Қатырма қағазды матамен қаптау

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Қатырма қағазды матамен қаптауҚатырма қағазды матамен қаптауҚатырма қағазды матамен қаптауҚатырма қағазды матамен қаптауҚатырма қағазды матамен қаптауҚатырма қағазды матамен қаптауҚатырма қағазды матамен қаптау

Сыныбы:3 «в»

Мерзімі:28.10.2015

Сабақтың тақырыбы:Қатырма қағазды матамен қаптау.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға қатырма қағазды матамен қаптау әдісін үйрету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушыларға қатырма қағаз бен мата туралы түсінік беру, құрастыру және үлгілеу негіздерімен таныстырып, қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білуге үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың эстетикалық танымдары мен ой-ірісінің дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, қол ептілігін, көзбен мөлшерлеу біліктілігін меңгерту..

Тәрбиелік : Оқушыларды мұқияттылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу, еңбек мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Жаңа білімді игерту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ой қорыту.

Құрал-жабдықтар: қатырма қағаз, қайшы, кілей, мата

Пайдаланған әдебиет:еңбекке баулу 3 сынып Атамұра.

Сабақтың жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

ІІІ.Жаңа білім негіздерін игерту.

Сергіту сәті.

ІV.Қауіпсіздік ережесі.

V..Сарамандық жұмыс.

VI Бекіту.

VІI.Қорытындылау.

А)үй тапсырмасы.

Ә)бағалау.

Б)рефлекция.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А)амандасу.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!Қалдарың қалай?Мен бүгін сендерге еңбекке баулу пәнінен сабақ беремін.Менің аты-жөнім:Еркинбекова Меруерт Айдыновна. Ә)түгендеу.

-Сабақта кім жоқ?

Балалар, біз бүгін қатырма қағазды матамен қаптауды үйренеміз.Ол үшін бізге қатырма қағаз, мата, пва клей,қайшы қажет.Барлығымыз осы құрал-жабдықтарды алып келдік пе?

Б)Психологиялық дайындық:

Жарық болсын күніміз

Жарқын болсын үніміз

Елін сүйіп ер жетер

Біз болашақ баламыз,- деген өлеңмен сабағымызды бастайық.

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

Жаңа сабағымызды бастамас бұрын өткен сабаққа шолу жасайық.Өткен сабақта сендер нені үйрендіңдер? Үйге қандай тапсырма берілді?

ІІІ.Жаңа білім негіздерін игерту.

-Бүгін біз қағаз, мата сияқты заттармен жұмыс жасаймыз.Олардың шығу тарихын білесіңдер ме?

-Қағаз жасайтын шикізатты дайындау үшін ағашатарды кеседі.Бұтақ жапырақ, тамырынан тазартады.Сонан соң ұсақталғанша үгітеді де, ол ұнтағы шыққанша майдалана береді. Бұдан соң ұлпа әр түрлі өңдеулден өтеді. Дымқыл әрі баорпылдақ ұнтақ машинадан өтіп тығыз да, теп-тегіс аппақ қағазға айналады.Бұрын пайдаланылған қағаз қалдықтарын өңдеу арқылы қағаз бен қатырма қағаз басуға болады.

Қағаздың аты Ежелгі Египетте жазу үшін пайдаланылған «папирус» деген су өсімдігінің атауына байланысты шыққан.

-Мата-өсімдіктердің, жануарлардың синтетикалық әдіспен алынған жасанды талшықтарынан тоқу нәтижесінде алынған материал.

Табиғи маталар жүннен, мақтадан, кендірден және т.б дайындалады.

Асбест тастарына алынатын маталар да болады.Бұл мата отқа жанбайды.Асбест талшықты маталардан өрт сөндірушілерге арналған киім тігеді.

Сергіту сәті.

ІV.Қауіпсіздік ережесі.

-Ал, балалар қағаз бен матаның қалай пайда болғанын ұқтыңдар ма?

Енді біз қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.

1.Жұмыс орың ретеулі болсын

2.Жұмыстың алдында құралдарды тексеріп шық.

3.Дұрыс бекітілген, әрі өткір қайшыны пайдалан.

4.Қайшыны тек жұмыс орнында пайдалан.

5.Қайшыны сап жағымен қаратып ұсын.

6.Қайшымен ойнама, бетіңе жақындатпа.

7.Желімді қажет мөлшерде ғана пайдалан.

8.Қолыңды жұмыстан соң сабындап жу.

V..Сарамандық жұмыс.

-Ал, енді жұмысымызды бастаймыз.Ол үшін қатырма қағазды алып, оны былай сызамыз.

Осылай қатырма қағазға сызықтар жүргізіп, қобдиша жасаймыз.Матаны қобдишаға дәлдеп қиып аламыз .Қобдишаға пва клейін жағып матаны жапсырамыз, артық матаны ішіне қайырып жапсырамыз.Қобдишамызды сәндеу үшін басқа түсті матадан оюды қиып алып жапсырамыз.Қобдишамыз дайын.Бұл қобдишаны әр түрлі мақсатта пайдалануға болады.Қыздар әшекей бұйымдарын салып қойса болады.

VI Бекіту.

Инцерт

Нені білемін

Нені білдім

Не білгім келеді?

VІI.Қорытындылау.

А)үй тапсырмасы.

Аяқтамаған балалар үйден ақтап келеміз.Қобдишаны тағықалай сәндеуге болады соны қарастырып келеміз.

Ә)бағалау.

Б)рефлекция.

-Сабақ аяқталды,сау болыңдар!



© 2010-2022