Сен кімге ұқсайсың? орыс сыныптарындағы қазақ тілінен ашық сабақ 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сен кімге ұқсайсың? орыс сыныптарындағы қазақ тілінен ашық сабақ 3 сыныпСен кімге ұқсайсың? орыс сыныптарындағы қазақ тілінен ашық сабақ 3 сыныпСен кімге ұқсайсың? орыс сыныптарындағы қазақ тілінен ашық сабақ 3 сыныпПойма бастауыш мектебі






Орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні бойынша

АШЫҚ САБАҚ


3Б сынып

Сен кімге ұқсайсың? орыс сыныптарындағы қазақ тілінен ашық сабақ 3 сынып





Өткізген: Айткалиева Ж.А.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі




Тақырыбы: Сен кімге ұқсайсың? (Қазақ тілі, 3Б сынып.)

Мақсаты: Білімділігі: отбасы мүшелерінің атауларын еске түсіру. Мамандық атауларымен таныстыру. Жіктік жалғауларын және жаңа сөздерді таныстыру, сөйлесім әрекетінде дұрыс қолдана ала білуге үйрету. Дамытушылығы: оқушылардың сөйлеу әрекетін, есте сақтау қабілетін, ой-өрісін дамыту. Мәнерлеп оқу, бірін бірі түсіне алу дағдысын қалыптастыру. Тәрбиелігі: үлкендерді сыйлауға, мамандық иелерінің еңбектерін құрметтеуге өзара сыйластыққа баулу. Күтілетін нәтиже: тапсырмаларды орындау барысында оқушылар отбасы мүшелерінің атауларын еске түсіреді, мамандық атауларымен және ондағы жаңа сөздермен танысады. Сөйлесім әрекетінде жіктік жалғауларын дүрыс қолдана ала білуге жаттығады. Тақпақты мәнерлеп оқуға, сөздерде кездесетін төл дыбыстарды дұрыс айтуға, оқуға дағдыланады. Түрі: жаңа Әдісі: түсіндіру, оқыту, аудару, сұрақ-жауап, көрнекі құралдар. Көрнекілігі: суреттер, кесте, қималар, отбасы фотолары. Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану. І. Ұйымдастыру бөлімі: А) Сәлемдесу Ә) Ауызекі сөйлесу ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 3 тапсырма, 17 бет. Сандарды атауларымен сәйкестендіру.


ІІІ. Жаңа сабақ. А) Ой қозғау. Тыңдалым. Сөйлесім. 1-тапсырма. Суретпен жұмыс. (мұғалім өз анасының фотосын көрсету арқылы кімге ұқсайтынын айтады, кейін оқушылардан кімге ұқсайтындарын сұрастырады) Ә) Сөздікпен жұмыс. Айтылым. (отбасы атауларын сөздік арқылы еске түсіру) Ата - дедушка Әже - бабушка Әке - папа Ана - мама Аға - брат Әпке - сестра ІҮ. Ұжымдық жұмыс. Оқылым. Аударылым. 2-тапсырма. Кесте бойынша оқу, аудару.



3-тапсырма. «Сен кімге ұқсайсың?»сұраққа жауап беру арқылы жіктік жалғауларын меңгерту.

Ү. Сергіту сәті.

ҮІ. Жеке жұмыс. Тыңдалым. Оқылым. Сөйлесім.

4-тапсырма. Тақпақты мәнерлеп оқыту, оқу.

Кім кімге ұқсайды?

Бір күні Әсет балам

Сұрақ қойды маған:

  • Ағам менің - Арман

Ұқсай ма, әке, маған?

Жоқ, әлде мен

Ұқсаймын ба оған?

  • Айналайын балам,

Арман - сенің ағаң.

Сондықтан, ботам,

Ұқсайсың сен оған.

5-тапсырма. Суретке қарап, сұраққа жауап беру.

  • Әсет кім?

  • Арман кім?

  • Әсет кімге ұқсайды? Неге?

Жауаптары:

  • Әсет інісі.

  • Арман ағасы.

  • Әсет Арманға ұқсайды, себебі Арман оның ағасы.

6-тапсырма. Үлгі бойынша сөйлесу.


Сен кімге ұқсайсың? орыс сыныптарындағы қазақ тілінен ашық сабақ 3 сыныпСен кімге ұқсайсың? орыс сыныптарындағы қазақ тілінен ашық сабақ 3 сыныпСен кімге ұқсайсың? орыс сыныптарындағы қазақ тілінен ашық сабақ 3 сынып

ҮІІ. Бекіту. Тапсырма: жіктік жалғауларын дұрыс сәйкестендіру.


ҮІІІ. Бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма.

  • 4-тапсырма, 20 бет. Мәнерлеп оқу.

  • Жіктік жалғау ережесін қайталау.



Бекітілді: Елубаева М.Г. (мектеп меңгерушісі)

Келісілді: Айткалиева Ж.А. (оқу іс.меңгерушісі)

Қаралды: Ешмухамбетова Д.Ж. (ӘБ-нің жетекшісі)

© 2010-2022