Пайдалы қазбалардың түрлер 3сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Пайдалы қазбалардың түрлері.

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділігі: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру, олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын түсіндіру. Пайдалы қазбалардың кен орындары, шартты белгілері, өндіру әдісі жайлы түсінік беру. Қазақстанда жер қойнауын зерттеген ғалым, академик Қ. И. Сәтбаев туралы әңгімелеу, Алматыдағы геологиялық мұражайлар туралы мағлұмат беру;

Пайдалы қазбалар туралы, олардың түрлерімен танысады.

Әңгімелеу , сипаттау, талдау, тәжірбие жасау, бақылау қабілеттері дамиды.

Пайдалы қазбалар туралы, олардың түрлерін ажыратады.

Сабақтың көрнекілігі: Жұмыс тәртібі жазылған нұсқау, сабақтың ұраны, түрлі фигуралар (ұпай жинауға қажетті), «Ұяшық таңдау»ойыны (цифрлар), сызба - нүсқалар, түрлі суреттер және көмір, саз, құм, ас тұзы, мыс, алюминий, темір, әктас, Қ. И. Сәтбаевтың суреті, шартты белгілер, өлең шумағы «Бақытты ұлы Отан», Қазақстанның физикалық картасы

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

«Ұяшық таңдау» ойыны арқылы ұпайларды жинай отырып, өз білімімізді көрсетеміз және бүгінгі танысатын тақырыбымызды білетін боламыз.
10 20 30 40 50
10 20 30 40 50 60 70
10 - Тау жыныстары дегеніміз не?
10 - Тығыз тау жыныстарына нелер жатады?
20 - Тау жыныстары қалай пайда болды?
20 - Бос тау жыныстарына нелер жатады? Құмның түсі қандай?
30 - Табиғатта тау жыныстары неше күйде кездеседі?
30 - Пайдалы қазбалар дегеніміз не?
40 - Гранит сөзі қазақшаға аударғанда қалай аталады? Гранит Қазақстанның қай жерлерінде көбірек кездеседі?
40 - Құмтас қалай пайда болады? Құм түйіршіктері бірігіп қатуы үшін нелердің ертіндісін араластыруы керек?
50 - Тамақ пісіру, үй жылыту, фабрика, зауыт, электр станциялары жұмыс істеуі үшін жұмсалатын қандай отын түрлерін білесіңдер?
50 - Үй жиҺаздары, түрлі машиналар, ұшақ, кеме, темір жол, көпір салу үшін қандай пайдалы қазбалар пайдаланылады?
60 - Адамдардың үй салғанын бақыладың ба? Қандай құрылыс материалдарын пайдаланылғанын көрдіңдер?
70 - Ең алғаш көмірдің табылуына өз үлесін қосқан, оны жылыну үшін жағып көрген кім еді?
«Қазба түрлері» деген сөз шықты.
ІҮ. Жаңа сабаққа дайындық
Мақсатымыз: Пайдалы қазбалардың түрлерін бірнеше топқа бөле отырып, олар туралы білім түсініктерімізді кеңейтеміз
«Ой қозғау»
- Көмір қандай зат? Оның қасиеті (жанады)
- Темір нелерден жасалады, қалай аталады? (металлдан)
- Ас тұзы не үшін қажет? Жерді тыңайту үшін қандай қазбаның түрін қолданамыз?
Оқушылардың ойларын тыңдай отырып, осы әрбір айтылған қазбаның түрлі топтарға бөлінетіндігін айту.

Мағынаны тану

Пайдалы қазбалар қолдануына қарай үшке бөлінеді
(жанғыш пайдалы қазба, кенді пайдалы қазба, кенге жатпайтын пайдалы қазба)
Жанғыш - тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, газ.
Кенді - алюминий, мыс, қорғасын, күміс, мырыш
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар - ас тұзы, фосфор, құм, саз, цемент
- Пайдалы қазбаларды кімдер зерттейді?
- Геологтар
- Қазақтың тұңғыш геологі кім еді?
- Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (түсіндіру)
Жанғыш пайдалы қазбалар
Тас көмір - ең көп өндірілетін пайда қазба. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды.
Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі.

Пайдалы қазбалардың шартты белгісімен таныстыру
Оқулықпен жұмыс
1. Іштей оқыту
2. Мәтіндегі оқығаны бойынша әңгімелету
3. Сурет бойынша жұмыс
Оқулықтағы суреттер арқылы жұмыс жүргізу(суретті толықтыру арқылы қандай қазбадан жасалғанын айтқызу)

Сергіту сәті


Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Сабақты бекіту
Тест тапсырмалары бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, тексеру
Пайдалы қазбаларға................ жатады.
1. Темір кенінен алынған металл
2. Жер қыртысының қатты бөлігі
3. Тау жынысы
Пайдалы қазбалар 3 негізгі топқа бөлінеді.
1. Пайдалы, пайдасыз, жарамсыз.
2. Бағалы, құнсыз, жанатын.
3. Жанғыш, кенді, кенге жатпайтын.
Кенге жатпайтын пайдалы қазба.
1. Мұнай, газ.
2. Алтын, күміс.
3. Құм және саз.
Үйге тапсырма
Мәтінді оқу, мазмұндау. іздену.

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау




© 2010-2022