Әдебиеттік оқу 2 сынып қысқа мерзімді жоспар

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Күні: 02.09 Сабақ -1

Пәні:

Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 2 «б» сынып

Сабақтың тақырыбы:

«Білім керек бәріне»

Жалпы мақсат:

Автордың идеясын таба білуге, шығармадағы ойды талдауға, өздігінен ой қосуға үйрету.

Оқу нәтижелері:

Оқушылар идеясын табуды, мәтінді талдауды, тапсырмалар арқылы өздігінен ой қосуды үйренді.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Оқулық, проектор, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.

Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс: жұппен жұмыс топта талқылау. АКТ қолдану: электронды оқулық. СТО: «Блум таксономиясы»

ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша)

Тапсырмалар

Тапсырма түрлері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының әрекеті

Тапсырмалар жүйесі

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Сыныпты топқа бөлу. Сюжетті суреттер арқылы топқа бөлу. Топ басшыны тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.



  1. Білу

Оқу-білім туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

Оқушылар өздері білетін мақал-мәтелдерін айтып береді.

Тапсырмамен танысу, ойлану.

2) Түсіну.

Оқулықта берілген өлеңмен танысу,түсіндіру.

Автор туралы интертақтадан электронды оқулықтан толық мәлімет беріп кету.

Оқулықпен жұмыс.

Балалар тізбектей оқиды.

Автор туралы не білетіндерін айтады.

Түртіп алу. Дәптерге жазып алу.

Өзіндік жұмыс. Алған мәліметті жүйелейді.

Дәптермен жұмыс істейді. Толықтырады.

Сергіту жаттығуы.

3) Қолдану

«Білім деген байлық бар» атты өлеңді оқып,тапсырманы орындау

-өзіңе үлгі болған адамдарды атап жаз.Ол адам туралы әңгімелеп бер

(Кері байланыс орнату.)

Өлеңді оқып,тапсырманы орындайды, сұраққа жауап іздейді.

Топпен жұмыс. Зерделей отырып өз ойларын постерге түсіреді.

Бірінің білімін бір толықтырады.

4) Талдау.

Өлеңді талдау

Өлеңдегі баланың армандары сияқты өздеріңді мазалаған армандарыңды айтып,өз сыныптастарыңмен бөлісіңдер

(Кері байланыс орнату.)

Оқушылар өз ойларын ой талқыға салады.

Дебат әңгіме жүреді.

Ақынның «Білім керек бәріне» деген өлеңіндегі негізгі ойды ойларына түсіріп айтады.

5) Жинақтау.

Өлең мазмұнына байланысты сурет салу

(Кері байланыс орнату.)

Өлең мазмұнына сай топтаса отыра сурет салады.

Өз бетімен жұмысты орындайды.

Алған білімдерін толықтырып отырады.

Өзара талдайды.

6) Бағалау.

Сонымен білім алуға деген көзқарастарың қандай?

Сендерге өлең ұнады ма?

Осы алған білімдеріңді достарына, ата аналарыңа айтып бере аласыңдар ма?

(Кері байланыс орнату.)

Балалар жауаптарын айтады.

Өзара пікір туады.

Иә немесе жоқ жауаптары айтылады.

Оқушылардың бірін-бірі бағалауы,мұғалімнің бағалауы

Үй тапсырмасы:

Өлеңді жаттап келу.

Рефлексиялық кезең.

Сабақтан алған әсерлерін тақтаға қоңырау кезінде жазып кетеді.


© 2010-2022