Сценарий Бастауышпен қоштасу 4класс

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы - мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Ашылуы: қазақ биі

І жүргізуші: Қош келіпсіздер, құрметті, ата - аналар, қадірлі ұстаздар, қонақтар! Бүгін 4 класс оқушылары үшін ерекше ұмытылмас күн. Өйткені, олар бастауыш кластың түлектері. Міне, бойлары да, ойлары да өсіп,бастауыш класста білім алып, аяқтап, орта буынға өткелі отыр. Ендеше қызықты да,ғаламат өзгерістер сыйлаған, білімнің бастауы болған «Қош бол, білім бастауы - бастауышым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

ІІ жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

І жүргізуші: Бастауыш бала үшін өмір мәні,

Бастауыш бала үшін өмір сәні

4 жыл оқып, бастауышты тәмамдап

Бүгін міне қоштасады барлығы,

Саламат па, екенсің, жайсаң елім

Еңселі 54 - тің қонақтары.

ІІ жүргізуші: Бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.

І жүргізуші: Сондай -ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымыз бен солымызды танытқан,жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстаздарымен қоштасқалы отыр.

ІІ жүргізуші: Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,

Бастауышты тәмамдайтын күн жетті.

Қошеметпен шақырамыз ортаға

Қадам басқан шәкірттерін құрметті - дей отырып, бастауыш түлектерін ортаға шақырамыз.(музыка әуенімен түлектер ортаға шығады)

І жүргізуші: Армысыздар жас достар,

Болашаққа жол бастар

Білім деген ғажаптың,

Келешегі қазақтың

Сендерден басталар.

ІІ жүргізуші: Ажырамай мектеппен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге

Түлектерге арналсын тілегіңіз -дей келе мерекелік кешімізді ашу үшін сөз білім ордамыздың басшысы М.Ж. Досовқа беріледі. Хормен: Мектеп - кеме,Білім-теңіз, Барар жолға тез жетеміз. Адаспаймыз ұлы жолда Ұстаз берген білім қолда.

І жүргізуші: Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше оқушыларымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

Ботагөз: Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

Армысыздар, әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

Аяулым: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

Мереке: Ұлылықты аруақ тұтар үнемі

Алтын ұя ақ босаға киелі

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

Исламбек: Мектеп - үйім, ұстаз - менің ата - анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа таралған.

Сағынжан: Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

Хор: «Аяулы мектебім»

Ән «Чему учат в школе» Көрініс «Ақылды қария»: (ортаға қария мен 5 оқушы шығады) 1 - оқушы - Ата, ата, арман деген не? - депті жігіт - Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қарт. 2 - оқушы

  • Дос табу оңай ма? - депті қарт.
  • Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, депті қарт. 3- оқушы - Үйдегі алтын қазығың кім? - депті қарт. - Ата, үйдегі алтын қазық - бала, депті жігіт. - Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана - ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң - қорғаушың, інің - сүйенішің, қарындасың - қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем, - депті қарт. 4 - оқушы
  • Өмір сүру үшін не қажет? - депті қарт.
  • Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, - депті жігіт.
  • Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су - тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.
5-оқушы - Адамға ақыл беретін кімдер? - депті қарт. - Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, -депті жігіт. - Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата - ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт. 1-жүргізуші: Иә, қасиетті тіл, сөз шеберлігіне не жетсін? 2-жүргізуші: Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады деген. Ендеше туған тіліміз, ана тіліміз туралы тақпақ өлеңдерге кезек берейік. Оқушы: Өмірімнің шырағы, ақыл ойдың бұлағы. Ана тілі қадірлі, халқымыздың жыр - әні. Ақыл, ой да, білім де, туған ана тілінде. Ана тілсіз ұғылмас, ауа, жер де, күнің де. Ақ сүтіндей анамның, ардақтаймын ана тілін. Оқушы: Тілім барда, қазағым бар, халқым бар. Дәстүрім бар, ата жолым салтым бар. Кең даладай жиналмаған шалғайы, Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдар. Оқушы: Тілім менің - елдігім де, ерлігім, Кемеңгерлік кемелдігім, кеңдігім. Тілім менің мөлдірлігім, пәктігім, Ойлылығым, тереңдігім, теңдігім. Оқушы: Ана тілім - қасиетім, дарыным, Көз жеткісіз көк жиегім жарығым. Бұл дүниенің терең тылсым сырларын, Өзің ғана арқылы тек таныдым.

І жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай ,алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың алғашқы ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің?
ІІ жүргізуші: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз дер едім.
І жүргізуші: Олай болса, келесі өлең жолдарын ұстаздарымызға арнайық. Жадыра: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім, Басталған ақ батаңның жас талабын Ұғындым ұлылықтың, даналықтың, Ұстаздың ұлағатынан басталарын. Мұғалім ұстазысың балалардың, Болашақ ғалымдардың, даналардың, Өмірде сенің алар орныңа Бәрі де жеткізе алмас бағаларын. Әдина: Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан Жансыз ғой әлдилеген шуақты орман Жатталады жан жүректе есіміңіз, Анамның аяулы үні сияқталған. Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз, Бейнеңіз жүректерде сақталады, Біз әлі биіктерден көрінеміз Үмітпен сеніміңіз ақталады.

Алтынбек:

Аружан: Сағынжан: Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді, Бар асылын бізге жиып, мол береді Қанатымен су себелеп асыл жан, Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді. Әділет: Тек үйреттің әділдікті, адалдықты, Жирендік, ажыраттық жамандықты, Жалғастырар ақ жолың сенің салған, Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты. Хор «Ұстазым» ІІ жүргізуші: 2011 жылы қыркүйектің 1-інде ата -анамыз біздерді қолымыздан жетектеп, білім ордасына алып келді. Бас иіп, шексіз алғысымызды аналарымызға және қадірлі әкелерімізге білдіреміз. Әкелдіңіз білім ал деп мектепке, Жетектеп арман қуған балаңызды Рахмет айтамыз ата - ана, Басымызды иіп біздер мәңгілікке. І жүргізуші: Құрметті, аналар мен әкелер, біз сіздерге рахметімізді айта отырып, келесі әнді өздеріңізге арнаймыз. Оқушылардың орындауында ән «Қос бәйтерегім» ІІ жүргізуші: Құрметті, қонақтар! Біздің қоштасу кешімізге 1 класс оқушылары да келіп отыр. Болашақ оқушыларға сөз берейік. МАД тобының тақпақтары. Жадыра: Ғылымды терең меңгеріп, Үмітті сендер ақтаңдар! Мектепті үздік бітіріп, Шығыңдар білім шыңына! Аманат осы сендерге Болыңдар үздік тағы да Еңбекте де оқуда. (бір оқушы кілт тапсырады) І жүргізуші: Оқушылар, сендер бүгін бастауышпен әрі алғашқы ұстаздарыңмен қоштасқалы тұрсыңдар. Келесі сөзді 4 жыл бойы білім берген ұстаздарымызға берейік. Ұстаз сөзі: Қанаттарың қатайды Биікке енді самғаңдар. Білім жолы - сара жол Ізденіңдер, талмаңдар. Оқушыларға дипломдар тапсырылады Ән (хормен). «Бастауышым-балбұлағым» (Бастаушым-балбұлағым, Алдым сенен балдың дәмін. Әріп танып, білім алып, Рахметімді жаудырам. Бастауышым - балқұрағым, Лаулап жансын шам-шырағың. Өзің берген біліміңмен Самғап ұшты тау қыраным. Өтті сенде қызық шағым, Бастауышым - балбұлағым. Қоштасар күн жетті міне, Қимастықпен қол бұлғаймын. 1-жүргізуші: Ал енді 4 «А» сынып түлектерінің орындауында «Қоштасу» вальсін тамашалаңыздар. Хормен: Қош бол, балғын балалық, Қош бол, сүйікті бастауышым!

Осымен біздің қоштасу кешіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет! Қош сау болыңыздар!


№ 54 негізгі мектебі


Ертеңгілік

« Қош бол, білім бастауы-

Бастауышым! »




Өткізген: 4-класс

мұғалімі Раманкулова Ж.К.




2014 -2015 оқу жыл.

© 2010-2022