Қазақ тілі 7-сынып Меңгеру

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Қазақ тілі 7-сынып МеңгеруҚазақ тілі 7-сынып МеңгеруҚазақ тілі 7-сынып МеңгеруҚазақ тілі 7-сынып Меңгеру

Қазақ тілі. 7-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Меңгеру, оның байланысу тәсілі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: сөз тіркесін байланыстырудың бір түрі- меңгеру, оның жасалу жолы қазақ тіліндегі септіктермен байланыстылығын түсіндіру. Оқушы білімін кеңейту.

Дамытушылық: тілдерін жетілдіру, сауаттылыққа машықтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу.

Тәрбиелік: шығармашылық жұмыстар арқылы оқушы белсенділігін, қызығушылығын арттыру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жеке, жұппен тапсырмалар орындау, талдау.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру.

Сабақтың түрі: іздену, аралас.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі.

Көрнекілік: белсенді тақта, сызба карточка, кесте, оқулық.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру.

-Оқушылармен сәлемдесу

-Оқушыларды сабаққа даярлау

-Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Оқушылар алдымен шеңбер болып тұрады. Оларға мұғалім сағат тілі бойынша өткен тақырыптардан сұрақтар қояды.

- Сөз тіркесі дегеніміз не?

- Сөз тіркесінің тәсілдерін ата.

- Сөз тіркесінің тәсілдеріне мысалдар келтір.

- Сөз тіркесінің қандай түрлері бар?

- Қиысу қалай жасалады?

- Қиысу қай септікпен байланысады?

- Матасу туралы не білесің?

- Матасудың жасалу жолын мысал арқылы дәлелде.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру.

Алдымен оқушылар қазақ тіліндегі 7 септікті және орыс тіліндегі септікті тақтаға жазады. Ерекшеліктерін көрсетеді. Қазақ тіліндегі атау септігі мен ілік септігінің қай сөз тіркесімен байланысты екендігі дәлелденеді. Қалған септіктердің сұрақтарын пайдаланып сөз тіркесі жасалынады. Осыдан меңгерудің ережесін оқушының өзі анықтап шығарады.

Меңгеру дегеніміз- барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері мен септеулік шылау арқылы байланысқан сөз тіркесін айтамыз.

ІҮ. Сабақты бекіту.

1. Сәйкестігін көрсету.

Қиысу мектепке дейін әкелді

Матасу бала келді

Меңгеру әдейі келді

Жанасу баланың добы

2. Оқулықтағы 255-жаттығуды жұптасып орындайды. Жаттығудан меңгеріле байланысқан сөз тіркесін теріп жазады, жасалу жолын анықтайды.

3.Белсенді тақтада сызылған кестені толтырады.

Мысалдар

Қиысу

Кабысу

Матасу

Меңгеру

Жанасу

Алма ағашы

+

Шаңғымен сырғанау

+

Халық қаһарманы

+

Алтын айдар

+

Хат жазды

+

Жауын жауды

+

Қатты күлді

+

4. Оқушылармен сергіту сәтін өткізу.

5. Белсенді тақтада жазылған сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып жұптасып сөйлемдер құрайды, оны оқып береді.

Шахтаға жіберу, жаңа жұмысшыларға, техника қауіпсіздігін, тыйым салынсын, ұғындырмайынша, ақсақалдар.

6. Оқулықтағы 256-жаттығудан меңгеруді теріп жазады да, 2-3 тіркесті жазып алып, оған оқушының өзі өлең құрастырады.

Ү. Қайталау, қорытындылау.

Сын тұрғысы ойлау технологиясының әр қалыпта жазу әдісімен жұмыс жұмыс жасайды.

1. Тақырып таңдау. (Меңгеру)

2. Кім жазды?

3. Кімге жазады?

4. Не туралы жазады?

ҮІ. Рефлексия.

ҮІІ. Үйге тапсырма.

«Меңгеру» тақырыбына сөзжұмбақ жасау, меңгеріле байланысқан сөз тіркесі бар

3-4 мақал-мәтел жазып келу.

ҮІІІ. Бағалау.

© 2010-2022