- Преподавателю
- Начальные классы
- Етістік
Етістік
Раздел | Начальные классы |
Класс | - |
Тип | Презентации |
Автор | Алимбетова И.А. |
Дата | 19.03.2014 |
Формат | zip |
Изображения | Есть |
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаттары: оқушылардың етістік туралы алған білімдерін әрі қарай жетілдіру. Оның жасалу жолы мен қойылатын сұрақтары туралы мәлімет беру. Сқйлем ішінен етістікті ажыратып, сөйлемдегі сөзбен байланысын анықтай алу. Етістікке дұрыс сұрақ қоя білу. Берілген тапсырмалар арқылы балалардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Ойын ойнау барысында балалардың шапшаңдылық зейіні мен алғырлық қасиеттерін жетідіру. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, оны қорғауға баулу. Жан - жақты білімдерін кеңейту. Білімге деген қызығушылығын оятып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Сабақ әдісі: сөздік, көрнекілік, сұрақ - жауап, шығармашылық, теріп алу, өз бетімен жұмыс жасау, ой қозғау, дәлелдеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,сурет үлгілері, сызба, ойынға қажетті құралдар, үлестірмелі материалдар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, еңбек, ана тілі
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа зейінін тарту
Оқушыларды 4 топқа бөлу.
І топ «Шеберлер»
ІІ топ «Құрылысшылар»
ІІІ топ «Суретшілер»
IV топ «Тігіншілер»
Әр топ бір зат жасайды. Сол затқа не істеді? Деген сұрақ қояды. Сол сұраққа жауап жазады.
Не істеді? деген сұраққа жауап беретін сөз қай сөз табы?
Етістік нені білдіреді?
1-жаттығу.
І топ І суретке әңгіме құрайды
ІІ топ ІІ суретке әңгіме құрайды
ІІІ топ ІІІ суретке әңгіме құрайды
IV топ ІV суретке әңгіме құрайды.
Күннің ретін жазу. Көркем жазу. Етістіктің түрлерін еске түсірейік, көркем етіп жазайық.
Дара, күрделі. Болымды, болымсыз. Негізгі, туынды.
2-жаттығу.
Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Көл бетінде қалқиды,
Мақта сынды үйілген.
Үні әсем сан қилы,
Мойны да әсем иілген.
Мамығын ол тарайды,
Маңғаздана қарайды.
Етістіктерді терін жаз, оларға сұрақ қой.
Сөйлемді етістіксіз айтып көр. Етістік не үшін керек?
«Қонжықтарға алма жинауға көмектесейік»
Бала
Жүрді
шықты
Көз
көрді
жүрек
3-жаттығу
Сөздерді оқы.
Сөздерді сипатына қарай 2бағанға бөліп жаз.
Ата, ойнады, іні, балық, жинады, қуды, түйе, жарысты, шортан, айтты.
Етістіктер қандай сөз таптарынан жасалған?
4-жаттығу
Берілген етістіктерді қатыстырып, сөйлемдер құрап жаз.
Қонды, ұшты, жауды, секірді, тасыды.
Сөйлемдегі етістіктерге сұрақ қой.
5-жаттығу
6-жаттығу
Дұрысын тап.
Етістіктерге сұрақ қой.
Қорытынды бөлім
Сабақты бекіту.
Бағалау. Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма. «Төрт түлік» тақырыбына әңгіме құра.