Ж дыбысы 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Ж дыбысымен таныстыру. Сөздерге дыбыстық талдау жасатуды одан әрі үйрету. Ж дыбысының әрпімен таныстыру, әріп элементтерін дұрыс , әдемі, сауатты жазуға үйрету.

2.Дамытушылығы: Сөз байлығын, есте сақтау қабілетін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелілігі: Ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікті түсіне білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, парақшалар, кестелер.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, сто элементтері-куббизм, бір айналым сөйлесу

Пәнаралық байланыс:

Түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың жүрісі

Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде

Қуанамыз бәріміз

Арайлап атқан күнге

-Балалар, бүгін біз өздерің білетін «Балапан» телеарнасында көріп жүрген Білімпаз атаның ауылына Елдос және Аяжанмен бірге саяхатқа пойызбен барамыз. Ол үшін пойызға отыру үшін билет алу қажет болады. Сатылымға шыққан билеттерде тапсырмалар берілген, тапсырманы дұрыс орындасақ қана пойызға мінетін боламыз.

«Билет алу » ойыны

1-билет

Ы қандай дыбыс?

2-билет

Ы дыбысы сөздің қай жерлерінде келеді?

3-билет

Ыдыс сөзіне дыбыстық талдау жаса

4-билет

Ырысты сөзіне сөйлем ойла

5-билет

Мына сөздерді буынға бөліп, ы дыбысы қай буында кездескенін айт

Оқушы, орын, орманшы

  • Балалар , сұраққа жақсы жауап бердіңдер, олай болса пойызға мінеміз.

Біздің достарымыз Аяжан мен Елдос сендерге тапсырма дайындаған екен, орындауға дайынбыз ба?

Аяжанның тапсырмалары

1)Жұмбақ

Құйрығы он қарыс,

Бұл айбатты қай барыс? (жолбарыс)

Ағайынды бәрі

Шықса-көк,

Түссе-сары. (Жапырақ)

Жолбарыс , жапырақ сөздерін айтқызу

Ж дауыссыз дыбыс, сөздің басында, ортасында келеді.

Ж дыбысының әріп таңбасының баспа және жазба түрімен таныстырамын.

2) Оқулықпен жұмыс

Жа, жу,жо буындарымен таныстыру.

3) Бағандағы сөздерді оқу

Жа-ға жа-лау жо-та жан-тақ жу-ан

Жа-са жа-сау жу-а жу-сан жу-ас

Сөздік жұмысы

Жантақ, жусан - өсімдіктің атауы

«Жусан» мәтінін түсіндіру

Тізбектеп оқыту

Елдостың тапсырмалары

Дәптермен жұмыс

Ж дыбысының әріп таңбасы 5 элементтен тұратынын айтып, ауада жаздырту

Сергіту сәті

  • Ал, балалар Білімпаз атаның ауылына да келіп жеттік. Енді Білімпаз атаға бүгінгі білімімізді көрсетейік.

Ж дыбысына байланысты:

  1. Сөз ойлайық, көп ойлайық

  2. Буыннан сөз құра

  3. Сөзден сөйлем құра

Бағалау

Үйге тапсырма

Ж дыбысы мен әрпі 69-бет

Б.Нысанбаев атындағы орта мектебі

Панорамалық сабақ

Пәні: Әліппе

Тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпі

Тулманова Нұрсұлу





© 2010-2022