Планирование по познание мира на тему Жабайы және үй жануарлары 3 класс

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жабайы және үй жануарлары

Мақсаты:

Балалардың үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір - бірінен ажыратуға, әңгімені мұқият, зейін қойып тыңдауға үйрету. Үй жануарларының бізге тигізер пайдасын айту және оларды күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жануарларға байланысты тақпақ, мақал - мәтелдерді қайталай отырып, сұрақ - жауап арқылы тіл байлығын дамыту. Жабайы жануарлардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру; мекені, қоректенуі туралы түсінік беру, неліктен жабайы деп аталатынын түсіндіру. Балаларды сыный тұрғыдан ойлауына жағдай жасау

Әдіс тәсіл: СТО технологиясының тәсілдері ментальді карта,БББі кестсәсызба, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын. Көрнекілік: Үй және жабайы жануарлардың суреті, интербелсенді тақта.

Ұйымдастыру кезеңі

- Қазір қай мезгіл?

- Көктем.

- Көктем мезгілінде жерге сән беріп, құлпырып өсетін қандай гүлді білетін едіңдер?

- Жауқазын.

- Олай болса, көктемнің сәні жауқазын гүлінің өздеріңе ұнаған түсінен бір - бірден таңдап алайық. Гүлді көп жұлуға болмайды. Сондықтан бір - бірден алып, өз орнымызға жайғасайық.

. Топқа бөлу.

I топ - қызғылт жауқазын

II топ - сары жауқазын

III топ - қызыл жауқазын

Психологиялық дайындық

Қызыл түс - энергия түсі, ол адамды іс-әрекетке итермелеп, үнемі жігерлендіріп ротырады. Жоғары сезімді, жігерлі, күшті, мінез-құлқы батыл тұлға.

Сары түс - көңілді түс адамдармен тез араласуға көмектеседі. Бұл түсті таңдап алған адамдар - іскер, мінез-құлқы мықты, жаратылыстану пәндеріне жақын.

Қызғылт сары түс - шығармашылық, белсенділіктің түсі. Осы түсті таңдап алған адамдар - жауапкершілігі мол, өз сезімдеріне мықты.

- Ал, балалар, орнымызға жайғасайық. Алдымызда сурет қиындысы бар, әр топ сурет қиындысын құрастырып, не шыққанын қарайық.

- Қане, ненің суреті шықты?

I топ - арыстан

II топ- жылқы

III топ - бұғы

-Ал балалар топтың аты шықты

Ал енді балалар тақтаға назар аударайық,сабағымызды бастамас бұрын мына тұрған сөз жұмбақты шешіп алайық

Сөзжұмбақ

1. Сақтандырғыш реңді бауырмен жорғалаушы \жылан\

2. Түлкінің қаруы \айла\

3.Кірпінің қаруы \инелер\

4.Скунс нелерді жағымсыз иісімен қорқытады \жауын\

5.Жолбарыс түсі \тарғыл\

6.Қай жануардың реңі ағаш түстес \Ұшар\

Жарайсыңдар балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жануарлар» жөнінде болмақ екен. Балалар, жануарларды білесіңдер ма? Олардың қандай түрлерін білесіңдер?

Сұрақ жауап арқылы өткен материялдарды еске түсіру

Жануарлар түрлерін мекенін немен қоректенетінін еске түсіру

Үй жануарлары қалай пайда болды

Үй жануарларын қолға үйрету алғашқы адамдар мекендерін қазып зерттеу нәтижесінде, бұдан 15 - 10 мың жыл бұрын басталған. Аңшылық тәсілі жетілген сайын жабайы жануарлар саны азайып, адам баласының күнделікті тұрмыс қажетін қанағаттандыру үшін үй жануарлары қолға үйретіле бастады.

Адамдар жануарларға қора-жай салып,қысқы тамақтарын жинаған осылай үй жануарлары пайда болған

Жануарлар әлемі \музка\

Тақтадағы әріптер тізбегінің ішінен жануарлардың атын тауып алыңдар

Ыстық бауырсақ ойыны

Оқулықпен жұмыс

«ДжигСО» әдісімен берілген тақырыптарды балаларға бөліп беру

1топ

Жануарлар жабайы және үй жануарлары болып екіге бөлінеді. Жабай жануарлар тауда, орманда, далада тіршілік етеді. Олар: аю, қасқыр, түлкі, қоян, жолбарыс, арыстан. жабайы жануарларды ешкім бақпайды. Олар өз қорегін өздері тауып жейді, өз беттерінше өседі. Төлдерін де өздері асырайды.

2топ

Үй жануарлары: қой, ешкі, сиыр, жылқы,түйе.Үй жануарларын адамдар бағады.Жануарлардың қыста жейтін азығын жаз бойы жинайды. Үй жануарлары адамға пайда әкеледі. Олар ет, сүт береді. Қой мен түйенің жүнінен киім тоқиды.Сүтінен алуан турлі тамақтар жасайды.

3топ

Қыс түсісімен көп жануарлар өздерінің ініне тығылады. Қоян, түлкі, қасқыр олар қысқа қорек жинамайды, қысқы ұйқыға кетпейді. Себебі, өздеріне қорек таба алады. Қоян, қасқыр, түлкі, тиін қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн өседі.

Аю жаз бойы өзінің қорегін жинап, қысқа дайындалады екен.

Сұрақтарға жауап алу. Жауаптарды өзара толықтырады.

- Балалар, мәтін не жайында?

- Жануарлар қалай бөлінеді?

- Олар қайда мекендейді?

- Үй жануарлардың қандай пайдасы бар?

Сергіту сәті

Класстер құрастыру

Өте жақсы балалар енді әр топ өз тобына жататын жануарлардан класстер құрайды

Жұмбақтар және логикалық тапсырмалар орындату

1минут ішінде неше жұмбаққа жауап бересің?

Бағалау

  • Қане балалар кім көп күлегештерді жинады қане бақылаушыларға сөз берейік

Рефлексия.

Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер? Не білдіңдер? Не білгілерің келеді?

Оқушылар білімі бағаланады.

Үйге тапсырма: 1. «Маған ұнайтын жабайы жануар» тақырыбына эссе жаз.

4 - тапсырма. Суреттегі жануарларды атауларымен сәйкестір.

Қоян

Суыр

Қабылан

Маймыл

Тиін

5 - тапсырма. Тірек сызба бойынша сөз тіркестерін құраңдар.

Айлакер түлкі, Ақылды түлкі, Қу түлкі, Сұр қасқыр

Қызыл түлкі, Сары түлкі, семіз түлкі, әдемі түлкі

Жыртқыш аң орманда мекендейді



Сабағымды бастамас бұрын балаларды көктем мезгіліне байланысты үш топқа түрлі жауқазындар арқылы бөліп алдым.Таңдап алынған түстер бойынша балаларға мінездеме беріп өтілді.

Cабақ үш кезеңнен тұрды

-Қызығушылықты ояту

-Мағананы ашу

-Ойы толғаныс

Қызығушылықты ояту кезеңінің мақсаты оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру және оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылығын ояту.

Қызығушылықты ояту кезеңінде мен өз сабағымда үй тапсырмасын пысықтай отырып сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып алдым.Балалар сөзжұмбақты шешу арқылы не білетінін еске түсірді, белсенділігі оянды және қызығушылығы артты.Барлық балалардың жауаптары тыңдалып,жүйелі жауап алуға қажетті сұрақтар қойылды.

Қазақ тілі сабағымен байланыстыра отырып «Ыстық бауырсақ» ойыны ойналды .Бұл ойында түсіп қалған әріптерді табу арқылы жануарлардың атауын дұрыс жазу.

Сурет

Екінші «Мағананы ашу» кезеңінде жаңа сабақпен танысты.

«Ирек» стратегиясы бойынша берілген тақырыптарды үш топқа бөліп бердім. Әр топ сынып оқушыларына,өздеріне брілген мәтіндерін түсіндіріп шығады.Мұндағы басты мақсат-әр оқушы осы тақырыпты түгелдей қамтуында.Осы орайда бұлар қайдан шығады? Деген сұрақтар туындайды интерактивті тақтадан жануарлардың суретін көрсету арқылы алынған білімін толықтыруына жол сілтедім.Балалар дара, жұппен және топпен жұмыс істейді.Жаңа материялдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды,алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді.

Сурет

Үшінші кезең «Ой толғау» кезеңінде оқылған материялдарды класстер құру арқылы талдайды және қорытындылайды.

Сурет

Сабақ соңында балаларды топ бойынша топ бақылаушылары бағалады. \Смайликтер арқылы алдын ала таратып берілген барақшаларға \

Өзім алдымен белсенді топты және бағалау парақшаларды негізге ала отырып қорытынды бағалар арқылы бағаладым.

Сабақ соңында Білемін.Білдім.Білгім келедіс стратеегиясы бойынша таным үрдісінде рефлексивтілікті дамыттым.

Сурет



© 2010-2022