Сабақ жоспары дүниетану 3-сынып Тыныс алу мүшелері

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшелері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың тыныс жолдары туралы түсінігін қалыптастыру, олардың жұмысы жайлы мәлімет беру;

  2. Таза ауаның тыныс алу мүшелері үшін маңызы туралы айту; тыныс алудың гигиеналық тәртібін қарастыру.

  3. Таза ауада көбірек серуендеуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: «Тыныс алу мүшелері» кестесі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. I. Ұйымдастыру кезеңі. -амандасу -оқушыларды түгендеу -сабаққа дайындықтарын тексеру

Психологиялық дайындық.

«Кім көп біледі» ойыны.

Балалар дені сау адамның белгілерін атап шығады (көңілді, сергек, оқтай түзу, дұрыс тамақтанады, терісі таза, спортпен шұғылданады және т.б.).

  • Балалар, адам тыныс алу үшін қандай газ қажет? (Оттегі)

Үй тапсырмасын тексеру.

-үйге берілген тақырыпты әңгімелету. Жаңа сабақты түсіндіру. Кіріспе әңгіме.

  • Қане, бәріміз аузымызды жауып, мұрнымызды қысып тұрып демалып

көрейік. Не байқадыңдар? (Ауа жетпей, тынысымыз тарылды.)

  • Ауаның құрамы қандай?

Қорытынды. Адам тыныс алуы үшін оттегі қажет.

- Адам өмір бойы дем алады - ауаны жұтып, сыртқа шығарлды. Жұтқан кезде ауа мұрын қуысымен кеңірдек, көмекей жолдары арқылы өкпеге жетеді. Бұл мүшелердің бәрі бірігіп тыныс алу жүйесін құрайды.

Мұғалім «Тыныс алу мүшелері» кестесін көрсетеді, оқушылар осы мүшелерді тауып, есте сақтайды және сызба құрады:

Тыныс алу мүшелері:

Мұрын қуысы

Кеңірдек

Көмекей

Өкпе

1.Оқулық бойыншажұмыс:

а) Мақаланы оқып, жұптасып пікір алмасу;

ә) Тыныс жолдарын қорғаудың негізгі ережелерін анықтау.

Әрі қарай балалар мәтіннен мұрын қуысының маңызын біліп, адам денсаулығы үшін мұрын қандай рөл атқаратынын бығамдайды.

2.Сөздік жұмыс. Көмей, кеңірдек, өкпе.

3. Жағдайға талдау жасау.

Мерейтойы әжемнің:

Қонаққа толы үйіміз.

Күлкі, әзіл көбейді,

Бұрқыраған көк түтін.

Қонақтар аса көңілді,

Маған ғана күлкі жоқ.

Түтіннен әбден тұншықтым,

Маған мұнда орын жоқ.

- Темекі түтіні адам денсаулығына қандай зиян келтіреді?
- Осы өлең кейіпкерінің орнында сен болсаң қайтер едің?

4. «Дұрыс жауабын тап» ойыны.

- Сенің қасыңда біреу темекі тартып тұрса:

а) Былайырақ барып тұру қажет.
ә) Темекі тартпауын өтіну керек.

б) Темекі тартып тұрған адамға жақын тұру керек.
Сабақты қорыту. Өзіңді тексер.

- Адамның тыныс алу жүйесінің құрылымы қандай және ол қалай жұмыс істейді?

- Өкпе қандай бөліктерден тұрады?

- Өкпе көпіршіктері қандай қызмет атқарады?
Негештің сұрағы:

- Тұмау кең таралған кезде дүкен, емхана және басқа мекеме қызметкерлері неліктен аузы-мұрнына дәке байлап алады? Үйге тапсырма беру. Бағалау.


© 2010-2022