Разработка Әліппемен қоштасу 1 класс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Разработка Әліппемен қоштасу 1 класс«Рахмет саған, Әліппе!» тақырыбындағы

әліппемен қоштасу салтанатының жоспары

Мақсаты: Әліппемен қоштасу арқылы1 сынып оқушыларының білген - түйгендерін тиянақтауға, көпшілік ортада өзін-өзі көрсете білуге, мәнерлеп оқуға, тіл дағдыларын жетілдіруге жағдай жасау. Мектепте білім алуға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: Тақырып жазылған ілмелі плакат, әліппе, ана тілі, математика, дүниетану оқулықтарының мұқабасы, шарлар, әріптер.

Сабақтың барысы: Армысыздар, құрметті қонақтар.

Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі - әліппені бітіру, әліппемен қоштасу ертеңгілігімізге қош келіпсіздер.

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, әнде бүгін шырқарар.

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр толар

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар!

Өсті міне бойлары,

Өсті ақыл ойлары

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойлары - деп 1 сынып оқушыларын ортаға шақырайық.

  1. Жақсы оқимын деп сабақты,

Боламын деп талапты

Ернұр мен Ұлпан шықсын ортаға,

Байлап алып қанатты.



  1. Салмақты, әрі сабырлы ол тамаша,

Әрбір іске кіріседі жан сала,

Қол соғып қарсы алайық бәріміз

Альхам шықсын ортаға



  1. Сүп-сүйкімді, мөлдіреген жанары,

Білім іздеп шамшырақ боп жанады.

Қошеметпен қарсы алайық ортаға,

Тамирлан мен Аида бар арайлы.



  1. Әр нәрседе асықпайтын арайлы,

Әрбір іске сабырменен қарайтын.

Ернұрды қошеметпен қарсы алайық,

Әр кездерде жақсылықты қалайтын.



  1. Нұр жүзінен күн күлгендей арайлы,

Балаң тілмен қызықтырар талайды.

Парасатпен ұштастырып ақылын ,

Ертеңіне нық сеніммен қарайды. - деп ортаға Амангелді мен Аружанды шақырайық.



  1. Қуанышың көп болсын сүйікті елде

Ақылды адам бәрінен биік пенде

Болашағың жарқын болсын әр кезде

Жұлдызың болсын әр кезде биіктерде.- деп Мұхамет пен Әсияны шақырайық.



  1. Жақсы оқып сабағын

Бәрімізге жағатын

Ислам кейде қырсықса

Түйіп алар қабағын. Ислам келсін ортаға.



  1. Ай секілді өзі де

Сыңғыр-сыңғыр сөзі де

Әкежан деген жігіттің

Әдемі ғой көзі де - деп ортаға Әкежанды шақырайық.



  1. Сабағынан қалмайды

Жалқаулыққа бармайды

Али бүгін осында

Ән мен жырын арнайды - деп алиді ортаға шақырайық.

Би «Вальс»

Ұлпан.

Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар. Бүгін бізде үлкен қуаныш: өйткені алғаш хат танытып , сауатымызды ашқын «Әліппені» бітірдік.

Диас.

Біз енді өзіміз-ақ оқып , жаза аламыз, ертегі , әңгімелерді де өз бетінше оқитын болдық.

Әсия.

Ендеше ортамызға өзіміздің сүйікті досымыз «Әліппені» шақырайық.

Әліппе:

Армысыздар, жас достар!

Армысыздар ата-ана

Менің атым - Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен,

Ағаң менен әпкең де.

Оқушылар:

Оны біз де білеміз,

Сондықтан да Әліппе

Мәңгілік сені сүйеміз.

Әліппе:

Өсті міне бойларың, өсті ақыл ойларың.

Қуанышқа ортақпын, құтты болсын тойларың.

Қанеки енді мен әріптерімді түгендеп алайын. Әріптерім қайдасыңдар?

Оқушы: Біз мұндамыз.



  1. Әліппе - білім анасы,

Әліппе - кітап данасы.

Әліппе бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы?!



  1. Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпын.



  1. Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырмысып бақ намысқа.



  1. Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық тойладық.



  1. Қош бол, құтты Әліппем!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.



  1. -Әліппеде тізілген
    42 әріп бар,
    Тізілген соң ізімен,
    Өз кезінде танып қал.

Ән: « Еңбекшіл осындай »


Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертекте

Үйреткен оны Әліппе


Ізгілікті ойға тоқитын,
Шәкірт боп үздік оқитын.
Әліппе атты кемемен,
Кеземін Білім мұхитын.

Үйретті бізді әліппе,
42 дербес әріпке.
Сөз, сөйлем құрап әріптен,
Лайық болдық дәріпке


Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды, қолдайды.


Әліппені бітірдім

Әріптерді танимын

Мен атаның баласы

Мен оқушы баламын

Ән «Әліппе»

Әліппе: Жарайсыңдар менің жас достарым. Сендер әріптерді жақсы меңгеріп, тақпақтарыңды жақсы айттыңдар. Мен де сендерге ризамын. Балалар сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар, сонымен қатар математика оқулығымен де таныс болдыңдар. Ендеше ортаға математиканы шақырайық.

Математика :

Сәлемет пе достарым,

Сабағы боп жоспардың

4 амалды қолданған

Математика достарың мен боламын.

Математика сабағында не үйрендіңдер?



  1. Бірден кейін тұрамын,

Бірден кейін тұрағым.

Бірді бірге қосқанда,

Мен шығамын шырағым.



  1. Үш сызықтан таяғым,

Оқушылар қояды.

4 дегенім баяғы

4 түліктің аяғы.



  1. 4-тен кейін 5-ті

Білу оңай десті.

Санашы бір қолыңның саусағын,

Оңай табасың бесті.



  1. Қара мына қызықты,

Көсеуді кім ұмытты

7 болам бір тартсаң,

Бел ортамнан сызықты.



  1. 8-ден кейін 9

6-ны төбесінен тұрғыз,

Сонда болам мен -9

Ән «Алтын ұя мектебім»

  1. Ауыстырылымдық қасиет

  2. Есептің шарты

  3. Қосудың компоненттері

  4. Азайтудың компоненттері

  5. Қосу мен азайту өзара кері амалдар...

  1. Мен санамақ білемін

1 дегенім бесік,

Шықтым содан өсіп.

2 деген елім,

Далам, туым, көгім.

3 дегенім үміт,

Үміт артар жігіт.

4 дегенім төзім,

Төзе білем өзім.

5 дегенім бақыт,

Бағалайтын уақыт.

6 деген ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

7 деген жалау,

Жүректегі алау.

8 деген сөзім,

Серт беретін кезім.

9 деген тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

10 дегенім Отан,

Қорға оны, ботам!

Біздің сізге арнаған әніміз бар.

Ән: « Отан »

Сендерге көп рахмет.

Әліппе:

Сонымен қатар балалар, менімен бірге «Дүниетану» әпкелерің де келді.

Дүниетану:

Сәлеметсіңдер ме балалар! Менің сендерге арнаған бірнеше сұрақтарым бар.



  1. Қай Республикада тұрамыз?

  2. Алфавитте неше әріп бар?

  3. Ел рәміздерін ата?

  4. Президентіміз кім?

  5. Табиғат нешеге бөлінеді?

  6. Тірі табиғатқа не жатады?

Сендерге көп рахмет.

Ән;» Мұғалім ол біздің»

Ән: «Әдемі»

Әліппе:

Ризамын балалар сендерге, Ана тілі атты әпкем бар, сендерді жетелеп әкетер.

Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе Ана тілі, ана тілі сізге арнаған биіміз бар.

Би «Морской танец»



  1. Ана тілі шығады.

  • Сәлеметсіңдер ме балалар!

Туған елдің тілімін,

Ақылыммен танылам.

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі мен болам.

Грамота беру.

Әліппе:

Енді сендер Ана тілімен дос боласыңдар:

Оқуда зейінді болыңдар, еңбекке бейімді болыңдар.

Кір шалмасын қабақтар, ақ жол болсын, балалар!

Ән «Әліппе»

Осымен әліппемен қоштасу мерекесі аяқталды.

Ата-аналарға сөз беру





























Әліппе оқулығының

толық курсын

«өте жақсы»

аяқтағаны үшін

1 сынып оқушысы

Кәмалбекова Ұлпан



МАРАПАТТАЛАДЫ













Директор: А.Ш.Тасжуреков

















































Сауалнама

Балаңызқандай тағамды ұнатады?----------------------------------------------------

Балаңыздың жолдасы кім?-------------------------------------------------------------

Қандай түсті ұнатады?------------------------------------------------------------------

Қай пәнді жақсы көреді?---------------------------------------------------------------

Қай бағдарламаны сүйіп көреді?------------------------------------------------------

Сіз балаңызды қалай еркелетесіз?-----------------------------------------------------

Балаңыздың сүйікті тағамы?-----------------------------------------------------------

Балаңызбен қандай ойын ойнайсыз?--------------------------------------------------

Сауалнама

Балаңызқандай тағамды ұнатады?----------------------------------------------------

Балаңыздың жолдасы кім?-------------------------------------------------------------

Қандай түсті ұнатады?------------------------------------------------------------------

Қай пәнді жақсы көреді?---------------------------------------------------------------

Қай бағдарламаны сүйіп көреді?------------------------------------------------------

Сіз балаңызды қалай еркелетесіз?-----------------------------------------------------

Балаңыздың сүйікті тағамы?-----------------------------------------------------------

Балаңызбен қандай ойын ойнайсыз?--------------------------------------------------

«Әліппе, саған мың алғыс!» тақырыбындағы

әліппемен қоштасу салтанатының жоспары

Мақсаты: Әліппемен қоштасу арқылы1 сынып оқушыларының білген - түйгендерін тиянақтауға, көпшілік ортада өзін-өзі көрсете білуге, мәнерлеп оқуға, тіл дағдыларын жетілдіруге жағдай жасау. Мектепте білім алуға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: Тақырып жазылған ілмелі плакат, әліппе, ана тілі, математика, дүниетану оқулықтарының мұқабасы, шарлар, әріптер.

Сабақтың барысы: Армысыздар, құрметті қонақтар.

Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі - әліппені бітіру, әліппемен қоштасу ертеңгілігімізге қош келіпсіздер.

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, әнде бүгін шырқалар.

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңе мейірім мен нұр толар

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар!

Өсті міне бойлары,

Өсті ақыл ойлары

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойлары - деп 1 сынып оқушыларын ортаға шақырайық.

  1. Әр нәрседе асықпайтын арайлы,

Әрбір іске сабырменен қарайтын.

Талғатты қошеметпен қарсы алайық,

Әр кездерде жақсылықты қалайтын.



  1. Сүп-сүйкімді, мөлдіреген жанары,

Білім іздеп шамшырақ боп жанады.

Қошеметпен қарсы алайық ортаға,

Айгерімдей қызымыз бар арайлы.



  1. Нұр жүзінен күн күлгендей арайлы,

Балаң тілмен қызықтырар талайды.

Парасатпен ұштастырып ақылын ,

Ертеңіне нық сеніммен қарайды. - деп ортаға Нұрасылды шақырайық.

Енді сендердің білімдеріңді және өнерлеріңді анықтау үшін түрлі кезеңдер бойынша тапсырмалар болады. Сол тапысрмаларды орындау арқылы өздеріңе жұлдызша жинайсыңдар. Ал сендердің жауаптарыңның дұрыстығын сарапшылар қарап отырады.

Бірінші кезең: сендерге бүгін қонаққа Әліппе келді. Оның сендерге арнаған тапсырмалары бар.

Әліппе:

Армысыздар, жас достар!

Армысыздар ата-ана

Бүлдіршіндер, балғындар.

Менің атым - Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен,

Ағаң менен әпкең де.

Мен құр келген жоқпын, сендермен орындайтын тапсырмаларым бар.Ал, балалар, Әліппеден не үйрендіңдер?

1 тапсырма:

  1. Әліппе - білім анасы,

Әліппе - кітап данасы.

Әліппе бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы?!



  1. Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпын.



  1. Қош бол, құтты Әліппем!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

2 тапсырма: Енді мына шашылып жатқан қағаздарды жинауға көмектесіңдерші.

  1. А дыбысы туралы айтып бер.

  2. Мәтінді оқы.

Жарыс.

Ауылда ат жарысы болды. Жарысқа Жомарт, Жақан, Олжастар барды. Олар тай жарысына қатысты. Жомарт сыйлық алды.



  1. Қақпашы сөзін буынға бөл. Неше буын бар

  2. Мәтінді оқы. Ою.

Менің әжем сырмақ сырды. Сырмаққа ою ойып салды. Оюы әдемі болды.



  1. Б дыбысы туралы айтып бер.

  2. Мәтінді оқы. Жусан.

Далада жусан бар. Жусанға мал жақсы жайылады. Жарас малды жусанға жайды. Мал тойынды.

Ненің суреті шықты? Ендеше мерекеге арналған қандай әндерің бар.

Ән «Әліппе»

Ой, балалар, сендерге көп рахмет.

2 кезең:

Сәлеметпе достарым,

Сабағы боп жоспардың

4 амалды қолданған,

Математика достарың.

Мен боламын.

Менің де сендерге арнаған тапсырмаларым бар. Сендерді мергендіктеріңді байқағым келіп тұр.

Ол үшін мына шарларды жарып, ішіндегі тапсырмаларын орындайсыңдар.

( 2 шардан жарады.)

  1. 3 санының құрамын айтып бер.

  2. Қосудың компаненттерін ата.

  3. Санға нөлді қосқанда не шығады.

  4. 3+2, 8-2, 6+0 , 7-1

  5. Алудың компаненттерін ата

  6. Қандай фигуралар білесің.

Ал маған арнаған қандай әндерің бар.

Ән «Біз өмірдің гүліміз» Талғат

3 кезең:

Жан-жақты дүниетанымымызды дамытатын Дүниетану еліне қош келіпсіңдер!Менің де сендерге арнаған тапсырмаларым бар. Сендермен бірге «Кім жылдам» ойнын ойнаймыз.

Айгерімге

  1. Қай Республикада тұрамыз?

  2. Өсімдіктің неше тобы бар?

  3. Алфавитте неше әріп бар?

  4. Біздің ауыл қалай аталады?

  5. Ел рәміздерін ата?

  6. Президентіміз кім?

  7. Төрт түлікке не жатады?

  8. Сені мамаң қалай еркелетеді?

  9. Қай уақытта шана тебуге болады?

  10. Өскенде сен кім боласың, аға ма, әлде апай ма?

Нұрасыл

  1. Сү тағамдарын ата?

  2. Табиғат нешеге бөлінеді?

  3. Атаңның аты кім?

  4. Қыста өзенге түсе ме?

  5. Төрт түлікке не жатады?

  6. Алфавитте неше әріп бар?

  7. Табиғат нешеге бөлінеді?

  8. Н.Ә.Назарбаев кім?

  9. Еліміздің рәміздері

  10. Сыныптарыңда неше оқушы?

Талғат.

  1. Төрт түлікті ата?

  2. 3-тен кіші сандар

  3. Сөз неден құралады?

  4. Қосудың компаненттері

  5. Қай уақытта шана тебуге болмайды?

  6. Жылқының сүті

  7. Тірі денеге не жатады?

  8. Қыстан кейін қай мезгіл?

  9. Үшбұрышта неше бұрыш бар?

  10. Ең үлкен 1 таңбалы сан?

Сендердің маған қандай сыйларың бар.

Ән «Бау-бақша белдер.» Нұрасыл

4 кезең:

Ал, мен сендердің қолдарыңнан не келетінін байқағым келіп тұр.

Ол үшін сендерге көмек керек. Ол үшін көмекке кімді шақырамыз.

Әрине , анамызды шақырамыз. Мына суреттерді пайдаланып жаңа жылдық құттықтау қағазын жасайсыңдар. (ақ бет, клей, қайшы, түрлі- түсті қағаз, түрлі суреттер.)

Ал, тағы қандай әндерің бар.

Ән «Ертегілер» Айгерім

Әліппеге сөз беріледі.

Бәрекелді жарадың!

Мүдірмедің қарағым,

Әрқашанда осылай

Таудай болсын талабың.

Сендер мені қалай құрметтесеңдер Ана тілін де солай құрметтеңдер.

Ал енді ортаға Ана тілін шақырайық. Ана тілі сөз кезегі өзіңде.

Ан тілі:

  • Сәлеметсіңдер ме балалар!

Туған елдің тілімін,

Ақылыммен танылам.

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі мен болам.

! Енді сендер әр қашанда менімен бірге боласыңдар. Мен де құр келген жоқпын, сендерге арнаған сыйым бар.( Ана тілі оқулығы таратылады.)

Ал енді балалар, сендер мені қалай құрметтесеңдер Ана тілін де солай құрметтеңдер. Қош болыңдар!

Оқушылар: Қош бол, Әліппе! Бәрі бірге.

Білімге жолды бастаған.

Әліппем саған мың алғыс!

Оқы деп ұран тастаған .

Әліппем саған мың алғыс!

Би «Қара жорға» 1-2 сынып

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз

Жұлдызшалар саналады, марапатталады.

Ата-аналарға сөз беріледі.

Осымен әліппемен қоштасу мерекесі аяқталды.



  1. А дыбысы туралы айтып бер.



  1. Мәтінді оқы.

Жарыс.



Ауылда ат жарысы болды. Жарысқа Жомарт, Жақан, Олжастар барды. Олар тай жарысына қатысты. Жомарт сыйлық алды.



  1. Қақпашы сөзін буынға бөл. Неше буын бар



  1. Мәтінді оқы.

Ою.

Менің әжем сырмақ сырды. Сырмаққа ою ойып салды. Оюы әдемі болды.



  1. Б дыбысы туралы айтып бер.



  1. Мәтінді оқы.

Жусан.

Далада жусан бар. Жусанға мал жақсы жайылады. Жарас малды жусанға жайды. Мал тойынды.

3 санының құрамын айтып бер

  1. Қосудың компаненттерін ата.

  2. Санға нөлді қосқанда не шығады.



  1. 3+2, 8-2, 6+0 , 7-1



  1. Алудың компаненттерін ата



  1. Қандай фигуралар білесің.



  1. Қай Республикада тұрамыз?

  2. Өсімдіктің неше тобы бар?

  3. Алфавитте неше әріп бар?

  4. Біздің ауыл қалай аталады?

  5. Ел рәміздерін ата?

  6. Президентіміз кім?

  7. Төрт түлікке не жатады?

  8. Сені мамаң қалай еркелетеді?

  9. Қай уақытта шана тебуге болады?

  10. Өскенде сен кім боласың, аға ма, әлде апай ма?



  1. Сү тағамдарын ата?

  2. Табиғат нешеге бөлінеді?

  3. Атаңның аты кім?

  4. Қыста өзенге түсе ме?

  5. Төрт түлікке не жатады?

  6. Алфавитте неше әріп бар?

  7. Табиғат нешеге бөлінеді?

  8. Н.Ә.Назарбаев кім?

  9. Еліміздің рәміздері

  10. Сыныптарыңда неше оқушы?



  1. Төрт түлікті ата?

  2. 3-тен кіші сандар

  3. Сөз неден құралады?

  4. Қосудың компаненттері

  5. Қай уақытта шана тебуге болмайды?

  6. Жылқының сүті

  7. Тірі денеге не жатады?

  8. Қыстан кейін қай мезгіл?

  9. Үшбұрышта неше бұрыш бар?

  10. Ең үлкен 1 таңбалы сан?

«Прииртышский жалры орта білім беретін мектебі»КММ



Разработка Әліппемен қоштасу 1 класс

Өткізген: Канжекеева Г.С.





2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022