Баяндама Аймақтану ғылыми пән ретінде

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Раджанова Жұлдыз Раджанқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

«Зырян қаласының №9 орта мектебі»КММ

Аймақтану ғылыми пән ретінде. Біздің өркениеттік мақсатымыздың бірі - әлемнің ең озық елдерінің даму дәрежесімен терезе теңестіру, дуниежүзілік бәсекеде қатар жүру.
Еліміздегі өзгерістер білім беру жүйесіне де көптеген мақсаттар мен міндеттер жүктеді. Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау, «біз» - деген ұғымды қалыптастыру және өзі туып өскен аймағын тереңірек білуі - негізгі субъект болмақ. Аймақтануды енгізудің барысында пән мұғалімдерінің алдына бірнеше сұрақтар туындайды:

  • Аймақтық компонент нені білдіреді?
  • Мектеп бағдарламасына аймақтық компонент қажет пе?
  • Аймақтың компонентті қолданғанда қандай қиыншылық байқалады?
  • Аймақтық компонентті жаңа технологиялармен қалай байланыстырады?
Жоспар жасағанда, ізденіс жұмыстарын өткізгенде осы сұрақтарды шешу жолдары қарастырылып отырды. Аймақтануды ғылыми пән ретінде енгізудің маңыздылығы: 1. мұғалімдерінің сабақтары мен сыныптан тыс іс- шараларда аймақтық мазмұнда адамзат туралы білімді кеңінен қолдану, гуманистік көзқарасты қалыптастыру, өзін-өзі тануға, жеке тұлғаның өзіндік дамуына жағдай жасау. 2.Педагогтың шығармашылық қабілетін дамыту мен белсенділігін арттыру және оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында,оқу- тәрбие үрдісінде аймақтық компонентте ақпараттық - коммуникативті технологияларды қолданатын мұғалімдердің іс-тәжірибесін тарату. 3. Мектептің әдістемелік қызметіне аймақтық компонентті енгізу арқылы өткізілетін сабақтардың теоретикалық, практикалық материалдардың банкін құру және педагогтардың курстық дайындығында компьютерлік технологияларды қолдану. Мектепте білім беру мазмұнын аймақтандырудың мақсаты:
  • оқушыларға «ҚР Тілдер туралы» Заңын орындауға,азаматтық
тәрбие беруде өткізілетін шараларды нақты және тиімді материалдармен толықтыру;
  • оқушыларды туған өлкеге деген қызығушылығын арттыру;
  • әлеуметтік-табиғи ортамен оқытудың арасындағы байланысқа қол жеткізу;
Тәжірибе көрсеткендей мектепте аймақтық комполнентті енгізудің үш бағытын көрсетуге болады:
  1. Оқушылардың оқу іс-әрекеті.
Бұл жерде аймақтық компонент сабақтың әр түрлі этаптарында,сондай-ақ қолданбалы курстарда (ШҚО тарихы, 10 сыныпта НГБ), мәтінмен жұмыс, шығарма, мазмұндама, диктанттар, рефераттар, пікір, эссе, хабарлама, баяндамалар…
  1. Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті.
Бұл барлық сыныпта қарастырылған сыныптан тыс оқу, оқушының ғылыми жобасы бола алатын іздеу, зерттеу жұмыстары. (Мысалы, оқушылардың жобасы, тақырыптық сынып сағаттары, конференциялар,аймақтың қызықты адамдарымен кездесу) 3. Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті. Үйірмелерге, студияларға, мұражайларға,көрмелерге бару,олимпиадаларға, сайыстарға қатысу, туған жерге саяхат және серуен жасау. Аймақтық компонет ерекшеліктерін ескере отырып, мына ережелерді ұстаған тиімді:
  • қолайлылық ережесін - есте ұстаған жөн, аймақтық компонент көбінесе иллюстациялық қызмет атқарады. Аймақтық компонентті енгізу мемлекеттік білім стандартын бұзбауы керек;
  • Кіріктіру ережесі- аймақтық компонент өз алдына жеке тақырып болып алынбайды, оның ерекшеліктерін ескере отырып, пәнаралық байланыс және кіріктірілген сабақтарда қолдану ұсынылады;
  • шектеу ережесі- аймақтық компонент негізгі материал арасында үйлесімін табуы қажет; аймақтық компонент - негізгі мақсат емес, білім берудің базалық мазмұнына кедергі жасамай қолданылуы қажет;
  • оқушылардың пайымдық іс- тәжірибесіне сүйену ережесі- оқу материалдарымен таныстыруда оқушылардың туған өлке туралы білетін білімдеріне, бақылауларына, әсерлеріне сүйену қажет.
Мектепте аймақтану ғылымын пән ретінде енгізуде оның 3 кезеңін білу керек: 1кезең - адаптациялық -( бұл бейімделу)- бұл кезеңде бірнеше мақсат шешімін табады: а) оқушыларды өздігінен тақырыптық тапсырмаларды орындауға, жергілікті баспа, телевидение мен радио материалдарымен танысуға үйрету. б) оқушыларды жергілікті тілшілердің мақалаларынан ең негізгісін таңдап алуға үйрету ( бірнеше мақала) в) жинақтаған ақпаратын сабақта айта білу. 2кезең- оқу-тәжірибелік - мұғалім басқарушы рөлін бағыт берушіге ауыстырады.Мұғалім жаңа білімді қалыптастыру мен алған білімдерін нығайтуға дидактикалық мәселелерді шешеді. Мұндай тапсырмалар оқушыларға берілген тапсырмаларды өздігінен тексеруге мүмкіндік береді. Оқушы мәселені шеше біліп, даму болашағын көре білуі керек. 3кезең- эвристикалық- бұл зерттеу әдісімен педагогикалық әдістер жиынтығы. Берілген кезеңнің мазмұны: а) оқушыларды оқу бағдарламасы материалдарын ақпараттық хабармен кіріктіруге үйрету б) әр түрлі мәселелер бойынша оқу материалдарын байланыстыруға үйрету. в) оқушының ғылыми шығармашылық жұмысқа шығуы. Білім мазмұнында аймақтық компонентті жүзеге асырудың бірнеше жолдарын белгілеуге болады:
  • Аймақтық компонентті базалық пәндерге енгізу;
  • Аймақтық білім мазмұнын вариативті оқушы компонентінде қолдану;
  • Кіріктірілген факультативті курстар ұйымдастыру;
  • Сыныптан тыс жұмыстар;
  • Мектептен тыс жұмыстар.
Іс-тәжірибе көрсеткендей аймақтық компонентті оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің екі бағыты бар. Бірінші бағыт:- оқушылардың оқып үйрену іс- әрекеті. Бұл жерде аймақтық компонент сабақтың әр кезеңінде немесе толық бір сабақта көрсетіледі. Екінші бағыт:- оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекеті , ұжымдық және жеке іс-әрекеті. Мектептердегі аймақтану пәнін енгізу мұғалімдердің құзіреттілігін арттыруды қажет етеді.

аймақтық компонентті енгізуге ұсынылатын кеңестер: -барлық дербес пәндер бойынша аймақтық компонент енгізу, авторлық және жаңа бағдарламалар жасауды жалғастыру; -аймақтық компонентті тақырыптық жоспарларда қарастыру; -педагогтарды кәсіби жетілдіру мақсатында семинар, сайыстар, тақырыптық апталықтар өткізу; -қазіргі заманғы білім беру технологияларын енгізу, оқушылармен аймақтық компонент материалдарын танымдық және шығармашылық белсендігін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың потенциалын пайдалану, қызықты кездесулер, экскурсиялар, сайыстар, олимпиадалар, викториналар, фестивальдар өткізу; -оқушылармен туған өлке материалдары негізінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыру; -аймақтық компонентті енгізу үрдісінің жүйелі мониторингісін жасау. Білім мазмұнын аймақтандырудың мақсаты: -Оқушыларға азаматтық тәрбие беруді нақты және тиімді материалдармен толықтыру; -Оқушылардың туған өлкемен танысуына қызығушылыққа ынталандыру; -Қоғамдық-табиғи орта мен оқытудың арасындағы байланысқа қол жеткізу; -Оқушыларда туған өлкенің өзіне тән қасиеттері туралы білім жүйесін қалыптастыру, бұл, «кіші отан» тағдырына немқұрайлы емес жеке тұлға ретінде қалыптасуда үлкен рөл атқарады. Білім мазмұнында аймақтық компонентті жүзеге асырудың әдістері -Көппәнділік негізгі, білім берудің аймақтық мазмұнын негізгі пәндерге енгізу және оны жалпы ғылыми білім ,білік, дағдыларын дамытып, тереңдетуге пайдалану.(пәндер бойынша біркелкі бөлу) -Көппәнділік көбейтілген, ( қосымша сағаттар енгізу арқылы). Білім берудің аймақтық мазмұнын вариативті оқушы компонентінде қолдану. Бұл әр түрлі элективтік оқу курстары. Әдебиет, тарих, азаматтану,география, биология, химия,, экология, өнер, және туған өлке табиғаты, халықтық қолданбалы өнер және т.б. -Бір пән бойынша тереңдетілген ( факультативтер)

© 2010-2022