Әдебиеттік оқу. 4-сынып Жаралы торғай. Өтебай Тұрманжанов

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 109. Тақырыбы: Жаралы торғай. Өтебай Тұрманжанов.

Мақсаты: Оқушыны Өтебай Тұрманжановтың «Жаралы торғай» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Мәриям Хакімжанованың « Көктем жыры» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқу. Ақын көктемдегі қандай өзгерістерді жырлайды?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Логикалық екпін дегеніміз не?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Жұмбақ шешу. Суреттер топтамасымен жұмыс.

Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе. Өтебай Тұрманжанов - қырыққа жуық кітаптың авторы. Ол балаларға арнап көптеген шығармалар жазған. Оның тақырыптары да әр түрлі. Өтебай Тұрманжановтың «Жаралы торғай» атты өлеңін мәнерлеп оқу. Торғай не үшін ән салуға зауқы болмады? Торғайдың қасына жақындаған кезде, ол не істеді?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Торғайға не болғанын, неліктен ұша алмай қалғанын өзің ойлап айт. Төртінші шумақтағы теңеу сөздерді теріп жаз. Тағы қандай теңеу қосар едің? Осы теңеу сөздерді қолданып, әңгіме құрап көр. Бұл өлеңнің М. Хакімжанованың «Көктем жыры» өлеңінен айырмашылығы бар ма? Қайсысында сюжет бар? ( Жаралы торғай)

ҮІІ. Қорыту. Автордың айтайын деген негізгі ойы қандай?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Мәнерлеп, түсініп оқу. 2. Бағалау.



© 2010-2022