Тәрбие сағаты: Ана деген - асыл сөз

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана деген - асыл сөз

(8 - наурызға арналған тәрбие сағаты)

Мектепалды даярлық сыныбы тәрбиешісі:

Г.Қ.Чинибекова


Ана - өмір бұлағы Әдемі безендірілген сынып бөлмесіне, балалар, музыка әуенімен кіреді. Тәрбиеші: Құрметті ақ жаулықты аналар, апайлар! Көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз құтты болсын! 1-бала Теңейміз аналарды аппақ таңға Теңейміз аруларды шапағатқа Ана деп ән саламыз, жар саламыз Бас иіп "ана" деген асыл жанға.(балалар бас иеді) 2-бала Аялаймыз ананы, Құрметтейміз бағамыз. Сіздер үшін аналар Шырқап әнге саламыз. Ән: "Ана- өмір бұлағы." (хормен орындау) 3-бала Жақсы көрем күлкіңді Айналайын ақ мамам Менің мамам сүйкімді, Бәрінен де жақсы адам. 4-бала Мама! Самое прекрасное слово на земле. Это первое слово, которое произносит человек, и звучит оно на всех языках одинаково нежно. У мамы самое верное и чуткое сердце - в нем никогда не гаснет любовь. И чем больше твоя любовь к матери, тем радостнее и светлее жизнь. 5-бала Өмірде ана - бұлақ, ана- пана, Өмірді өркендетер ана ғана. Өсірген талай көсем, талай шешен, Талай ер, талай ақын, талай дана. Көрініс: "Жиренше шешен және балалар" 6-бала Мен гүлдерді жұлмаймын Торғайларды құмаймын Айтқан сөзді тыңдаймын Апашымды сыйлаймын. 7-бала Моя мама (В. Руссу) Много мам на белом свете, Всей душой их любят дети, Только мама есть одна, Всех дороже мне она, Кто она,отвечу я: Это мамочка моя. Я люблю твой звонкий смех, Ты на свете лучше всех, Двери в сказку отвари, Мне улубку подари, Мама! Смотрят звезды с высоты, Хорошо что рядом ты, Улыбайся, песни пой, Буду я всегда с тобой, Мама! Ән: "Сенің анаң алтын" 8-бала Таусылмайды өлеңі, Күнде айтып береді. Барған сайын бір жаққа Кәмпит алып келеді. Әжем мені өйткені, Өте жақсы көреді. 9-бала Баланың да тірегі Дананың да тірегі. Шаншымасын ешқашан, Аналардың жүрегі. Диалог: диалог оқу "Әжесі мен Бағлан" (Қ. Ыдырысов)

  • Жүрегім кім менің? (ата-ана айтады)
  • Мен. (балалар хормен айтады)
  • Тірегім кім менің?
  • Мен.
  • Жаным кім менің?
  • Мен.
  • Сәнім кім менің?
  • Мен.
  • Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың, Ой, қарғам менің!
  • Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо...жоқ, қарға болмаймын! Қарға "қаңқ-қаңқ" етеді, Алысқа ұшып кетеді. Қасыңда боп әрдайым, Мен ешқайда бармаймын. 10-бала Құшағыңа кіргенде Жылынамын бір демде. Не жетеді көзіңе Мейірімді күннен де. 11-бала Үн қатасың бал тілмен, Еркелеймін әр күн мен. Құттықтаймын анашым( бәрі хормен) Сегізінші Наурызбен! Ән: Н. Тілендиев. "Құттықтаймын мама, туған күніңмен" 12-бала АНА! Ол- біздің елде ардақты адам, Кіші де, үлкен де оны ардақтаған. Өзінің аяулысы- Отанды да АНА деп біздің халық текке айтпаған. Бабушкины руки 13-бала Я с бабушкой своею Дружу давным-давно. Она во всех затеях Со мною заодно. Я с ней не знаю скуки, И все мне любо в ней. Но бабушкины руки Люблю всего сильней. Хормен:
  • Айналайын баладан- (мұғалім )
  • Тауып алған даладан( балалар)
  • Далада бала жата ма?-м
  • Түсіп қалдым шанадан-б
  • Біздің ---------қайда екен?
  • Қыздарменен тойда екен
  • Тойда неғып жүр екен?
  • Алма теріп жүр екен
  • Алмасынан қанеки?
  • Жаңа теріп жүр екен
  • Жаңасынан қанеки?
  • Қабы толмай жүр екен.
  • Қап..............( сандарын соға)
Ән: "Әжемнің шайы" 13 -бала Ел жатқанда жатпаған, Мен деп тыным таппаған, Бақыты үшін баланың Аман- сау жүр ақ мамам Өзің маған мият күн Сенсің таңым жиі атты Ақ мамамның айқайы, Айналайын сияқты. Ән: "Біз өмірдің гүліміз" Тәрбиеші - Көктем бейнесінде: Ана деген - асыл сөз ең қадірлі де құрметті сөз. Армысыз, аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын. Мен сіздерге құр келмедім, өзіммен бірге ойын ала келдім. 1-ойын "Өз баласын жаңылмай табу" 2-ойын"Менің анам" 3-ойын"Таныс дауыс" Ойындарын аналары мен балалары бірге ойнап болған соң Көктем қоштасып кетеді де, барлығы қосылып ән орындайды. Ән: "Әрқашан күн сөнбесін" Балалар хормен: Бұл екінші үйіміз, Біртуғанбыз бәріміз. Біз осы үйдің гүліміз, Біз осы үйдің сәніміз. АНА-ӨМІР БҰЛАҒЫ АНА -ӨМІР ШЫРАҒЫ АНА ДЕГЕН- АСЫЛ СӨЗ ЖҮРЕГІМДЕ ТҰРАДЫ. Ырғақты ән-би «Қара жорға» және балалардың өз қолдарымен жасаған "ашық хат"сыйлықтарын тапсыру кезеңімен аяқтау. Тәрбиеші: Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын! Сау болыңыздар.
© 2010-2022