Аққұс туралы аңыз (3-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу 3 «В» сыныбы Күні: 04.02.2013 жыл Сабақтың тақырыбы: Оразбек Бодықов. «Аққұс туралы аңыз» Мақсаты мен міндеттері: 1.Оқушыларға тақырыптың мазмұнымен таныстыру. Мәтіндегі негізгі ойды,идеяны меңгерту. 2.Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын ,шығармашылық ізденістерін дамыту. 3.Оқушыларды адамгершілікке,әдептілікке,әсемдікке, сұлулыққа өз Отанын сүюге және еңбекке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: автордың суреті, Ш.Қалдаяқов, Бетховен, Байқадамов суреттері, үнтаспа Шәмші әні. Сабақтың түрі: әңгімелеу, сұрақ-жауап Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану, ана тілі

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі Сәлем достар аман ба? Мынау бейбіт заманда. Бізге білім үйреткен, Ұстаздарым аман ба? Шәкірттерін ойлайтын, Ұстаздарым аман ба?

II. Үй тапсырмасын сұрау 1. Мәтінде қандай кейіпкерлер туралы айтылған? 2. Қ.Жандарбеков туралы қандай мағлұмат жинап келдіңдер? 3. Қ. Жандарбеков неге мұңайды? 4. Қ.Жандарбековтің көңілін кім көтерді? 5. Әміре кім? Аққұс туралы аңыз (3-сынып) 6. Халқымыз Әмірені неге мақтан тұтады? 7. Қазіргі атақты халық әншілерінен кімдерді білесіңдер? 8. Қандай әншілер ұнайды?

III. Жаңа сабақ 1. Біз жаңа сабақты ашудан бұрын әнұранды айтамыз. - Осы әнұранның сөзі мен әнін жазған кім? - Сөзін жазған Н.Назарбаев,Ж. Нәжімеденов - Әнін жазған Ш. Қалдаяқов Олай болса бүгінгі тақырыбымыз Оразбек Бодықовтың «Аққұс туралы аңыз» Автор Шәмші Қалдаяқовпен бетпе-бет отырып сөйлескендегі әңгімесі. .2. Автор жайлы мағлұмат беру О.Бодықов 1927 жылы 29 наурызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туылған. Жазушы, аудармашы, драматург Республикалық жастар газетінде, Республикалық қуыршақ театрында, қазақ радиосында жұмыс істеді. Оның «Қанжар мен домбыра» «Дала тұтқыны» «Әл-Фараби» «Жас аңшы», «Аққұс», «Өмір жолдары», «Шәмші Қалдаяқов» атты шығармалары бар Мәтінді оқып, таныс емес кісі аттарын түртіп алып, астын сызып отыру. 3. Бетховен Байқадамов жайлы оқушыларға мағлұмат беру 4. Оқулықпен әрі қарай жұмыс жүргізу 5. Ш.Қалдаяқов кім?

Әнші туралы оқушыларға мағлұмат беру. Аққұс туралы аңыз (3-сынып) Аққұс туралы аңыз (3-сынып)
-Әншінің бойында қандай ерекше қасиет болған? -Автор Ш. Қалдаяқовтан не жайында сұрады? -Аққұс туралы аңызды Шәмші аға кімнен естіген? -Аққұстың әніне табиғат,адамдар қалайша табынған? -Қарақұс неліктен Аққұстың көзін жоймақшы болды? -Аққұстың ақырғы өтініші не еді? -Аққұс ажалдан қалай құтылды? -Автор әннің құдіретін не арқылы көрсеткен?

IV. Дәптермен жұмыс

  1. Мәтіннен табиғаттың Аққұс әніне табынған жерін суреттейтін тұстарды тауып дәптерлеріне жазып алу.

V. Сергіту сәті

VI. Шығармашылық жұмыс

  1. Аққұс пен Қарақұсқа мінездеме беру.
Аққұс туралы аңыз (3-сынып)Аққұс туралы аңыз (3-сынып) Ш.Қалдаяқовтың әнін күйтабақтан тыңдау.

VII. Қорытынды Құйрықты жұлдыз секілді, Туды да көп тұрмады. Көрген білген өкінді, Мін тағар жан болмады. Қазақ даласын әнімен тербеткен Ш. Қалдаяқовтың тағдыры мен ғұмыры осы төрт жол өлең түгелімен арналғандай.Ән өнерінде жарық жұлдыздай із қалдырған Ш. Қалдаяқовты қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі.

VIII. Оқушыларды бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма: Мәтінді әңгімелеу, Ш.Қалдаяқов туралы мәлімет жинастыру.

© 2010-2022