сұрау

2. Автор туралы сұрақтар қою

3. «Кезектескен интервью» Өткенді пысықтау .Қазақстан туралы карта бойынша түсінік беру. Жеке жұмыс. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Бір-бірінің үй тапсырмасын қалай орындағанын тексереді. Қызығушылықты ояту

- Туған өлке деген сөзді қалай түсінесіңдер? (өз ойларын сұрау).

- Туған жеріміз Аралағаш туралы бейнероликтен тамашалау.

- Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылығын таныстыру.

Абайдан кейінгі дәуірдің ең атақты ақыны-Мағжан Жұмабаевтың ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясында алатын орны ерекше.Мағжан Жумабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан жерінде дүниеге келген.

Оқушылар өз ойларын айтады. Аралағаш туралы қосымша мәлімет беріледі. Оқушы үйден дайындап келген автор туралы мәліметімен таныстырады. Слайд Бейнеролик .мәнерлеп оқуы;

- Сөздік жұмысын жүргізу

Слайд Аудиотаспа . «Жүреміз, ойланамыз» әдісі

Туған жер туралы мақал-мәтел жаз

Туған өлкемізді көркейтуге қандай үлес қосасың?

Біздің туған жеріміз Аралағаш ауылы несімен танымал? Әр топ басшылары келіп сұрақтарды таңдайды. Берілген 3 сұрақ бойынша 2 топ әр түсті маркерлермен плакатқа жауап жазады. Белгілі бір уақыт ішінде топ мүшелері орындарын ауыстырады.Орындарын ауыстыра отырып, әр топтың жазған жауаптарын тексереді және өз пікірлерін қосады. Кейін әр топтан бір оқушы шығып қорғайды Плакат Түсті маркерлер

Сергіту сәті «Қамажай» биі бейнеролик

Ой толғаныс

Топтық жұмыс

Ітоп. Туған өлке жайлы эссе жазады

ІІ топ. Өлеңге сүйеніп көркем, бейнелі сөздерді сәйкестендіреді Шығармашылықпен жұмыс жасайды. Слайд Постер

Сабақты бекіту «Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.

Слайд Балықтар суреті Алтын балық маскасы

Бағалау Формативті тәтті тарату, бағдаршам, басбармақ, бірін-бірі ауызша Критериалды Әр топ лидерлері өздерінің топ мүшелерін бағалайды. Қорытынды бағаны айтады. Бағалау критерийлері жазылған парақшалар Рефлексия Оқушылар Отанға деген тілектерін жапырақтарға жазып, қайың ағашына жапсырады. Плакат стикер

Үйге тапсырма Өлеңді мәнерлеп оқу.



© 2010-2022